Connect with us

IN-THE-NEWS

Ирак билігі әйелдерді ажырасу және мүлікке иелік ету құқығынан айырмақ

Published

on

By

Ирак билігі қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендетіп, көп құқығын шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telegraph.co сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Эрик де Кастро/Reuters

Ашық консервативті шиит мұсылман партиялары ұсынған жаңа заң жобасында жеке адамның мәртебесі туралы заңға бірнеше түзету енгізіледі. 

Әйелдер мына құқықтарынан айырылады:

  • Ажырасу құқығы;
  • Балаға қамқорлық;
  • Мұрагерлік, мүлікке ие болу құқықтары.

Билік коалициясы мұндай ережелер ислам заңдарының қатаң түсіндірмелеріне сәйкес келеді және жас қыздарды “әдепсіз қарым-қатынастардан” қорғауға бағытталған деп санайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Консервативтік шиит мұсылман партияларының коалициясы  “жеке мәртебе туралы заңның” күшін жоятын түзетуді дауысқа салуға дайындалып жатыр.

Билік коалициясы бұл қадам ислам заңдарын қатаң сақтап, қыздарды “әдепсіз қарым-қатынастардан” қорғауға бағытталған деп санайды.

16 қыркүйекте 188 заңға түзету екінші оқылымда қабылданды.

Бұған дейін де билік 2014 және 2017 жылдары оны өзгертпек болды. Бірақ әйелдердің қарсылығына байланысты сәтсіз аяқталды. Алайда биыл оның қабылдану ықтималдылығы жоғары.

Ирактықтар неке жасын қыздар үшін 9-ға түсіруді ұсынады. Сөздерінше, мұндай тіркелмеген некелер Ирактың экономикалық тұрғыдан кедей, тым консервативті шииттік қауымдастықтарында қазір де бар. Енді оны ресми заңдастырмақ. Сөздерінше, неке заңмен мойындалмағандықтан, қыздар мен олардың балалары ауруханаларда қараусыз қалады.

Human Rights Watch ұйымы бұл діни некелер қыздардың жыныстық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупін арттырып, олардың білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейді деп мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Иракта қыздардың неке жасын 9 жасқа дейін төмендету талқыланып жатқаны айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда квестерге қатысуға және ойыншық-құбыжықтарды алуға шектеу қоятын петиция шықты

Published

on

By

Қарағандылық қоғам белсендісі, психолог Татьяна Савицкая балаларға арналған қорқынышты ойыншықтар мен қызметтерге қатаң талап қоюды талап етті. Оның айтуынша, Хагги Вагги сияқты ойыншық-құбыжықтар және Хэллоуин мерекесі балаларға зиян келтіретінін ескеріп, ата-аналар оларға тыйым салу керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: vseodetyah.com

Психолог Савицкаяның бастамасына қолдау көрсеткен ата-аналар балалардың осындай қорқынышты квесттерге қатысқанын біліп, өз алаңдаушылығын білдірген. Мамандар полициямен бірге бір квестке барғанда олардың көргендерінен қатты шошынған: қанға оранған манекендер, ілулі және мүшеленген қуыршақтар, қанға толы ванналар, сәбилердің денелері. Мұндай квесттердің бірі Саран әкімдігінен грант ұтып алған.

Қарағандылық “Озарение” қоғамдық қорының жетекшісі, балалар мен отбасы құқықтарын қорғау бойынша Қарағанды әкімінің кеңесшісі Татьяна Савицкая балаларға арналған деструктивті контенті бар ойындар мен кітаптардың зиянын атады. Сонымен қатар осы мәселеге қоғам назарын аудартуға тырысып отыр.

Ол мұндай ойындар мен ойыншық-монстрлар балалар психикасына кері әсерін тигізіп, балалардың қорқыныш пен өлімге деген қатынасын өзгертуі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, балалар мұндай мазмұндағы ойындарға қатысқанда немесе осындай мазмұнды кітаптар оқығанда олардың санасында тежегіш процестер әлсіреп, оларды басқару қиынға соғады.

Савицкаяның пікірінше, балалар өлімге ересектер сияқты мән бермейді. Ал кейбіреулері суицидті батырлық деп қабылдауы да мүмкін. Осыған байланысты ол ойыншық-құбыжықтар мен осындай мазмұндағы ойындарды тыйым салуға шақырған петиция құрып, видеоүндеу жасады.

Алайда басқа психологтар мұндай тыйым салулардың нәтиже бермейтініне сенеді. Олардың айтуынша, егер бір ойынға тыйым салынса, балалар басқасын табады. Мысалы, 50 жыл бұрын Чебурашка мен көк күшіктің ешкімге зияны болмаған дейді мамандардың бірі Виктория Аншакова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Психолог бұл мәселеде отбасы мен ата-ананың жауапкершілігін мемлекетке аудару идеясы қалыптасып жатқанын айтады. 

Виктория Аншакованың ойынша, бала тәрбиесіне саналы түрде көңіл бөлетін ата-ана баласының нені және неге қалайтынын түсініп, онымен өзі талқылап, оған ықпал ете алады. Баланың неліктен құбыжық ойыншыққа қызығатынын немесе қорқынышты квестке барғысы келетінін түсіну маңызды дейді ол.

Аншакова кейбір ата-аналар мұндай заттарға қатаң талап қою қажет деп есептейтінін атап өтті. Ол Хэллоуин сияқты Батыстан келген әсерлерді, сондай-ақ ЛГБТ насихаты сияқты көріністерді шектеуді қолдайтынын жеткізді.

Квесттерге келер болсақ, Аншакова оларды 18 жастан бастап қана қатысуға рұқсат беруді ұсынады. Оны тәрбиелеуде балаларға мейірімді, позитивті ойыншықтардан үлгі көрсеткен дұрыс деп санайды.

Сондай-ақ Аншакова кәсіпкерлердің әлемдік трендтер мен сұранысқа сүйене отырып кейіпкерлерді шығаруы заңдылық екенін айтты. Маманның сөзінше, балаларға таңдау еркіндігі беріліп, оларды қандай ойыншықпен ойнау керек екенін түсінуге үйрету маңызды.

Ал Татьяна Савицкая балаларға арналған тауарлар мен қызметтерге қатаң талап ету петициясын е-petition сайтында жариялап, сонымен қатар бейнеүндеумен бірге үкіметке жолдады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлады

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбекова әйеліне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызы әйелі Дариғаға жұрт алдында алғыс білдірді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! 

Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, су жаңа көлік иесін құттықтап жатыр. 

“Қандай керемет көрініс?!”, “Осылар банк тонай ма екен, қалай байып жатыр?!”, “Дари сияқты әйел бәрімізге жұғысты болсын!”, “Қазақстанда жоқ көлік екен”, – деп жазды көпшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, блогер некесіз қызына көлік пен пәтер сыйлаған еді. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда ресейлік телеарналарға тыйым салына ма – Министр жауап берді

Published

on

By

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі ресейлік телеарналарды ретрансляциялауға тыйым салуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазақстанның медиа нарығы сұраныс пен ұсынысқа бағытталғандықтан, Аида Балаева мұндай шектеулерді енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.

“Бұл нарық. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Біз жабық бола алмаймыз. Шетелдік және қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытып, не көруге болатынын адамдар өзі таңдайды. Нарық еркін дамып жатыр, оны шектеуге құқымыз жоқ”, – дейді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ министр жергілікті шығармашылық индустрияны, оның ішінде кино мен туризмді дамытуға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

“Біз туризм мен кино саласының қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Небәрі 2-3 жылдың ішінде қаншама отандық фильмдер жарыққа шықты. Біз көрермендердің таңдау құқығын шектей алмаймыз. Десе де сапалы өнімдеріміздің көп болуына барынша атсалысамыз”, – деді Аида Балаева.

Бұған дейін қазақстандық компания Ресейге тауар жеткізуге көмектескені үшін санкцияға ілінген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!