Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматылық әйел зорлықтың құрбаны болғанын айтты

Published

on

By

Алматылық әйел қалай зорлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: klev.club

Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюрода өткен брифингте Алматы тұрғыны маусым айында зорлау әрекеттінің құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол осы жылдың 8 маусым күні мектеп бітіргеніне 20 жыл толуын бұрынғы сыныптастарымен бірге атап өткен. Оқиғадан кейін әйел таңертең үйіне мас күйінде оралған. Айтуынша, ол үйге таксимен келген, бірақ үйге келгенде есіктің кілті жоқ екенін білген. Сосын жол жиегінде сүрініп, есінен танып қалған.

“Келесі күні таңертең белгісіз ер адаммен жалдамалы пәтерде ояндым. Ол менің рұқсатымсыз менімен жыныстық қатынасқа түскен. Мен неге полиция шақырмағанын сұрадым. Ол ұйықтап қалғанда мен қашуға тырыстым, бірақ ол мені жібермей, тағы екі рет зорлық жасады. Мен кетіп қалдым, ол алтын бұйымдарымды ұрлап алды. Түрксіб полиция бөліміне арыз жазуға бардым, бірақ олар арызымды қабылдамады. Олар жай ғана бейнебақылау камераларына қарады, олар менің үйдің жанында қалай құлағанымды және тоғыз минуттай ес-түссіз жатқанымды көрсетті. Сосын бір көлік тоқтап, жүргізушісі мені ес-түссіз күйде көлігіне отырғызып әкеткен”, – дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, оның ісі үш апта бойы тергелмеген. Осы уақыт ішінде әйел өзі зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалдамалы пәтерді өз бетінше тауып, айғақ ретінде – төсек-орын жабдықтарын жинап үлгерген. Пәтердің иесі әйелге сол күні такси жүргізушісі пәтерін жарты күнге жалға алғанын да айтқан. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әйел полицияның алғашында зорлау дерегі жоқтығын алға тартып, арызды тек ұрлық фактісі бойынша қабылдағанын да атап өтті. Жәбірленуші мемлекеттік қорларға және БАҚ-қа хабарласқан соң ғана, тергеушілер зорлау фактісін тексере бастаған.

Полицияның мәліметінше, 4 қараша күні аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

"Жауын-шашын тоқтайды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Published

on

By

Қазгидромет еліміз бойынша 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Рixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде Сібір антициклоны ықпал ететітінін жеткізді. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі көктайғақ болжанған. Республика бойынша түнде және таңертең тұман болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда 2050 жылға қарай халықтың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде тұрады – Сарапшылар

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полиция жәбірленушілерге талап қойды

Published

on

By

34 жастағы полиция қызметкеріне екі баппен айып тағылды. Ол мас күйде түнде велосипедпен үйге қайтып бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші тарап пікір білдіруге қорқып отыр. Айыпталушы тарап материалдық көмек берген кезде “журналистерге айтпа” деген талап қойған. 25 жастағы ерлі-зайыптының артында екі бала жетім қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Коллаж/Stan.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі адамның өлтірді деп айыпталған полиция қызметкеріне қатысты соттың алғашқы тыңдалымы өтті.

Сотталушы полиция қызметкері 34 жастағы Азамат Симанов соңғы рет №4 қалалық полиция бөлімінде жедел кезекші болып жұмыс істеген. Отбасылы оның кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар.

“Ол қылмыстық кодексiнің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша айыпталады”, – делінген хабарламада.

Велосипедпен жол шетінде кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны полиция қызметкері көлікпен қаққан. Жол апаты кезінде 25 және 26 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында мерт болды. Айыптау актісінде полиция қызметкерінің көлікті мас күйінде жүргізгені айтылды.

“Сағат шамамен 00:10-да Азамат Симанов жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлікке отырып, Ақжар-2 тұрғын алабы маңында жол ережесін сақтамай, сағатына 121 шақырым жылдамдықпен жүрген. Ол жылдамдықты асырып, жолдағы көру мүмкіндігін ескермеген. Жылдамдықты түсірмеді. Оқиға болған жерде сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүру тиіс. Сол күні Ақжар-2 тұрғын алабында велосипедке мінген 1998 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйелді қағыт кетті. Кейін Симанов жол-көлік оқиғасынан кейін қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Жәбірленушілерге жедел жәрдем де шақырмады. Сот-медициналық сараптама қорытындысында Симановтың жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды”, – деді прокурор Сәкен Бертілеуов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Stan.kz

Жәбірленуші Кенжебаев бас-ми жарақатынан, көп қан жоғалтқаннан, көптеген дене жарақатынан қайтыс болды. Әйелі де түрлі дене жарақанынан оқиға орнында көз жұмған. Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптан қайтыс болған ерлі-зайыптының аналары отырды. Марқұмдардың 4 және 3 жастағы балалары ата-әжесімен тұрады.

“Немерем мен келінім екеуі сол күні біздің үйге келді. Түнгі  сағат 12:00-де басқа немеремді туған күнімен құттықтап кеткен. Біз Ақжар ауданында тұрамыз. Олар Есет батыр ауданында тұрады. Оқиға қайтар жолда болып тұр. Ол туралы біз тек таңертең естідік. Қазір айыпталушы бізге үш бөлмелі үй алып берді, материалдық көмек көрсетті. Ол жақ бізге үй алып бергенде талап қойды. Құжат дайындау кезінде медиатор әкелді. Шарттарға қосқан. “Журналистерге, телевидениеге ештеңе айтпайсыңдар, айтсаңдар келісім шартты бұзып, үйді алып кетеміз” деген. Қазір олардың алып берген үйде әке-шешесі солардың балаларымен тұрып жатыр. Олар осыған дейін пәтер жалдап тұрды”, – деді марқұмдардың әжесі Рая Имашева.

Қария соттан ештеңе талап етпейтінін, кешірім беретінін айтты. Сондай-ақ айыпталушыға сот қандай жаза тағайындаса да келісеміз деп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Таразда оқушы қыз сыныптасына буллинг жасап, оны видеоға түсірген

Published

on

By

Таразда 14 жастағы қыз сыныптасына буллинг жасаған. Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Іс Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы қорлау (қорлау, киберқорлау) бойынша қаралды. Буллинг жасаған оқушының әкесі сот алдында жауап берді.

“2024 жылы қыркүйекте Тараз қаласындағы мектептердің бірінде С. есімді азаматтың 15 жастағы қызы Т. есімді сыныптасының заттарын шашып, сөмкесін тепкен. Сондай-ақ бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Сотта ер өз кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай әрекеттердің қайталанбайтынына сөз берді”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Сот құқық бұзушылықтың сипатын, айыпталушының жеке басын, мүліктік жағдайын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін БҚО және Қостанай облысында буллинг жасаған балалардың ата-анасы жазаланғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!