Connect with us

IN-THE-NEWS

Нидерландыда израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасалды

Published

on

By

Амстердамда 7 қараша күні өткен футбол ойынынан кейін израильдік жанкүйерлер шабуылға тап болды. Салдарынан онға жуық түрлі жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euro.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Peter Dejong/AP

3000 израильдік жанкүйер Еуропа лигасының матчына келген. Амстердамдағы жергілікті “Аякс” пен Тель-Авивтің “Маккаби” арасындағы футбол матчынан кейін израильдіктерге шабуыл жасалды. Бүлік бастағандар зардап шеккендердің кейбіріне пышақ жарақатын салған. 

Израиль билігі жарақат алып, жапа шеккендерді ел қайтару үшін екі жолаушылар ұшағын жіберді. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Нидерланд үкіметі мен қауіпсіздік күштерінен “бүлікшілерге қарсы батыл әрі жылдам шара қолдануды” талап етіп отыр.

Полиция бүлікке қатысы бар 57 адамды ұстады. Нидерланд премьер-министрі Дик Шуф ​​бұл бүлікке “орынсыз” және “антисемиттік” деп баға берді. Сондай-ақ өзінің израильдік әріптесімен байланыста екенін айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тәртіпсіздікке куә болғандардың айтуынша, бүлік бастағандардың кейбірінің қолында Палестинаның туы болған және олар “Палестинаға еркіндік” деп ұрандаған.

Бүлікшілер израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасап қана қоймай, “Маккаби” футбол клубының жанкүйерлері тоқтаған қонақүйге басып кіруге әрекеттенген.

“Бізге “арафатка” (араб елдеріндегі ерлер орамалы) киген бір топ ашулы адам шабуыл жасады. Кейбіреулер қолдарына Палестина туын ұстаса, басқалары “Еврейлер өлсін” деп айқайлады. Бұл өте қорқынышты болды. Біз Холокост кезінде Еуропаға тап болғандай күй кештік”, – дейді жанкүйерлердің бірі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Оралда өзен жағасынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Published

on

By

Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болған.

“Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада ер адам TikTok-тағы видеосы үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Published

on

By

Астана Lexus көлігінің жүргізушісі TikTok желісіндегі видеосы үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде Lexus автокөлігінің жүргізушісі көлігіне жалған мемлекеттік нөмірлер тағып, жол ережесін бұзып жатқаны түсірілген видео тарады.


Алматылық қыз TikTok-та ресейліктерді балағаттағаны үшін 2 жылға сотталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, әрекеті үшін өкінетінін айтты. Ол бұл видеоны TikTok желісінде жариялау үшін түсіргенін айтты.

“Сот қаулысымен Б құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бес тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды”, – делінген сот хабарласында.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы билікті сынаған видеосы үшін сотталғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды

Published

on

By

Тараз орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі тараздық екені хабарланды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жамбыл облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облыстық ІІД басшылығы шықты. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция басқармасы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!