Connect with us

IN-THE-NEWS

Үкіметте апортты жаңғырту бағдарламасы қаралды

Published

on

By

Қазақстанда ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығы апорт сортының алмаларын қайта жандандыру бағдарламасын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2024-2028 жылдарға арналған апортты жандандыру бағдарламасын ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығы басқарады. Ғылыми және әдістемелік қолдау көрсетуді Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институты қамтамасыз етеді. Бағдарламаға жеке инвесторлар мен арнайы тәлімбақ шаруашылықтары да атсалысады.

Министрліктің мәліметінше, бағдарлама шеңберінде алма бақтарын толыққанды коммерциялық өндіріске шығару үшін қажетті көшеттер өсіріледі. Алғашқы кезеңде, 2024 жылы, Сиверс алмасының тұқымдары жиналып, апортты өсірудің ұлттық стандарттарын жасау жобасы басталды. 2025 жылы Талғардағы институттың өңірлік филиалында 10 гектар алқапта көшеттер отырғызылады. Бұл жер тәлімбақ шаруашылықтары үшін аналық баққа айналады.

Келесі екі жылда 100 гектар алқапқа апорт алмасын отырғызу үшін жеткілікті көшет өсіру жоспарланып отыр. Кейіннен апорт өндіру жеке бақ иелерінің арасында кеңейтіледі.

Институттың Талғардағы өкілі Сағи Солтанбековтың айтуынша, Қазақстанда апорт алмасын қайта жандандыру үшін қажетті тарихи және селекциялық база бар.

“Ғалымдар апортты қайта жандандыру жұмыстарын 2011 жылы бастаған болатын. Қазіргі таңда Сиверс алмасының мыңнан астам түрі бар, оның ішінде ДНҚ талдауы нәтижесінде апорттың “қан-қызыл” сұрпын жасау үшін 11 түр іріктелді. Осы сұрыптар 2015 жылы сауықтырылып, 5 гектар жерге отырғызылды. Апортты көбейту технологиясына патенттер алынды. 2015 жылы егілген эксперименттік бақ 2023 жылы алғашқы жемісін берді, жеке жемістің салмағы 300-500 граммға жетті. Биыл біз алты тонна қан-қызыл апорт жинадық”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Вице-премьер Серік Жұманғарин апортты жандандыру бағдарламасын, сонымен бірге қазақстандық алма сортын танымал етуді мақұлдады. Сондай-ақ, аграрлық жоғары оқу орындарының студенттерін осы бағдарламаға қатыстыруды тапсырды. 

Айта кетейік, апорт – ерекше күтімді талап ететін алма сорты. Сапалы жемістер тек теңіз деңгейінен 850-1250 метр биіктіктегі бақтарда ғана өседі. Мұндай жерлер Алматы мен оның маңындағы облыстарда шектеулі. Басқа алма бақтары 4-6 жылда жеміс бере бастаса, апортқа 8-9 жыл қажет. Соған қарамастан, бұл қазақ алмасының сұрыптары жоғары сапасымен жергілікті тұрғындар арасында танымал, ал шетелдіктерді таң қалдырады.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы алма бақтарына иелік ететін “Халықаралық клубтар қауымдастығы” ЖШС өкілдері президенттен қорғауды сұрап жүгінгенін жаздық. Олар прокуратура өздеріне тиесілі жерлердің меншік құқығын жарамсыз деп тануға әрекеттеніп жатқанын мәлімдеді. Шаруалар алматылық апортты өсіріп жатқанын және бұл жерді мақсатты пайдаланып отырғанын айтады. Прокуратура бұл жерлерде су қорларының барын алға тартып, оларды мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санайды. Іс экономикалық сотқа жіберілген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жылға кейінге қалдыруды ұсынды

Published

on

By

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы соғысты тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP/Evan Vucci

Басылым АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне жақын үш адамға сілтеме жасайды. Жоспарға сәйкес, Украина мен Ресей ұзындығы шамамен 1300 шақырым болатын майдан сызығының бойында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім жасасды. 

Трамптың айналасындағылар жоспарлағандай, еуропалық әскерлер бітімгершілік ретінде әрекет етуі керек. Ал америкалықтар бұған қатыспайды, ақша да төлемейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Киев кем дегенде алдағы 20 жылда НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуы керек. Ал АҚШ өз кезегінде Ресейдің ықтимал екінші шабуылын болдырмау үшін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.

Трамп Ресей мен Украина соғысын реттеудің нақты бейбіт жоспарын әлі бекіткен жоқ. Ол кеңесшілердің бұл нақты ұсынысына құлақ аса ма, жоқ па, белгісіз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мейрамбек Беспаев туған күнін дүркіретіп атап өтті

Published

on

By

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Сондай-ақ, өнер иесі былтыр ашқан радиосының бір жылдығын тойлады. Әншінің әріптестері мен Республика сарайына жиналған екі мың адам сүйікті әншісін жекеменшік мерекемен құттықтады. 

Жары Мархабат Беспаева концерт кезінде сахнаға тортпен шығып, отағасына елдің көзінше тосынсый жасады. 

“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев. 



Айта кетейік, өнер иесі жақында қызды болып, Айзия деп қызына ат қойған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деп жазған еді өнер иесінің жұбайы.  

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сенатор елде футбол туралы заң қабылдауды ұсынып, ел чемпионатының әділдігіне сенімсіздік танытты

Published

on

By

7 қарашада сенатор Дархан Қыдырәлі қазақ футболының мәселесін көтеріп, елде футболға қатысты заң қабылдауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат 

Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында Қазақстан футболына шетелдік легионерлерді тарту, қаржыландырудың ашық еместігі және төрешілердің матч нәтижелеріне қатысты даулы шешімдері мәселелерін қозғады. Оның айтуынша, клубтарды қаржыландыру мен легионерлерге жоғары жалақы төлеу мәселелері айтылмайтын тақырып, бұл қаржының тиімді бөлінуіне бақылауды қиындатады.

“Еуропаның топ құрамаларының бапкерлерінің біразынан көбірек жалақы алатын ұлттық құрама бас бапкерінің айлығы құпия. Көпшілігі жергілікті бюджетке байлаулы футбол клубтарындағы легионерлердің айлықтары да ашық айтылмайды. Көптеген мемлекеттерде футболға қатысты арнайы заң қабылданған. Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар”, – деді сенатор.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қыдырәлі “Атырау-Ақтөбе” және “Атырау-Астана” командалары арасындағы соңғы матчтар туралы төрешілерінің шешімдері қоғамда үлкен дүмпу туғызғанын атап өтті. Алайда бұл жағдайларға қатысты қатаң шаралар қабылданбады, бұл ұлттық чемпионаттың әділдігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, Футбол федерациясы қазақстандық төрешілер мен жаттықтырушыларды дайындауды белсенді түрде қолдауы тиіс, өйткені қызмет ететін 155 төрешіні оқыту деңгейі жоғары стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл Қазақстанның әлі де әлемдік турнирлерге төрешілер шығара алмай отырғанын және олардың біліктілігін арттыру қажеттігін көрсетеді.

“Бір кездері бізбен деңгейлес болған, қазір командалары Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүрген Грузия, Өзбекстан сияқты елдер балалар футболын қолдау, мамандар даярлау, инфоқұрылымды дамыту, бірыңғай жүйе қабылдау, футбол алаңдары мен стадиондар салу арқылы нәтижеге жеткені белгілі”, – деді сенатор.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің жалақысын жариялаудан бас тартқанын хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!