Connect with us

IN-THE-NEWS

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ

Published

on

By

Аустралия үкіметі жақын арада 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салынатын заң жобасын ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Аустралияның премьер-министрі Энтони Албанезе депутаттардың қарауына ұсынылатын заң жобасы балаларды әлеуметтік желінің зиянынан қорғауға арналғанын айтты.

“Біз мұны барлық ата-ана үшін жасаймыз. Олар да мен сияқты балаларымыздың интернеттегі қауіпсіздігіне қатты алаңдайды. “Аустралиялық отбасыларға үкімет қамқорлық көрсетеді”, – һ деді премьер-министр.

Заң жобасы бойынша ел билігі әлеуметтік желілерде аккаунт ашып қойған балаларға бұл тыйым қолданылмайтынын айтты.

Әлеуметтік желілердің өзі де бұл норманың орындалуын бақылауы керек, олар балалардың аккаунт ашып алуын шектеуі керек.

Заң қабылданғаннан кейін бір жылдан кейін күшіне енеді, оның зияны байқалған кезде қайта қаралуы мүмкін. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Көптеген сарапшылар әлеуметтік желі кішкентай балалардың психикалық денсаулығына қауіп төндіретініне келіседі, бірақ тыйым салу тиімді әдіс деп санамайды.

Аустралиядағы бала құқықтары жөніндегі жұмыс тобы 16 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды “тым қатаң заң” деп санайды. Топ үкіметке 100-ден астам ғалым мен 20 үкіметтік емес ұйымның қолы қойылған ашық хат жолдап, тыйым салмауға, оның орнына әлеуметтік желілерге қауіпсіздік стандарттарын енгізуге шақырды.

Кейбір басқа топтар Аустралия үкіметін 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салатын заңды қабылдауға шақырды. Олар бұл балаларды зиянды контенттен, жалған ақпараттан және буллингтен қорғау үшін қажет деп санайды.

“36Months” деп аталатын бастамашыл топ мұндай тыйым салуды сұрап онлайн петиция жариялады. Петицияға 125 мыңнан астам адам қол қойған.

Құжатта балалардың “әлеуметтік желіні пайдалануға дайын еместігі” және “әлеуметтік желіні көп қолдану психикалық дамуды тедеп, психикалық аурудың эпидемиясына әкелетіні” айтылған.

Қазір 13 жастан бастап TikTok және Instagram сияқты ірі әлеуметтік желілерге тіркелуге болады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеді

Published

on

By

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kremlin.ru

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс “жаһандық сипаттағы элементтерге” ие бола бостады.

Путин 19 қарашада Украина қарулы күштері Брянск облысындағы нысаналарға алты ATACMS зымыранымен және 21 қарашада Курск облысында Storm Shadow жүйелерімен шабуыл жасағанын айтты.

Путин Украинадағы қақтығыс осы шабуылдардан кейін жаһандық сипаттағы элементтерге ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы снарядтарды олар жасалған елдердің мамандарынсыз ұшыру мүмкін емес.

“Біз өзімізді қаруларын бізге қарсы қолдануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қарсы шабуыл жасауға құқылымыз деп санаймыз. Ал агрессивті әрекеттер күшейген жағдайда біз де батыл жауап береміз”, – деді Путин.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Путин Мәскеудің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды одан әрі орналастыру мәселесі АҚШ пен серіктестерінің әрекетіне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

“Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасалатын нысанлаларды таңдағанда, біз бейбіт тұрғындарға алдын ала хабарлап, сол жақта жүрген достас мемлекеттердің азаматтарынан қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз”, – деді Путин.

Сонымен қатар Путин ең жаңа орта қашықтыққа ұшатын “Орешник” зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл зымырандарды ұстай алмайды, өйткені олар нысанаға секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды.

“Орешник” зымыран жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өткізілген. Путин соңғы зымырандық жүйелерді одан әрі сынау кезінде соққы жасалатын нысаналар Ресейге төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталатынын баса айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Роман Скляр кейбір блогерлердің ақпаратты бұрмалап жатқанын атап өтті. 

“Біз кейбір блогерлер айтып жатқандай, баждар мен салықтардың мөлшерлемелерін көтеру туралы айтып отырған жоқпыз, біз бірінші кезекте техникалық және кедендік процедураларды 2015 жылдан бері қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеп жатырмыз”, – деді Скляр.

Ол қазіргі заңнамаға сәйкес автокөлікті кедендік рәсімдеудің екі нұсқасы бар екенін атап өтті.

“Бірінші. Жеке тұлғаның жеке пайдалануы үшін әкелу кезінде – бұл жағдайда автокөлікке көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік сертификаты беріледі, бірақ жылына бір автокөлікке ғана. Сонымен қатар 48%-дан аспайтын және қозғалтқыш көлеміне және автомобильдің жасына байланысты өзгереріп отыратын бірыңғай баж салығы төленеді. Жеке мақсаттар үшін екенін ескеру керек. Ауыр жүк көліктері мен сыйымдылығы 12 жолаушыдан асатын автобустарды жеке мақсатта, әсіресе жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдау үшін пайдаланылатын көліктерді әкелуге болмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Екінші. Заңды тұлға әкелген кезде көлік құралын іскерлік мақсатта әкелген кезде көлік құралына көлік құралының түрін растау құжаты берілуі керек. Мұнда кедендік баж салығы 15%, ал импортқа ҚҚС 12%. Тағы да қайталап айтамын, бұл жаңалық емес, бұл Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері, яғни 2015 жылдан бері қолданылып келе жатқан талаптар”, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Роман Скляр көліктердің жеке мақсаттар үшін деп көрсетіп, іскерлік мақсатта пайдалатындарға мысал келтірді. 

“Тексеру барысында биылғы жазда 80 жастағы бір әйелге 10-нан астам “Еуро-2″ экологиялық класындағы жүк көлігі тіркеліп, жеке пайдалану үшін әкелінгені анықталды. Немесе біздің жолдардағы танымал “Альфардтар”. Жолдарда құрбан болғандар мен қайғылы оқиғалар өте көп. Бұлар да біздің азаматтар. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң бақылауды күшейтіп жатырмыз”, – деді Скляр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлік әкелу ережелері өзгеретіні туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әскерде соққыға жығылып комаға түскен сарбаздың ісі бойынша сот басталды

Published

on

By

Алматы гарнизоны әскери сотында әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен қостанайлық Нұржігіт Әбділпаттаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Нұржігіт Әбділпаттаның жеке мұрағатынан

Оқиға 2024 жылдың маусым айында Отардағы әскери бөлімде болған. Айыптаушы тараптың айтуынша, жігітке әлімжеттік көрсетілген. 

Сот жәбірленушінің, сондай-ақ куәгерлер, Нұржігіттің төрт әріптесі мен әкесі Тимур Жаналиннің айғақтарын тыңдады.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли баланың ата-анасының видео үндеуінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев істі тексеруді тапсырғанын мәлімдеген еді.

Жәбірленуші өзін кіші сержант Дастан Тұрланның сапта тұрған кезінде тамақ дәрісін қолданғаны үшін асқазан тұсынан ұрғанын айтты.

“Сержант байқамайды деп үмітпен, дәріні тамағыма шашып жібердім. Бізді әскери бөлімге апарар алдында военкоматта түнеп, аздап салқын тигізіп алған едім. Бірақ Тұрлан мұны байқап қалып, ішімнің оң жағынан ұрды, менің тынысым тарыла бастады”, – дейді жәбірленуші.

Сонымен қатар сержант сарбазды қатарластарының көзінше балағаттап, көпшілік алдында масқаралаған. Жәюірленуші бұл оқиғадан кейін өзін ұзақ уақыт өте нашар сезінгенін айтты, сарбазда бас айналу, мұрыннан жиі қан кету, жүрек айну және тәбетінің жоғалуы басталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір күні мен асханада ауыра бастадым. Дәретханаға жүгіріп барып, құстым, содан кейін әріптестерім мені медициналық бөлімшеге апарды. Сол жерден мені ауруханаға жіберді. Одан кейін ешнәрсе есімде жоқ, тек Қордайдағы аурухананың жансақтау бөлімінде оянғанымды білемін”, – дейді Нұржігіт.

Сотқа куәгер ретінде жәбірленуші сарбаздың әкесі Тимур Жаналин де келді. Оның айтуынша, әйеліне әскери бөлімнен телефон соғып, Нұржігіттің Қордайдағы ауруханада жатқаны хабарланған, ол кезде ұлдарыңызда бәрі жақсы, алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Алайда бірнеше сағаттан кейін олар қайта телефон соғып, сарбаздың жағдайы өте ауыр екенін айтқан.

Жәбірленушінің әкесі әйелі екеуі ауруханаға баласын көруге келгенде, оларды ұзақ уақыт бөлмеге кіргізбегенін айтты. Сонымен қатар Нұржігіт комада жатқанда әкесі оны өз бетінше тексеріп, Нұржігіттің ішінің көгергенін анықтаған. Мұны алғашқы сот-медициналық сараптамасын жүргізген сарапшы да растады. Сараптаманы бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысында сөз сөйлеген белгілі Тахир Халимназаров жүргізген.

Жәбірленуші сержанттың соққысынан ауырып қалғанын соңғы сәтке дейін әскери бөлімде ешкімге айтпағанын да атап өтті. Оның айтуынша, ол буллингтен қорқып, сондықтан болған оқиға туралы ешкімге айтқысы келмеген.

Сарбаз екі айға жуық комадан соң есін жиды. Сотта ол тіпті клиникалық өлімді бастан өткергенін айтты. Оның үстіне Қостанайда ата-анасының бақылауында бір айға жуық үйде болып, тек мүгедектер арбасы арқылы ғана қозғалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!