Connect with us

IN-THE-NEWS

Атырауда құрылыс компаниясы бір топ үлескерді сан соқтырып кетті

Published

on

By

Атырауда баспана аламыз деп бар жиған ақшасын салған үлескерлер үйден де, ақшада да айырылып отыр. Жергілікті тұрғындардың пәтер құрылысының аяқталуын күтіп жүргендеріне 4 жылдың жүзі болған. Алайда компанияның заңсыз әркеттерінің кесірінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Адамдарға пәтер уәде еткен компания халықтан қыруар қаржы жинап алып, алаяқтық жасаған. Кінәлілер алаяқтық бабымен жауапқа тартылды. Алайда жәбірленушілер алаяқтардың жазаланғанынан өздеріне еш пайда жоғын айтады. Олар үлескер ретінде үйге 20 миллионнан мен 40 миллион теңге аралығында ақша құйған. 

“2021 жылы екі бөлмелі пәтер аламын деп бар жиған ақшамды салдым. Содан бері сабырымыз сарқылды. Не істейтінімізді білмейміз. Екі жылдан бері туыстардың үйін жағалап жүрмін. Үйді тезірек салып бітірсе жақсы болар еді”, – дейді үлескерлердің бірі Индира Темірова.

Қазір “Байсанат”, “Қазанап” “Сарайшық”, “Фемили таун” тұрғын үй кешендерінің құрылысы тоқтап тұр. 

“Ақша да, үй де жоқ. Төрт бірдей тұрғын үй кешенінің адамдары жүрміз тентіреп. Тіпті, бар баспаналарын осы үйді аламыз деп салғандар бар. Несие алып, салғандар да бар. Өзім 24 млн құйдым”, – дейді Сәрсенбай Тәуіров.

Ал шенеуніктердің айтуынша, құрылыс компаниясы тиісті құжаттарды өткізбей, үйді заңсыз салған. Сол себепті жұмысты қайта жандандыру үшін инвестор табудан басқа шара жоқ деп отыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Құрылысқа рұқсат құжаттамалары толық жасақталмаған. Сонымен бірге қазіргі уақытта сот шешімі шығып, әлі күшіне енбеген. Осыған байланысты әкімдікпен құрылысты аяқтау бойынша инвестор іздеу жұмыстары жүргізілуде. Келісімшартқа отырып, алдын ала ақша берген адамдардың саны 200-ге жуықтайды”, – дейді Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бөлім басшысы Әсет Сембаев.



Уәде етілген пәтеріне қол жеткізе алмай отырған бір топ адам қазір жалдамалы пәтер мен жақындарының үйінде тұруға мәжбүр. Халықты сан соқтырған компаниялардың басшылары мен құрылтайшылары түрлі жаза арқалаған.

“Nazik Group” ЖШС директоры 5 жылға сотталса, “Atameken”, “Baisanat Residence” және “Family town” құрылтайшылары мен жауапты қызметкерлері 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек Атырау қаласының прокуратурасының қаулысы негізінде осы үлескерлердің ақшасын тартып алу мақсатында жарнама әрекеттерін жасаған үшін 2 құрылыс компаниясына 1 млн теңгеден әкімшілік айыппұл салынды”, – дейді Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Какиев.

Үлескерлер алаяқтар сотталып қана қоймай, өздеріне тиесілі ақшаны қайтарсын деп талап қойып отыр.

Бұған дейін Алматыда 200 отбасы жеті жылдан бері өз үйіне кіре алмай жүргені туралы жазған едк.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending