Connect with us

IN-THE-NEWS

Алкотестер қымыз ішкен адамды мас деп көрсете ме – Мамандар жауап берді

Published

on

By

Сарапшы қымыз адамды мас қылады деген пікірге өз тұжырымын айтты. Ол сусынның шын мәнінде құрамында алкоголь бар-жоғын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Istock.com

Өткен жылы қымыз өндіру 10,6% артып, 2463 тонна болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық. Биыл 9 айда республика бойынша 1240 тонна қымыз өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 22,9% төмендеген. Өткен жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 1608 тонна өндірілген.

“Қымыз – ашытылған сүтті сусын. Сондықтан оның құрамында біраз алкоголь бар. Бірақ ғылыми тұрғыдан қымыздың мас ететіні немесе алкогольдік сусын екені дәлелденбеген. Адам қанша қымыз ішсе де, алкотестер алкоголь мөлшерін көрсетпейді. Алкотестер – адамның ішкен алкоголь мөлшерін, яғни мас болу дәрежесін анықтауға арналған құрылғы. Ішімдікке күдікті адам алкотестерге демалған кезде иіс арқылы анықталады”, – деді Астана психикалық денсаулық орталығының дәрігері, психиатр-нарколог Анар Тастембекова.

Оның айтуынша, клиникалық тәжірибеде қымыздағы алкоголь мөлшерін анықтау жағдайлары кездеспеді.

“Біздің емханаға қымыз ішкен адамды тексеруге әкелген жағдайларболған емес. Мен әріптестерімнен кейбір аймақтарда қымыздағы алкоголь деңгейіне тәжірибе жүргізгенін және олардың барлығы теріс нәтиже бергенін естідім”, – деді дәрігер.

Астаналық полицейлердің хабарлауынша, қымыз ішкендерді мас деген күдікпен ұстаған жағдай кездескен жоқ.

Ал ислам ғұламалары бие сүтін халал өнім деп мойындаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Хидаяның кітабында бие сүтін ішудің еш зияны жоқ екені айтылған. Табиғи таза қымыз алкогольсіз сусын болып саналады. Ашыту нәтижесінде пайда болатын алкогольдің үлесі өте аз болғандықтан, Ханафи мәзһабының ережелері бойынша қымызға тыйым салынбайды”, – деп жауап берді ҚМДБ.

Діни басқармаға соңғы кездері сырттан әкелінетін қымыз туралы сұрақтар жиі түсе бастады. Мұндай қымызды ішкен адамдар бастары айналып, мас болып қалатынын айтады.

“Біріншіден, бұл өнімді таза қымызға жатқызуға болмайды. Оның құрамында бие сүті, сиыр сүті, бал, ашытқы бар. Бал ашыту процесін тездетеді. Екіншіден, қымызды сақтау температурасы бұзылса, алкогольдің пайызы артуы мүмкін. Үшіншіден, ішімдік әдейі қосылды ма, жоқ па белгісіз”, – деді дін өкілдері. 

Демек қымызға ашытқы қосылмаса, оны сусын ретінде ішуге болады.

“Қымызға бірдеңе (бал, ашытқы, сүт қышқылы бактериялары) қосылып, оны мас кқылса, оны ішуге болмайды. Сондықтан табиғи қымызды ғана ішу керек”, – делінген хабарламада.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбекова әйеліне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! 

Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа көлік иесін құттықтап жатыр. 

“Қандай керемет көрініс?!”, “Осылар банк тонай ма екен, қалай байып жатыр?!”, “Дари сияқты әйел бәрімізге жұғысты болсын!”, “Қазақстанда жоқ көлік екен”, – деп жазды көпшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, блогер некесіз қызына көлік пен пәтер сыйлаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда ресейлік телеарналарға тыйым салына ма – Министр жауап берді

Published

on

By

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі ресейлік телеарналарды ретрансляциялауға тыйым салуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазақстанның медиа нарығы сұраныс пен ұсынысқа бағытталғандықтан, Аида Балаева мұндай шектеулерді енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.

“Бұл нарық. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Біз жабық бола алмаймыз. Шетелдік және қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытып, не көруге болатынын адамдар өзі таңдайды. Нарық еркін дамып жатыр, оны шектеуге құқымыз жоқ”, – дейді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ министр жергілікті шығармашылық индустрияны, оның ішінде кино мен туризмді дамытуға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

“Біз туризм мен кино саласының қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Небәрі 2-3 жылдың ішінде қаншама отандық фильмдер жарыққа шықты. Біз көрермендердің таңдау құқығын шектей алмаймыз. Десе де сапалы өнімдеріміздің көп болуына барынша атсалысамыз”, – деді Аида Балаева.

Бұған дейін қазақстандық компания Ресейге тауар жеткізуге көмектескені үшін санкцияға ілінген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды

Published

on

By

Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті? Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді. 

Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын “Лайықтылық”, “Тұрақтылық” және “Тұтастық” үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелеріне толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесі сияқты т.б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды. 

64,0 балл жинаған Қазақстан АҚШ, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сауд Арабиясы және басқа елдерден озып, “С+” бағасын алды. 

Қорытынды балл үлес салмағы бойынша өлшенген қосалқы индекстік бағалардың нәтижелерін жинақтау жолымен алынды: 

  • “Лайықтылық” қосалқы индексі бойынша – 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан, мысалы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Индонезиядан, Оңтүстік Африкадан озып кетті); 
  • “Тұрақтылық” қосалқы индексі бойынша – 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Швейцария, Чили, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түседі); 
  • “Тұтастық” қосалқы индексі бойынша – 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Швеция, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және басқа елдерге қарағанда жоғары). 

Жоғарыда келтірілген сандардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның тұрақтылық (жалпы рейтингіде 8-орын) және тұтастық (16-орын) қосалқы индекстері өте жоғары бағаланды. Республиканың зейнетақы жүйесіндегі нығайтуды қажет ететін неғұрлым осал орны – лайықтылық қосалқы индексі бойынша (47 орынның 41-сі) сипатталды. 

Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткішінің лайықтылығын арттыру бойынша мынадай ұсыныстар жасады: READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;
  • үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру:
  • зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту;
  • өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру;
  • зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу.

Жаһандық зейнетақы индексінде бала туудың төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына қатысты жалғасып жатқан үрдістерді ескере отырып, зейнетақы жүйелерін жетілдіру қажеттілігі атап өтіледі. Ол туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да айтылды: “Адамзат тарихында алғаш рет 65 және одан егде адамдар саны 5 және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек”.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет жыл сайынғы рейтинг – Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, бірден 64,9 балл жинап, 20-орынға ие болды. 2024 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан тізімнің тура ортасындағы орынды иеленді. Ал бірінші орынды Нидерландының зейнетақы жүйесі сақтап, 84,8 балл жинады. Атап кетейік, Нидерландыда 2028 жылға қарай барлық зейнетақы жоспарларын жинақтаушы жүйеге (DC) толық көшіру жоспарланып отыр. Индексте бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйелері белгіленген төлемдердің (DB) жоспарларынан едәуір алшақтап, бекітілген жарналардың (DC) жүйелеріне ауысып жатқандығы атап көрсетілген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!