Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 10 жол учаскесі жабылды: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды

Published

on

By

Қазастанның 5 облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар 10 жол учаскесі жабылып, қозғалыс шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: pixabay.com

Қазавтожолдың дерегі бойынша, жолдар Актөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарында жабылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында 8 (7172) 70-41-14 нөмірі бойынша және Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8(7162) 52-09-50 нөмірі бойынша тегін желі телефоны ашылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Төтенше ескертулер мен ауа райының бұзылуы кезінде министрлік мына ұсыныстарға назар аударуды сұрайды: 

ұзақ сапарлардан аулақ болу; ауыл тұрғындарына ұзақ жаяу сапарлардан және елді мекендерден тыс шығудан бас тарту; жолдар жабылған жерлерде көлік құралдарының тығыздығын тудырмау; мүмкіндік болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол жиегіндегі кафелерде болу. Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео) “Боран болып, қар жауады”: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Еске салайық, бұған дейін Астанада боранның кесірінен бастауыш оқушылары қашықтан оқитынын жаздық. Астананың білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшетінін ескертті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды

Published

on

By

Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен балуандар марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сол жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Жиынға күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпаз Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.

“Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды

Published

on

By

107 жастағы Чэнь есімді әйел ерекше келбеті арқасында Қытайдың Douyin әлеуметтік желісінде танымал болды. Оның маңдайында эпителий жасушаларынан түзілген конус тәрізді 10 сантиметрлік өсінді өсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NYP

Бастапқыда мүйіз кішірек болған және бірнеше жыл ішінде осындай мөлшерге жеткен. Чэньнің айтуынша, оның пайда болуы мүлдем қолайсыздық тудырмайды. Ол жасына қарамастан денсаулығына, тәбеті мен көңіл күйіне жақсы қарап жүр.

Douyin қолданушылары Чэньнің ұзақ өмір сүруінің құпиясы дәл осы мүйізде деп әзілдейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дәрігерлер мұндай өсінділерді тері мүйізі деп атайды. Мұндай ісіктердің адам денсаулығына қатері жоқ. Дегенмен уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупі бар деді мамандар. Өкінішке қарай, олардың пайда болу себебі әлі анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келгенін жаздық. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Nissan мыңдаған қызметкерлерін жұмыстан шығарып, өндірісті қысқартып жатыр

Published

on

By

Жапонияның Nissan Motor компаниясы шығындарды үнемдеудің түрлі шарасын қарастырып жатыр. Осылайша 9000 мың қызметкерді жұмысынан қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: autogoda.ru

Nissan Motor компанясы биыл екінші жыл қатарынан өзінің толық жылдық болжамын қысқартып, Қытай сияқты ірі нарықтардағы қиындықтармен күресіп жатыр. Сондай-ақ автокөлік өндіретін компания әлемдік өндіріс қуатын 20%-ға қысқартатынын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бұл шаралар компания қызметкерлерінің қысқарғанын білдірмейді. Nissan барынша тиімді және тұрақты болу үшін бизнесін қайта құрылымдайды. Сонымен қатар бизнес ортадағы өзгерістерге тез бейімделіп, икемді болу үшін менеджментті қайта ұйымдастырады”, – дейді бас директор Макото Учида.

Ixbt басылымының мәліметінше, компания қаржылық жылдағы операциялық пайда болжамын 974,98 миллион долларға дейін төмендетті. Шілде-қыркүйек кезеңіндегі операциялық пайда өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға кеміді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!