Connect with us

IN-THE-NEWS

Мейрамбек Беспаев туған күнін дүркіретіп атап өтті

Published

on

By

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Сондай-ақ, өнер иесі былтыр ашқан радиосының бір жылдығын тойлады. Әншінің әріптестері мен Республика сарайына жиналған екі мың адам сүйікті әншісін жекеменшік мерекемен құттықтады. 

Жары Мархабат Беспаева концерт кезінде сахнаға тортпен шығып, отағасына елдің көзінше тосынсый жасады. 

“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев. 



Айта кетейік, өнер иесі жақында қызды болып, Айзия деп қызына ат қойған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деп жазған еді өнер иесінің жұбайы.  

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қалада тышқандар қаптап жүр: Астана әкімі жағдайды түсіндірді

Published

on

By

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада тышқандар қаптап жатқаны туралы түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Тышқандар, егеуқұйрықтар тек көктем мен жазда қаптап кетеді деген мәселеге келсек, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ерте көктемде бастаймыз, жұмыс жыл бойы жалғасады. Биыл өткен жылдарға қарағанда көп болды деп ойламаймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдарды көріп отырмыз”, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек “Байқоңыр” ауданы тұрғындарымен кездесу барысында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ, қала басшысы жәндіктермен күреске бөлінетін қаржы көлемінің азаймайтынын айтты.

“Қала өсіп, тұрғын үй кешендерінің саны артып келе жатқанын ескерсек, бөлінетін сома ұлғаяды. Қанша сома екенін дәл қазір айта алмаймын, кейін жеткіземін”, – деп толықтырды ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Қазақтелекомның” бизнеске арналған 4 жаңа бұлтты сервисін іске қостық

Published

on

By

Қазақтелеком BTS Digital компаниялар тобына кіретін “Ақылды қалалар” ЖШС серіктесіменбірлесіп, отандық 4 бұлтты сервисін іске қосты. Бұл шешімдер отандық компаниялар мен мемлекеттік органдарға деректерді басқаруды жеңілдетіп, ресурстарға кететін шығын меншетелдік провайдерлерге тәуелділікті азайтуға көмектеспек. Телекоммуникация операторы жаңақызметтің барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін болашақ пайдаланушыларғатаныстырды. Aitu.Cloud Day жаңа сервисінің тұсаукесері аясында сала мамандары қызметтердісынақ ретінде пайдалану үшін 20 000 және 100 000 теңгеге арнайы промокодтар алды.

Қазақтелеком барлық жаңа 4 сервисін Aitu.Cloud сауда маркасымен нарыққа ұсынды. Kubernetes as a Service контейнерленген қосымшаларды шапшаң басқаруға мүмкіндік берct, Compute Cloud өнімділігі жоғары есептеу қуатын қамтамасыз етеді. S3 Object Storage масштабталатын мұрағаттарды құру мүмкіндігімен үлкен көлемдегі деректердің берік сақталуына кепілдік береді, ал Database as a Service бизнесті жеке қызметтерді іздеп, пайдалану қажеттілігінен босатып, дерекқорлармен жұмыс істеуді оңтайландырады.

Барлық қызметке ismet.kz бизнес платформасы арқылы қосылуға болады, бұл компанияларға қажетті қызметтерді өз бетінше таңдап, конфигурациялауға мүмкіндік береді. Осы aitu.cloudплатформасы мен бұлтты басқару тақтасының көмегімен пайдаланушылар ресурстарды оңтайлыбасқарып, тұтыну туралы есептер алады, әрі қызмет конфигурацияларын қосып, өзгерту де оңай. Интуитивті интерфейс бұлттық қызметтермен жұмыс істеу үшін барлық қажетті құралдарға ыңғайлы және жылдам қол жеткізбек.

“Сервис сапасын жоғары деңгейде ұстаумен қатар, қазақстандық компанияларға қазіргі заманталабына тез, әрі тиімді бейімделуге мүмкіндік беретін жаңа әзірлемелерді енгізу маңызды. Біздің жаңа бұлттық қызметтеріміз осы Стратегияның негізгі элементі болып табылады және олар бизнеске цифрлық трансформация процестерін жеделдетіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетініне сенімдімін. Қазір сервистерді іске қосудың басында біз компанияларға оларды “біріктіруді” және қосымша сервистерді пайдаланып, дамытудың ыңғайлы тәсілдері жөніндеөз пікірлерін сұрадық. Біз барлық түсініктемелерді қарастырамыз және оларды сервистерімізді дамыту үшін барынша пайдаланамыз деп уәде беремін”, – деп атап өтті “Қазақтелеком” АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.  

Жаңа қызметтер жеке компанияларға да, мемлекеттік құрылымдарға да бағытталған, бұл оларға ресурстарды үнемдеп, жергілікті ұйымдар үшін өте маңызды деректердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайтады, әрі ел ішіндегі деректерді бақылауды күшейте түспек. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсетудің және ресурстар кеңеюініңартықшылықтары бұл шешімдерді операциялық шығынның төмендеуін қалайтын компаниялар үшін өте қолайлы етеді.

“Бұл бұлтты сервистер қазақстандық бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Қазақтелекомның сенімді инфрақұрылымы олардың жоғары өнімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Біз бұлтты шешімдерге сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз және өнімдеріміз бұл сұранысты барынша тиімді қанағаттандыруға арналған”, – деп атап өтті “Қазақтелеком” АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры Марат Әбділдабеков.

Осы сервистерді әзірлеуде “Ақылды қалалар” ЖШС – “Қазақтелекомның” серіктесі болыптабылады. Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы цифрландыру үдерістерін жеделдететін шешімдердіқұрып, енгізуге бағытталған. Жергілікті инфрақұрылымға негізделген қызметтер тұтынушыларғабейімделу және қауіпсіздік тұрғысынан айтарлықтай артықшылықтар береді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазақтелекоммен арадағы әріптестігіміз қазақстандық экономиканың дамуына ықпал ететінжәне шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті төмендететін цифрлық шешімдер жасауғабағытталған. Біз бұл сервистер бизнеске өзінің цифрлық активтерін басқаруда неғұрлым икемді жәнетиімді болуға көмектесетініне сенімдіміз”, – деп атап өтті “Ақылды қалалар” ЖШС Бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

Тұтастай алғанда, барлық жаңа қызметтер компанияларға цифрлық өнімдері мен деректерінкеңейтіп, тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл қызметтердің түп тамырында тұрған технологияларбизнестің нақты міндеттерін оңай басқарып, жедел өзгерістерді қамтамасыз етеді. 

“Қазақтелеком” – еліміздегі ең ірі дата-орталықтар желісіне ие Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясы. Виртуалды серверлер мен виртуалды деректер орталықтарын жалға алу, Anti-DDoS және басқа қауіпсіздік қызметтері, сондай-ақ виртуалды хостинг, домендік атаулар, ақылды телефония сияқты бұлтқа негізделген бизнес шешімдерін ұсынады. Компанияның деректер орталықтары базасында іске асырылған қызметтер мемлекеттік және банктік құрылымдар, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері үшін кез келген күрделі жобаны өрістетуге мүмкіндік береді. Бүгінде оператордың деректер орталықтары мемлекеттік компаниялар, ірі отандық және шетелдік бизнесті таңдайды. “Қазақтелекомның” деректерді өңдеу орталықтарында Google, Facebook, Akamai, Youtube, Megogo, Wargaming және т. б. сияқты алпауыт компаниялардың инфрақұрылымы орналасқан.

“Ақылды қалалар” ЖШС – BTS digital компаниялар тобына кіреді. Бүгінде компаниялар тобы бірқатар ауқымды әлеуметтік маңызды жобаны сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде Digital ID цифрлық сәйкестендіру, Aitu Passport, Aitu superapp платформасы, жедел төлемдер жүйесі және e-Otinish сервисібар.

ismet.kz – Қазақстан кәсіпкерлеріне серіктестер іздеуге, тауарлар мен қызметтерді өркендетіп,АТ-ресурстарын басқару құралдарын ұсынатын, бизнесті дамытуға арналған.

“Қазақтелеком” платформасы. Бұл толыққанды В2В маркетплейсі, онда кәсіпкерлер өз бизнестерін нөлден бастап құра алады немесе оны әртүрлі қызметтер арқылы өңдей алады. Негізгі құралдардың бірі – Ismet Partner, онда 100-ден астам компания клиенттік базаны кеңейтуге және сенімді серіктестерді табуға тіркелген. Барлық пайдаланушылар ЭЦҚ-мен міндетті тексеруден өтеді, бұл мәмілелердің қауіпсіздігі мен ашықтығына кепілдік береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматылық әйел зорлықтың құрбаны болғанын айтты

Published

on

By

Алматылық әйел қалай зорлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: klev.club

Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюрода өткен брифингте Алматы тұрғыны маусым айында зорлау әрекеттінің құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол осы жылдың 8 маусым күні мектеп бітіргеніне 20 жыл толуын бұрынғы сыныптастарымен бірге атап өткен. Оқиғадан кейін әйел таңертең үйіне мас күйінде оралған. Айтуынша, ол үйге таксимен келген, бірақ үйге келгенде есіктің кілті жоқ екенін білген. Сосын жол жиегінде сүрініп, есінен танып қалған.

“Келесі күні таңертең белгісіз ер адаммен жалдамалы пәтерде ояндым. Ол менің рұқсатымсыз менімен жыныстық қатынасқа түскен. Мен неге полиция шақырмағанын сұрадым. Ол ұйықтап қалғанда мен қашуға тырыстым, бірақ ол мені жібермей, тағы екі рет зорлық жасады. Мен кетіп қалдым, ол алтын бұйымдарымды ұрлап алды. Түрксіб полиция бөліміне арыз жазуға бардым, бірақ олар арызымды қабылдамады. Олар жай ғана бейнебақылау камераларына қарады, олар менің үйдің жанында қалай құлағанымды және тоғыз минуттай ес-түссіз жатқанымды көрсетті. Сосын бір көлік тоқтап, жүргізушісі мені ес-түссіз күйде көлігіне отырғызып әкеткен”, – дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, оның ісі үш апта бойы тергелмеген. Осы уақыт ішінде әйел өзі зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалдамалы пәтерді өз бетінше тауып, айғақ ретінде – төсек-орын жабдықтарын жинап үлгерген. Пәтердің иесі әйелге сол күні такси жүргізушісі пәтерін жарты күнге жалға алғанын да айтқан. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әйел полицияның алғашында зорлау дерегі жоқтығын алға тартып, арызды тек ұрлық фактісі бойынша қабылдағанын да атап өтті. Жәбірленуші мемлекеттік қорларға және БАҚ-қа хабарласқан соң ғана, тергеушілер зорлау фактісін тексере бастаған.

Полицияның мәліметінше, 4 қараша күні аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!