Connect with us

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында әкімдік 10 балалы отбасыға тұруға жарамсыз пәтер берді

Published

on

By

Түркістан облысында он баласы бар жалғыз басты әйелге әкімдік тұруға жарамыз пәтер берген. Көпбалалы ана жылуы да, жарығы да жоқ баспанада тұру мүмкін емес деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеода скрин

Көпбалалы ана Елена Данькованың мемлекеттен баспана алуға әлі кезегі келмеген. Сөйтіп жергілікті әкімдік оған жалдамалы баспана ретінде уақытша пәтер берген. Алайда жалғызбасты ана онда тұру мүмкін емес екенін айтады. Айтуынша, үйде жарық та, жылу да жоқ. Балаларының кенжесі бар-жоғы бір жастан енді асқан. Елена Данькова күйеуі қайтыс болып, тағдыр тәлкегіне түскен. 

“Бұл үйді осыдан 3 жыл бұрын, баспанаңа кезегің келгенше деп берді. Бұған дейін пәтер жалдап біраз жүрдім. Енді ақша таусылған соң осында тұруға мәжбүрмін. Бұл үйде тұрғым келмейтін себебім, балаларым үнемі қызуы көтеріліп ауырады. Сымдар қалай болса солай, жалаң тұр, розетка жоқ. Ойда жоқта бала қолын тығып алса не болады? 220 вольт. Қабырғалар дымқыл тартады, балаларды суықта тұрғызуға қорқамын”, – дейді жалғызбасты ана.

Айтуынша, балалар күндіз үйде болса, кешке қонауға әжесінің үйіне барады. Жазда Елена баспана алу кезегі жақындап қалғаны туралы хабарлама алдған. Бірақ әйел жаңа пәтерге сол күйі қол жеткізе алмаймын ба деп қорқады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әкімдікке барсам “неге келдің, үй алдың ғой, ұнамасы оны да тартып аламыз” деді”, – дейді ашынған ана.

Ал әкімдіктегілер сұрықсыз пәтерде өмір сүруге әбден болады деп санайды. Тіпті олар жылу жүргізу үшін қазандық орнатуға жарты миллиондай қаражат бөлуге дайын. Алайда жөндеу жұмыстары туралы әңгіме де болған жоқ. 

“Бір реттік көмек сұрап әлеуметтік қамсыздандыруға жүгіндік. Ол бұл ақшаны терезе, радиатор немесе қазандық жасауға жұмсайды”, – дейді Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Болысбек Ешімбетов.

Әкімдік Елена Данькова пәтерді осыдан үш жыл бұрын алғанда баспана толық жөндеу жұмысымен берілгенін айтады. Алайда келіншек пәтерде алғаш алғанда-ақ әкімдікке хабарласып, үйдің жағдайы туралы айтқан. Елена Данькова өзіне және балаларына тұруға болатын пәтер беруін және баспанаға кезек мәселесін шешіп беруін сұрайды. Қазір ол кезекте 96-шы болып тұр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Таразда оқушы қыз сыныптасына буллинг жасап, оны видеоға түсірген

Published

on

By

Таразда 14 жастағы қыз сыныптасына буллинг жасаған. Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Іс Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы қорлау (қорлау, киберқорлау) бойынша қаралды. Буллинг жасаған оқушының әкесі сот алдында жауап берді.

“2024 жылы қыркүйекте Тараз қаласындағы мектептердің бірінде С. есімді азаматтың 15 жастағы қызы Т. есімді сыныптасының заттарын шашып, сөмкесін тепкен. Сондай-ақ бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Сотта ер өз кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай әрекеттердің қайталанбайтынына сөз берді”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Сот құқық бұзушылықтың сипатын, айыпталушының жеке басын, мүліктік жағдайын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін БҚО және Қостанай облысында буллинг жасаған балалардың ата-анасы жазаланғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Блогер Zheka Fatbelly үйлену тойын несиеге жасағанын жасырмады

Published

on

By

Zheka Fatbelly атымен танымал блогер Жеңіс Омаров үйлену тойында қаржысын жеткізе алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zheka_fatbelly/

Вайнердің айтуынша, тойдан кейін қарыздарын әрең жапқан.  

“Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме?! Сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті, – деп мойындады желі жұлдызы. 

Оның әйелі Бекзада қарызды жаба алмай жүрген күйеуінің уайымға салынып, аз ұйықтап, үнемі асығып жүретінін растайды.

“Мен тіпті маркетолог болып жұмысқа орналастым. Елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертең кешке дейін жұмыс істей бастадым, – қиналған сәтін есіне алды Жеңіс. 

Бүгінде табысты блогер отбасылық өмірдің басталғанда жақсы көрінгісі келіп, көп ақша жұмсағанын мойындайды. Бірақ ақыры ең үлкен қарызды жабу үшін ол пәтерін сатуға мәжбүр болған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, тоқал алуды қолдайтынын айтқан Zheka Fatbelly оңбай сынға қалған еді. 

Оған дейін Блогер Zheka Fatbelly-дің тойында беташарға түскен ақша жұртты таңғалдырғанын жазған едік. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы дүниеден озды

Published

on

By

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы Нұрбике Ілімбайқызы дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Коллаж: Stan.kz

Қаралы хабарды қызы Құралай Нұрқаділова жеткізді. 

“Бүгін түнде біздің еліміз үшін маңызы бар адам өмірден озды. Заманбек Нұрқаділовтің саяси жолына көп еңбек сіңірген адам. Ол – ақылды, білімді әрі саясатта сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым және ақылды еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде оның үнсіздігі, Кеңес одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп айтары бар еді. Оның ақыл-кеңесінің арқасында көп жас саясаткер саясатқа араласқан. Ол барлық тарихи фактіні іштей есіне алатын, өте қызықтырып айтатын. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі үнемі таңданатын. Иманда бол, анашым. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым! – деп жазды Құралай Нұрқаділова.

“Ажалы адамнан болды”: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуі туралы бар шындықты жайып салды

“Әкең атылып кетті”: Нұрқаділовтің бірінші әйелі күйеуінің қазасын кім естірткенін айтты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді  “қораға” теңеген еді. 

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Куралай Нуркадилова | Психолог Миллионеров №1 (@kuralaiofficial)

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!