Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазан айында Ұлттық қордан 641 миллиард теңге шығарылған

Published

on

By

Қазақстанда қазан айында Ұлттық қорға 256 миллиард теңге түсіп, одан 641 миллиард теңге игерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Ұлттық қордың көлемі бір айда 31,37 триллион теңгеден 30,9 триллион теңгеге, яғни 385 миллиард теңгеге немесе 1,3%-ға қысқарды.



Жалпы он айда Ұлттық қорға 5,8 триллион теңге түсті. Оның ішінде мұнай секторынан түскен салық түсімдері 3,2 триллион теңге, инвестициялық кіріс 2,5 триллион теңге болды. 

Сонымен қатар, салық түсімдері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға, 2022 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға азайған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұл ретте Ұлттық қордан 4,67 триллион теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер түрінде (республикалық бюджет тапшылығын жабуға) – 2 триллион теңге, нысаналы трансферттер түрінде (әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға) – 2,659 триллион теңге жұмсалды.

Нәтижесінде Ұлттық қордың қаражаты қазан айының соңында 30,9 триллион теңге болып, жыл басынан бері 3,7%-ға өсті. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатқанын мәлімдеген едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар анықталды

Published

on

By

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында сынға түсетін қазақстандық зілтеміршілер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

2024 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Қазақстанның ерлер командасы бұл чемпионатқа толық құрамда қатысады. Қазіргі уақытта Қазақстандық зілтеміршілер Алматы облысының жаттығу базасында дайындалып жатыр. Назарларыңызға дүбірлі додада ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:

1.Ақмолда Сайрамкез (67 келі дейін)

2.Александр Уваров ( 81 келіге дейін)

3.Алексей Чуркин ( 81 келіге дейін)

4.Денис Уланов ( 89 келіге дейін)

5.Денис Полубояринов ( 89 келіге дейін) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

6.Кирилл Староверкин ( 96 келіге дейін)

7.Нұрғиса Әділетұлы ( 96 келіге дейін)

8.Артем Антропов ( 102 келіге дейін)

9.Андас Самарқанов ( 109 келіге дейін)

10.Мейрам Сұлтан ( 109 келіге дейін)

Айта кетейік,өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы толық құрамда өнер көрсетпей, жүлдесіз қалған еді. Бұған бірқатар қазақстандық спортшының допинг ережелерін бұзғаны себеп болды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды

Published

on

By

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Ұлыбритания үкіметінің ресми сайты Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкциялар аясында 56 жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеулер енгізілгенін хабарлады.

Бұл 2023 жылдың мамыр айынан бергі ең үлкен санкциялар пакеті, оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар.

Ұлыбритания Қазақстандағы мынадай компанияларға санкция салған:

– “TawKZ” ЖШС (өнеркәсіптік мойынтіректерді, құралдар мен жабдықтардың бөлшектерін шығарумен айналысады);

– “Рабадазия” ЖШС (көтерме сауда, компания шетелдік жеке тұлғаға тиесілі); READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– “CPS Energy” (қалалық электр энергетикасы кәсіпорны);

– “Запчаст-Трейд” (автомобиль бөлшектерін көтерме саудамен айналысады);

– “Kazstanex” ЖШС (машина жасау саласында әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндірумен және жеткізумен айналысады);

– “Stanex Group” (өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді).

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды

Published

on

By

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің “телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді. Сондай-ақ, белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде “Tik-Tok” әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын” әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді” деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ, белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.


“Экс-полицей үйлеріне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан”: Алматы облысында 19 жастағы жігіт анасына араша түскені үшін 3 жылға сотталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!