Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді

Published

on

By

QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.

QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.

Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.

Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.

Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды. 

Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.

Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.

2. Satbayev University – 89-орын.

3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.

4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.

6. КИМЭП университеті – 269-орын.

7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.

8. Narxoz University – 345-орын.

9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.

10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.

11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.

12. “Тұран” университеті – 751-800-орын.

13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тараздағы университеттер көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған

Published

on

By

Таразда ірі оқу орындарының бірінде көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Шетелдіктер жалған құжатпен студент ретінде тіркеліп, бір жыл бойы ел аумағында еркін жүрген. Алайда, студент ретінде тіркелгендер құрылыста жұмыс істеген.

Дулати атындағы Тараз университетінде Өзбекстанның 19 азаматы студент ретінде тіркелген. Шетелдіктердің барлығы қаладағы құрылыс алаңдарында жұмыс істегені анықталды. Шын мәнінде олар студент болмай шықты. Мигранттарды заңдастырудың осындай схемаларын Тараздағы бір емес, бірнеше оқу орындары қолданған. Тәжікстаннан тағы алты азаматы басқа университеттер мен колледждерге оқуға түскен. Дегенмен, олар сабаққа бармағаны үшін оқудан шығарылды.


Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған екі шетелдік ұсталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Дулати университетіне мигранттарды тіркеген қызметкер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әрекетсіз деп танылған көші-қон қызметінің қызметкерлері де жазаланды.

“Мониторинг барысында уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған 180 шетелдік анықталды. Осылайша, еңбек мигранттарының кедергісіз тұруына және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңсыз тіркеудің күші жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – дейді Тараз қаласы прокуратурасының прокуроры Асылхан Әбітбеков.

Еске салсақ, осыған дейін желіде алаяқтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған парақша ашып, құжат жасағаны туралы жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Әлімхан Сыздықов Армениядағы әлем чемпионатында топ жарды.  Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде кезекті қазақ балуаны жарыс жеңімпазы атанды. Париж олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынап, қарсылас шақ келтірмеді. Отандасымыз финалда ирандық балуанға қарсы белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Сыздықов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлдені салды. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын және грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Каратэден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Published

on

By

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын спортшыларымыз анықталды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің ең үздік 20 командасы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ұлттық құрамана сапындағы 8 каратэші ел намысын қорғайды. Олар: Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек.

Қазақстан құрамасы C тобында АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларымен бірге жарысқа түседі. Топтан тек екі команда ғана ширек финалға жолдама алады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!