Connect with us

IN-THE-NEWS

Астаналықтар әкімнен жұмыс кестесін бір сағатқа кейінге шегеруін сұрады

Published

on

By

Астана тұрғындары қала әкімі  Жеңіс Қасымбектен елордалықтардың жұмыс кестесін бұрынғы уақыт белдеуіне ауыстыруды сұрады. Қала басшысы астаналықтармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Үкіметтің бұрынғы уақыт белдеуін қайтармайтынын түсінген астаналықтар әкімнен тым болмаса жұмыс кестесін бір сағатқа шегеруін сұрады. 

“Бұрынғы уақыт белдеуін кері қайтара алмаймыз. Бірақ әкім ретінде жұмыс кестесін бір сағатқа ауыстыра аласыз ба? Балалар кеш келеді, кешкі 17:00-де қараңғы түседі. Сондықтан жұмыс уақыты ертерек басталса”, – деп өтініш жасады елорда тұрғындары. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қала әкімі бұл мәселені көп болып ақылдасу керегін айтты.

“Мұны адамдармен талқылау керек. Сіздердің бұл ұсыныстарыңыз біреуге ұнамауы мүмкін. Мен оған сенімдімін. Бәріне ұнайтын шешім қабылдау мүмкін емес”, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды

Published

on

By

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады. 

Еске салсақ, Алматыда мамыр айында мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 281 мың адам табысы туралы декларация тапсырмаған

Published

on

By

Қазақстанда 281 мың адам жалпыға бірдей декларация тапсырмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Қосымша бір жарым ай уақыт берілсе де кәсіпкерлер, серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары елдегі және шетелдегі дүние-мүлкін көрсетпеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ескертуді елемей, тәртіпке бағынбаған азаматтарға жаппай айыппұл салынатынын мәлімдеді. Айыппұл құны 55 мың теңге. Бұдан бөлек олардың банктегі есепшоттары да бұғатталмақ.

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінің соңғы күні 16 қыркүйек болған. Алайда бір ай қосымша уақыт берілгеніне қарамастан 281 мың азамат талапты орындамаған. Оның 20 мыңға жуығы Жамбыл облысында тұрады.

“19 мыңнан астам салық төлеушілерге бүгінде хабарламалар шығарылды. Аталған хабарламалар салық төлеушімен 30 күнде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер тарапынан аталған салық төлеушілерге банктік есеп шоттарына бұғат қойылатын болады”, – де READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал, декларация тапсырғандардың 17 триллион теңгеден астам ақшасы бары анықталды. Бұл 800 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Сондай-ақ шетелдегі бар байлығы бойынша 19 мыңға жуық адамның елден тыс жерде жылжымайтын мүліктері бар екен. 10 мыңға жуық қазақстандық өзге мемлекеттердің банкінен шот ашқан. Жат елде инвестиция ретінде алтын сақтағандар да көп. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Табысын көрсетіп үлгермеген азаматтарға ескерту берілген берілген еді. Олар хабарлама алған соң 30 күн үшінде есеп беріп үлгеруі тиіс еді. Алайда тиісті құжатты толтырмағандар енді 55 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Сондай-ақ, банк шоттары бұғатталады. Айта кетейік, келесі жылы 18 жасқа толған барлық ел азаматары декларация тапсырады.

Еске салсақ, бұған дейін декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталатыны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оралда өзен жағасынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Published

on

By

Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болған.

“Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!