Connect with us

IN-THE-NEWS

Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды

Published

on

By

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда, алқабилердің соты оларды ақтап шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады. 

Еске салсақ, Алматыда мамыр айында мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ресей әскерлерінің құрамында соғысқан Солтүстік Корея әскерінің генералы жараланды – БАҚ

Published

on

By

Курск облысында Украинаға қарсы Ресей әскерлерінің құрамында соғысқан Солтүстік Корея әскерінің генералы жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “The Wall Street Journal” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

Болған оқиға туралы толық ақпарат әлі жоқ. Алайда Батыс шенеуніктері алғаш рет Солтүстік Кореяның жоғары дәрежелі әскери қызметкері Ресей аумағында Украинаға қарсы іс-қимылдарға қатысып, жарақат алғанын растады.

Ал бір күн бұрын Курск облысындағы Солтүстік Корея әскери күштерін генерал Ким Али Бок басқарғанын хабарлады. Генералға КХДР әскерлерін Ресей армиясына біріктіру және соғыстың заманауи әдістерін зерттеу тапсырылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Зеленский Қырымды қайтару үшін мыңдаған адамның өмірін қауіпке тікпейтінін айтты

АҚШ Украинаға жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын миналарды жеткізеді

“Ким Али Бок бұған дейін КХДР арнайы күштерін басқарған және ұзақ уақыт жасырын қызметкер боп жүрген. Оның міндеті 2024 жылдың маусымында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылған кезде Ресей мен Солтүстік Кореяның жақындасуы аясында жария болды. Содан бері генерал КХДР жетекшісі Ким Чен Ынмен бірге ресми іс-шараларға үнемі қатысып келеді”, – деді басылым.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Қазмұнайгаз” басшылығы Жаңаөзендегі ереуілшілерді жұмысқа кіруге шақырды

Published

on

By

“ҚазМұнайГаз” АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов “Өзенмұнайгаз” кәсіпорнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазмұнайгаз

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға келтірген шығынын атады.

“Зақым әртүрлі, негізі күніне шамамен 100 тоннаны жоғалтып жатырмыз, бірақ негізгі техника мен негізгі бригадалар қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін көлемі ұлғаяды”, – деді Хасенов брифингте.



Компания басшысы “ҚазМұнайГаз” басшылығы ереуілшілермен диалогқа дайын деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Екіншіден, адамдар дұрыс емес ақпарат алып жатыр. Ақпарат дұрыс жеткізілсе, рұқсат етілмеген әрекеттерге мүлдем негіз жоқ деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз”, – деп атап өтті ол.

Хасенов қанша адам әлі де ереуілде екенін хабарлады.

“Бүгінгі күні 141 адам жұмысқа шықпады, қалғандары жұмыс орнында”, – деді Асхат Хасенов.

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Монополистер қазақстандықтарға жылу үшін 768 миллион теңгеден астам қаражат қайтарады

Published

on

By

Монополистер 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төлеген артық ақшаны қазақстандықтарға қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеуге міндетті.

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға қайта есептеуге міндетті. Ал тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу ақысын жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет ақысын төлеген кезде тарифті төмендету жолымен қайта есептейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін ТМС есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төленген төлемақыны қосымша құн салығын ескере отырып, жалпы сомасы 768,2 млн теңге мөлшерінде қайтарды.

“Ең көп қайтарылған сома (354,5 млн теңге) ШҚО-да тіркелді. Содан соң Алматы (95,4 млн теңге) және Маңғыстау облысы (60,9 млн теңге) тұр. Қызылорда (38,6 млн теңге), Ақтөбе (37,7 млн теңге), Ақмола (33,5 млн теңге) және Қостанай (32 млн теңге) облыстарында да қомақты қаражат қайтарылды”, – деп жазды басылым.

Ал Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, себебі жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп есептеледі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!