Connect with us

IN-THE-NEWS

Тісті қай уақытта тазалаған дұрыс

Published

on

By

Тісті таңғы асқа дейін тазалау керек пе әлде таңғы астан кейін тазартқан дұрыс па? Бұл сауалдарға көп адам түрлі пікір айтып пікірталасып жүр. Осы тұста тіс дәрігері және периодонтолог Егана Маруфиди бұл сұраққа жауап беріп, тісті тазалайтын ең тиізмді уақытты атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Тісіңізді тазаламай тұрып таңғы ас ішуге бола ма? 

Заманауи зерттеулерге сүйенсек, таңғы ас алдында тісті тазалау ұсынылады. Себебі адам ұйықтап жатқан кезінде сілекей ояу кезіне қарағанда өте аз шығарылады. Сілекей бактерицидтік қасиетке ие болғандықтан түнде оның жетіспеушілігінен ауыз қуысында бактериялар белсенді түрде көбейеді. Сондықтан таңертең тұрғанда ауыз қуысынан жағымсыз иіс сезіледі. Егер таңғы ас алдында тіс жуылмаса бактериялар тағамдағы қант пен қышқылдармен әрекеттесуі мүмкін. Бұл олардың эмальға зиянды әсерін күшейтеді. Ал оянғаннан кейін тісіңізді жусаңыз тамақтану кезінде тістерге теріс әсер болмайды.

Тісті тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң жууға болады?

Маман егер тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын бір сергіту қажет болса, тіс тазаламас бұрын шамамен 30 минут күткен дұрыс екенін айтады. Себебі осы уақытта ауыздағы сілекей қышқылды табиғи түрде бейтараптандырып, ауыз қуысында қалыпты рН деңгейін қалпына келтіреді. Сонымен қатар маман мұндай кезде ауыз қуысын арнайы сұйықтықпен немесе сумен шаюға кеңес береді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тісті қалай дұрыс күту керек? 

Тісті тазалау уақытынан бөлек, тазалау техникасына да назар аудару маңызды. Ең дұрысы, тісті кем дегенде екі минут тазалау керек. 

“Соның ішінде тістің барлық беттерін: алдыңғы, артқы және шайнау бқлігін жақсылап тазарту қажет. Жағымсыз иіс тудыратын бактериялар жиналатын тілді де ұмытпаған жөн. Қызыл иекке зақым келтірмеу үшін жұмсақ қылшықты щетканы қолданыңыз. Эмальды нығайтуға және тіс жегісінің дамуын болдырмауға көмектесетін сапалы тіс пасталарын таңдаңыз.

Тіс дәрігерінепрофилактика үшін үнемі барып тұруды ұмытпаңыз. Олар ауыз қуысының денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Күніне екі рет тістеріңізді мұқият тазаласаңыз да, профилактикалық тексеру өте маңызды. Себебі тек мамандар ғана білінбей тұрған мәселелерді уақытында анықтай алады және сізге сәйкес келетін тіс күтімі бойынша ұсыныстар бере алады.”, – деді маман.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тараздағы университеттер көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған

Published

on

By

Таразда ірі оқу орындарының бірінде көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Шетелдіктер жалған құжатпен студент ретінде тіркеліп, бір жыл бойы ел аумағында еркін жүрген. Алайда, студент ретінде тіркелгендер құрылыста жұмыс істеген.

Дулати атындағы Тараз университетінде Өзбекстанның 19 азаматы студент ретінде тіркелген. Шетелдіктердің барлығы қаладағы құрылыс алаңдарында жұмыс істегені анықталды. Шын мәнінде олар студент болмай шықты. Мигранттарды заңдастырудың осындай схемаларын Тараздағы бір емес, бірнеше оқу орындары қолданған. Тәжікстаннан тағы алты азаматы басқа университеттер мен колледждерге оқуға түскен. Дегенмен, олар сабаққа бармағаны үшін оқудан шығарылды.


Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған екі шетелдік ұсталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Дулати университетіне мигранттарды тіркеген қызметкер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әрекетсіз деп танылған көші-қон қызметінің қызметкерлері де жазаланды.

“Мониторинг барысында уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған 180 шетелдік анықталды. Осылайша, еңбек мигранттарының кедергісіз тұруына және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңсыз тіркеудің күші жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – дейді Тараз қаласы прокуратурасының прокуроры Асылхан Әбітбеков.

Еске салсақ, осыған дейін желіде алаяқтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған парақша ашып, құжат жасағаны туралы жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Әлімхан Сыздықов Армениядағы әлем чемпионатында топ жарды.  Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде кезекті қазақ балуаны жарыс жеңімпазы атанды. Париж олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынап, қарсылас шақ келтірмеді. Отандасымыз финалда ирандық балуанға қарсы белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Сыздықов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлдені салды. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын және грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Каратэден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Published

on

By

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын спортшыларымыз анықталды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің ең үздік 20 командасы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ұлттық құрамана сапындағы 8 каратэші ел намысын қорғайды. Олар: Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек.

Қазақстан құрамасы C тобында АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларымен бірге жарысқа түседі. Топтан тек екі команда ғана ширек финалға жолдама алады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионатында ерлер құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!