Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда жыл басынан бері 21 судья істі қарау кезінде заң бұзған

Published

on

By

7 қазанда сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова судьялар тарапынан заң талаптарын бұзу жөнінде деректермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сисенованың сөзінше, судьялар тарапынан сот ісін қарау кезінде заң талаптарын бұзу көбейген. 

“2024 жылдың 9 айында нақты сот ісін қарау кезінде 21 судья заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Былтырғы осы кезеңде 9 судья жазаланған еді. Яғни бұл көрсеткіш 9 айда екі жарым есеге жуық өсті”, – деді Сисенова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар Нұрия Сисенова судьялар үшін жауапкершілік күшейтілгенін қосып өтті. Мысалы, 1 қазаннан бастап нақты істі қарау кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартудың жаңа механизмі енгізілген. 

“Судьяларда ерекше мәртебе болғандықтан, жауапқа тарту да ерекше мәртебеге ие болады. Оған сәйкес екі шарт болуы керек, яғни судья заңды өрескел бұзуы қажет. Екіншісі – бұл заңбұзушылық туралы жоғары инстацияның құжатында көрсетіліп, ұжымдық құрам қол қояды”, – деп қосты ол. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ресейдің үш қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылады

Published

on

By

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларында этникалық қазақтар тұратын жерлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын үш бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Ресейдің кейбір қалаларында: Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытты”, – деп атап өтті Лавров Астанада өткен брифингте.

Ресейде қазірдің өзінде қазақ тілін оқыту жүзеге асырылып жатыр. Бұл этникалық қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі. 2021 жылғы санақ нәтижелері бойынша Ресейде 591 мыңнан астам қазақ тұрады. Олардың көбі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, қазір қазақ тілі Алтай мен Омбы облысының мектептерінде оқытылады. Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік тілі Омбы облысының 11 мектебінде міндетті пән ретінде саналады.



Еске салайық, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінде қазақ-орыс мектептерін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте мемлекет басшысы Ресеймен шекаралас аудандарда да осындай мектептер ашуға мүдделі екенін жеткізді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды

Published

on

By

Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен балуандар марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сол жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Жиынға күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпаз Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.

“Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды

Published

on

By

107 жастағы Чэнь есімді әйел ерекше келбеті арқасында Қытайдың Douyin әлеуметтік желісінде танымал болды. Оның маңдайында эпителий жасушаларынан түзілген конус тәрізді 10 сантиметрлік өсінді өсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NYP

Бастапқыда мүйіз кішірек болған және бірнеше жыл ішінде осындай мөлшерге жеткен. Чэньнің айтуынша, оның пайда болуы мүлдем қолайсыздық тудырмайды. Ол жасына қарамастан денсаулығына, тәбеті мен көңіл күйіне жақсы қарап жүр.

Douyin қолданушылары Чэньнің ұзақ өмір сүруінің құпиясы дәл осы мүйізде деп әзілдейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дәрігерлер мұндай өсінділерді тері мүйізі деп атайды. Мұндай ісіктердің адам денсаулығына қатері жоқ. Дегенмен уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупі бар деді мамандар. Өкінішке қарай, олардың пайда болу себебі әлі анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келгенін жаздық. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!