Connect with us

IN-THE-NEWS

Ол Қазақстандағы ірі жобаларды қаржыландыруға дайын екенін жеткізді

Published

on

By

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады. Кездесуде Масацугу Асакава Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, ірі жобалар жасауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақордадан

Ақорданың мәліметінше, Азия даму банкінің президенті Астанаға  Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін келген.

“Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты”, – делінген хабарламада. 

Деректерге сүйенсек, Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысқан. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.



Ал Масацугу Асакава еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады”, – делінген хабарламада.

Азия даму банкі президентінің сапары аясында жалпы құны 300 миллион доллардан асатын “Қызылорда – Жезқазған” автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Published

on

By

23 қарашада Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Прокуратура дерегіне сәйкес күдікті Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ұсталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды”, – делінген бас прокуратура хабарламасында. 

Еске салайық, Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстаған еді. Оған бірнеше рет пара алды деген айып тағылған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Маман тоңазытқышта тұрса тез бұзылып кететін өнімдерді атады

Published

on

By

Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Сөзінше, суықтың әсерінен өнімдердің дәмі бұзылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gloucestershire Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Гамероның сөзінше, сарымсақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі суықта сарымсақ өніп кетеді. 

“Сақтау мерзімін ұзарту үшін тазартылған сарымсақты зәйтүн майына салып, шыны ыдыста сақтауға болады. Тіпті кесіп немесе бүтіндей қатырып тастаған жөн”, – дейді маман.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар ол нанды тоңазытқышқа салмауға кеңес берді. Өйткені суық жерде нанның құрылымы мен дәмі бұзылып кетеді. Дәл солай шоколадты да салқын жерге салуға болмайды екен. 

Гамеро тоңазытқышқа толық піспеген бананды салса, қатайып, дәмі бұзылатынын айтады. Бұдан бөлек кофені тоңазытқышқа салмаған жөн., себебі ылғалды сіңіріп, дәмі мен иісі жоғалады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жетті

Published

on

By

Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ESO

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын “қоқыс алаңына” соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді. 

Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!