Connect with us

IN-THE-NEWS

Маңғыстауда тергеу изоляторында күдіктіге дымқыл майлық қаптамасына телефонды жасырып беріп жіберген

Published

on

By

Маңғыстауда тергеу изоляторына күдіктіге дымқыл майлықтың қаптамасына телефон салып, беріп жібермек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Маңғыстау ҚАЖД

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді.

“Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері “NOTHING” маркалы смартфон мен екі SIM-картаны тәркіледі. Смартфон дымқыл майлықтардың қаптамасына жасырылған”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тәртіп бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жол жиегіне лақтырылған көкөністердің видеосы павлодарлықтарды ашуландырды

Published

on

By

Әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын пайда болған видео халықтың наразылығын тудырды. Кадрларда жол бойындағы қар үстінде жатқан қап-қап картоп пен сәбіз көрсетілген. Автор бұл көкөністердің Ақтоғай бағытына қарай жолдың 63-шақырымында үйіліп жатқанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желі қолданушылары осындай немқұрайлы қарым-қатынасқа таңғалды. Көпшілік көкөністерді мұқтаж жандарға немесе малға азық ретінде неге бермегеніне ашуланды.

Аудандық әкімдіктің аппарат басшысы Айдын Темірболатов  бұл жағдайға түсініктеме берді. Бейнежазбада көрсетілген көкөністер жергілікті “Молочное село” шаруа қожалығының алқаптарынан шыққан қалдықтар екені анықталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Видеода Ақтоғай ауданы Исантерек ауылында орналасқан “Молочное село” шаруа қожалығының өндірістік қалдықтары көрсетілген: алқаптардан шыққан қарашірік, көкөністердің жапырақтары және сатуға және сақтауға жарамсыз көкөніс өнімдері. Шаруа қожалығы өндірістік қалдықтарды және сапасыз өнімдерді арнайы бөлінген аумаққа шығарады. Ол жерде оларды халық шаруашылық қажеттіліктері үшін алып кете алады. Осыдан кейін өндірістік қалдықтар қайтадан алқаптарға шығарылады”, – деді Ақтоғай ауданының әкімдігі.



Еске салайық, бұған дейін 23 сәуірде Павлодар облысында картоп өнімінің тонналап қоқыста жатқаны туралы жазған едік. Тұрғын қоқыста жатқан балғын картоптарды сиырлар таптап жатқанын жеткізді. Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы картопты полигонға шығару мәселесі бойынша мониторинг жүргізді. Аймақта тұқымдық картоптың толық сатылғанын ресми түрде растайды. Бүгінде ірі көкөніс қоймаларында сақталған картоп ысырап етілмейді және толығымен сатылады. 2024 жылғы 17 сәуірде Павлодар ауданы Заря ауылының полигонына қыстан кейін шіріген, одан әрі пайдалануға жарамсыз картопты қалдықтары мал азығына шығарылды

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында енді салынып жатқан мектептің құрылысы орта жолдан тоқтап қалды

Published

on

By

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық білім ошағының құрылысы орта жолда тоқтап қалды. Себебі, ғимараттың іргетасынан жарықтар пайда болып, қабырғалары үгітіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Мектептегі олқылықтарды байқаған ата-аналар оны видеоға түсіріп, тиісті органдарға шағым білдірген. 

“Мынау құласа мектептің бәрі құлайды. Бірінші этаж. Екінші этаж. Үшінші этаж қаланған жоқ. Астында цементі жоқ. Топырақпен құйып тастаған”, – дейді ата-аналар. 



Іргетасы қаланып, орта жолдан тоқтап қалған мектептің құны 5 миллиард теңгеге жуық.

Тапсырыс беруші “Самұрық Қазына” компаниясының мәліметінше, анықталған ақауларды тексеру үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия құрылған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Комиссия құрамына Қазақ көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары кірген. Комиссия шешіміне сай не мектептің іргетасын бекіту жұмыстары жүргізіледі, не болмаса ғимарат толықтай бұзылып қайта салынады. Барлық шығын мердігер компания есебінен өтеледі”, – делінген компания хабарламасында. 

Ал құрылысқа жауапты компанияның өкілі кемшілікке жол берген қызметкерлердің жұмыстан шеттетілетінін айтты. 

“Осы жұмыстар жасалған кезде сапаға сай емес материалдар қолданды деп ойлаймыз. Енді нақты осы зертхананың шешімі шыққан кезде жұмыстарды әрі қарай жүргізуге дайынбыз. Осының барлығын жөндеу жұмыстары біздің есебімізден жасалады. Қазіргі уақытта бұл мектепте тұтынушыдан біз қаражат алып жатқан жоқпыз”, – деді мердігер компанияның аймақтық директоры Нұржан Жандос. 

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында баратын мектеп таппай сабылып жүргені айтылған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда әйел көршісінің баласын сабап тастады

Published

on

By

Алматылық келіншек 11 жастығ ұлын көк ала қойдай етіп сабап тастаған көршісінің үстінен шағым түсірді. Жасөспірім жарақат салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Никита/Видеодан скрин

Жанжал екі баланың арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Никитаның айтуынша, қатарласы оның телефонын сындырған. Бұл жағдайдан кейін ортаға жасөспірімнің анасы түскен. 

“Төбелестен кейін мен кетіп қалмақ болдым. Телефонымды қолыма алдым. Ол телефонымды бір теуіп, жерге түсірді. Телефоным сынып қалды. Сөйтіп оның анасы келіп “Никита деген кім?” деді Басымнан ұрып, шашымды жұлды, қолымды тырнады”, – дейді ересек адамнан зардап шеккен жасөспірім.

Никитаның анасы Евгения Ряшенцева көршісінің ұлын ұрып-соққан сәті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әйел көлігінен түсіп, ұлыма шабуыл жасады. Ол оның шашын жұлып, саусақтарын сындырып, басынан ұрды. Мұның бәрі дәл осы жерде болды. Бас миының жарақаты, денесі көгерген жерлер, жаралар бар. Мұның бәрі видеода көрсетілген. Бұл әйел өзін ұстай алмайтынын көрсетті: полицияның алдында балағат сөздер айтты”, – дейді Евгения Ряшенцева.

Сондай-ақ оның айтуынша, әйел жасөспірімнің самокатын тартып алып, жерге ұрған. Баланың денесі қанталап, басы жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жасөспірім қазір үйде емделіп жатыр, мектепке барып жүрген жоқ. Никитаның анасы полицияға арызданды.

“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі баланың денесіндегі жарақаттың ауырлығын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді шаралардың нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады”, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, полиция екі тарапқа татуласуды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер айыпталушыларға кешірім беруден бас тартты. Олар балаға шабуыл жасаған әйелді жазалауды талап етіп отыр. Сот сараптамасының қорытындысы сәйкес оның қандай жауапкершілікке тартылатыны белгілі болмақ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!