Connect with us

IN-THE-NEWS

Әлемдегі ең әдемі мысық анықталды

Published

on

By

Норвегияның Осло қаласында өткен Бүкіләлемдік мысықтар көрмесінде әлемдегі ең әдемі мысық анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polskieradio.pl басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

. Фото: life.ru

БАҚ мәліметінше, бакарди есімді мысық әлемдегі ең әдемі деп танылды. Бүкіләлемдік көрмеге Польшаның Гданьск қаласынан ресейлік көк тұқымды бакарди әкелінді. Ол зарарсыздандырылған мысықтар үшін арнайы номинациямен марапатталды.

“Ит пен мысық етін қуырып үйренгенбіз”: Саша Барон тағы Борат кейпінде сұхбат беріп, қазақстандықтарды ашуландырды “Қазақстанда спорт залда уақыт өткізсе, америкалықтар ит-мысықты серік етеді”: Әлем елдері лудоманиямен қалай күреседі READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әлемдегі ең үлкен көрмені Халықаралық мысықтар федерациясы өткізді. Финалда мың жарым мысықтың арасынан 34 жеңімпаз таңдалды.

Екі жүлдені португалиялық Хосе Диастың үй жануарлары – Sweet Dreams және Lisiana лақап аты бар парсы мысықтары иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Әлемдегі ең әдемі ер адамның кім екені анықталған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды

Published

on

By

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің “телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді. Сондай-ақ, белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде “Tik-Tok” әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын” әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді” деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ, белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.


“Экс-полицей үйлеріне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан”: Алматы облысында 19 жастағы жігіт анасына араша түскені үшін 3 жылға сотталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қалай абаттандырылып жатыр

Published

on

By

Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның аясында жайлы демалыс орындары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мұның бәрі қала тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру үшін жасалады. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.

Кешенді жұмыс қаланың әр ауданында гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, саябақтар болуы үшін полицентрлік қағидаты бойынша жүргізіледі.

Мысалы, Байқоңыр ауданында 60 аула мен 13 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, оның 8-і бос жерде орналасқан, оның бесеуінде кешенді абаттандыру жүргізілді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұрын бос тұрған учаскелер қазір абаттандырылған аймаққа айналды: жасыл желектер отырғызылды, көше жиһаздары мен жарықтандыру орнатылды, бұл қала тұрғындарының демалуы үшін жайлылық жасайды. Абаттандыру процесінде қаланың шетіне де ерекше назар аударылады.

С.Торайғыров көшесі, 2 мекенжайына іргелес аумақта, Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында, Өндіріс елді мекеніндегі Құрманғазы көшесінде, “Қоянды” саяжай алабында, Кирпичный елді мекеніндегі Көксеңгір көшесінде, Қазқалашық елді мекеніндегі Қарақұм көшесінде, Мұнайшылар елді мекеніндегі Әл-Фараби көшесінде, Өндіріс елді мекеніндегі Тайбурыл көшесінде тұрған бос жерлерге жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылды. Мұнда демалуға арналған тыныш орындар, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорт аймақтары бар. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.

Астананың барлық ауданы жөндеу-қалпына келтіру жұмысымен қамтылды. Келесі жылы аулалар мен қоғамдық орындарды (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер белгілі болды

Published

on

By

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің қатері бар аймақтар қатарына Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі кірген. Яғни, Алматы қаласынан бөлек Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстары жерасты дүмпулері болуы мүмкін өңірлер ретінде танылған.

Ал, бір ай бұрын ғана 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелген Қарағанды мен дүмпу болған Қостанай облыстары қауіпті аймақтар тізімінде жоқ. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жер сілкінісінен кейін Есік тұрғындарына әуе дабылы мен радиациялық қауіп туралы ескерту келді


“Әрбір тұрғын өз-өзіне жауапкершілікпен қарап, сақтану шараларын білуі қажет. Мысалы, Алматы қаласының өзінде сейсмикалық жаттығулар өтеді. Сондай жаттығуларға бей-жәй қарамай, жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін біліп жүруі тиіс. Өзінің тұратын жеріне жақын қауіпсіз орындарды белгілеп, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сондай қауіпсіз орындарды паналаған жөн”, – дейді орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы Жансая Досымбекова.

Еске салсақ, осыған дейін Алматылықтарды 6 қарашада жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат қорқытқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!