Connect with us

IN-THE-NEWS

Сот алқасының төрағасы есірткі жасырушыларға қатысты жазаның жеңілдемейтінін айтты

Published

on

By

Жоғарғы сот азаматтар істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сенат кулуарында есірткі жасырушыларға қатысты жаза жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Сенат отырысынан кейін журналистер Шәріповтен есірткі жасырушыларға қатысты жазаның қатаңдығы жайлы сұраған. Өз сөзінде сот алқасының төрағасы президенттің тапсырмасымен осы тектес қылмыстарға жазаның күшейтілгенін айтты. 

“Иә, көбіне жастардың ұсталатыны рас, олар түрмеден қандай адам болып шығады? Енді қарсы сұрақ қояйын: олар жастардың арасында есірткі таратып жүр ғой, жастарды ауыр әрі емделмейтін затқа тәуелді етіп, елдің болашағына үлкен зиянын тигізуде. Бұл адамдарды кім ойлайды?” – деді Шәріпов.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ бұл мәселеге келгенде бақылау мен тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті. 

“Жазаны қатаңдата отырып, мемлекет мұндай қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуі керек. Қылмысты біле тұра жасайды, жайдан-жай кездейсоқ адам синтетикалық есірткіні жасырушыға айналмайды. Олар 10-15 жылға сотталады, мұның аз емес екенімен келісемін. Бірақ осыны біле тұра қылмысқа барады. Оның үстіне біз оларды ғана емес, уланып жатқан адамдарды да ойлауымыз керек”, – дейді ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады: Алдағы уақытта не өзгереді

Published

on

By

7 қарашада сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. Заң қабылданса, елдегі сот жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Жоғарғы сот мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және қылмыстық істер бойынша дербес кассация енгізіледі. Кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі алып тасталады. Сәйкесінше азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.

“Сот ісін жүргізудің барлық түрлеріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізілуде. Әкімшілік істерге ұқсас, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау мерзімі қисынды мерзімде, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мұнымен қоса 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша жеке тұлғалардың талап қою сомасы 2 мың АЕК-тен төмен және заңды тұлғалардың талап қою сомасы 30 мың АЕК-тен төмен болуы керек деген талап алып тасталады. Бұл өзгеріс қылмыстық құқық бұзушылықтар және ұсақ қылмыстарға да қатысты болмақ.

Әкімшілік істер бойынша сот шешімі апелляциялық шағымнан кейін заңды күшіне енеді.

Сонымен қатар 2025 жылдың 1 наурызынан бастап “әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық” енгізіледі. Мұнда жауапкер әкімшілік орган болмақ. Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді делінген.

“Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу әрі қорыту болмақ”, – делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қытайдағы төмен сатылым мен техникалық ақауға байланысты BMW компаниясының табысы төмендеді

Published

on

By

Неміс автоөндіруші BMW компаниясының 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы табысы 61%-ға төмендеді. Оған Қытайдағы әлсіз сатылым мен бірқатар модельдердегі техникалық ақаулар себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: wallhere.com

BMW үшінші тоқсанда 1,7 миллиард еуро пайда тапқанын хабарлады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл 4,35 миллиард еуро болған. 

Сарапшылар операциялық пайдадан 1,8 миллиард еуро күткен. Топ акцияларының саудасы 3%-ға төмен ашылды. Компания Қытай нарығындағы жағдайдың “қиын” болып қалатынын айтты.

Агенттік мәліметінше, қыркүйекте BMW тежегішінде ақау пайда болған. Сол себепті көлік кері қайтарылып, бұл жағдай 1,5 миллионнан астам көлікке әсер еткені. Сонымен бірге компания шамамен 320 мың автокөлікті жеткізу кешіктірілгенін атап өтті.

30 қазанда Financial Times (FT) неміс автоөндіруші Volkswagen-нің (VW) тоқсандық таза кірісі Қытайдағы сату көлемінің төмендеуіне байланысты 64%-ға төмендегенін хабарлады.

Шілдеден қыркүйекке дейін компанияның таза пайдасы 1,57 миллиард еуроға дейін төмендеді (өткен жылы бұл көрсеткіш 4,34 миллиард еуро болған). Автоконцерннің кірісі 78,5 миллиард еуроға дейін (0,5%-ға) азайған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Компания 2024 жылы операциялық кірісті шамамен 18 миллиард еуро болады деп болжайды. Бұл 5,6% пайда маржасына сәйкес келеді.

Өткен жылдың тоғыз айында Қытайдағы көлік сатылымы жергілікті брендтердің бәсекелестігі салдарынан 12%-ға төмендеді. Батыс Еуропада да сату көлемі 1%-ға төмендеді.

22 тамызда BMW алғаш рет Еуропадағы электромобильдер сатылымы бойынша Tesla-ны басып озғаны белгілі болды. Сарапшылар 2024 жылдың шілде айындағы деректерді есептеп шықты. Олардың айтуынша, BMW электромобильдерінің Еуропалық Одақтағы сатылымы шамамен үштен біріне өсіп, 14 мың 869 дана болды. Осы кезеңде Tesla сатылымы 16%-ға төмендеп, 14 мың 561 дана болды.

Tesla жыл басынан бері жеткізілімдер бойынша көшбасшы болды, яғни 178 мың 700 бірлік BMW 97 мың 525-ке қарсы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді

Published

on

By

QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.

QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.

Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.

Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.

Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды. 

Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.

Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.

2. Satbayev University – 89-орын.

3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.

4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.

6. КИМЭП университеті – 269-орын.

7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.

8. Narxoz University – 345-орын.

9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.

10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.

11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.

12. “Тұран” университеті – 751-800-орын.

13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!