Connect with us

IN-THE-NEWS

Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жоғарғы қабаттан секіріп кеткен

Published

on

By

Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алынған пәтердің терезесінен секіріп, өз өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Halyqstan арнасының дерегіне сенсек, қайғылы оқиға Гвардейский ауылында болған. Алдын ала мәліметтерде қыз сол күні пәтер жалдап, онда кеш ұйымдастырып, 9-сыныпта оқитын бес жасөспірімді қонаққа шақырған. Жасөспірімдер 15-16 жаста, Отар ауылындағы №41 мектептің оқушылары. Олардың айтуынша, кеш барысында қыз бірнеше рет өмірімен қош айтысқысы келетінін айтқан.

Түн ортасында ол құрбысына “Мен сені жақсы көремін. Егер маған бірнәрсе болса, бәріңді жақсы көретінімді біліп жүр” деп хабарлама жіберген. Бұл сөздердің нақты мағынасы әлі белгісіз. Таң ата көпқабатты үйдің жанынан көрші үйдің тұрғыны қыздың жансыз денесін тапқан. Алдын ала деректер бойынша ол биіктен секірген.

Қыз Ырғайты колледжінің түлегі болған және оқу кезінде тәртіптік есепте тұрған. Оның анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Әйелдің көз жұмған қызынан бөлек әйелдің тағы төрт баласы бар. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Қайғылы оқиға кезінде кештегі жасөспірімдердің қыздың жанында болғаны не болмағаны белгісіз. Олардың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр. Қыз және жігіттердің барлығы Отар ауылында тұрған.

Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы үйлердің ауласынан 22 жастағы қыздың денесі табылғанын жаздық. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-ші қабатынан құлап кеткен. Полиция департаменті бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында жас қыздың мәйіті жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Президент Аслан Бжания отставкаға кетуден бас тартты

Published

on

By

Абхазия президенті Аслан Бжания оппозиция өкілдерінің Сухумдағы парламент ғимаратына наразылық шабуылына қарамастан отставкаға кетуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Sputnik Абхазия” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Аслан Бжания бұл наразылыққа бола қызметінен ешқайда кетпейтінін алға тартты.

“Абхазия басшылығы, президент, вице-президент, премьер-министр, үкімет мүшелері осында. Абхазияда болады, осында қалады және әрі қарай жұмыстарын жалғастырады”, – деді ол үндеуінде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Президент бұл наразылық акцияларының республиканы тағы да үлкен мәселелер алдына қойғанын атап өтті. Сонымен қатар билік наразы топтың зардаптарын жоюға күш салатынын айтты.



Еске салсақ, Абхазияда наразы халық үкімет ғимараттарын басып алған еді. Олар Абхазияның Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісіміне қарсы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайды

Published

on

By

Жаңа жылдан бастап жеке тасымалдаушы есебінде тіркелмеген таксисттер “Яндекс”, “Индрайв” секілді платформалар арқылы тапсырыс қабылдай алмайды. Олар сонымен қатар медициналық тексерістен өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сондай-ақ, әрбір жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі. 

“Медтексерістен өту дегенге мен негізі өзім қарсымын”. Жолға шығардың алдында әркез тексеріліп отыру қиын ғой. Дегенмен сегіз сағаттан артық жүрмеуді қолдаймын. Апат сол кезде азаяды деп ойлаймын”, “Бізді тіркемей ме, мысалы оң рөлді. Осыны алдық бала-шағаны асырау үшін. Енді қалай сонда бала-шағамызды асыраймыз. Оң рөлді алып тастауына қарсымын”, – деп пікір білдірді жүргізушілер. 

Жүргізушілер кейбір талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Пікірлерінше, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді түбегейлі онлайн агрегаторлардан алып тастау дұрыс емес. Дегенмен бұл таксисттерге қойылатын жаңа талап өзгермейін деп тұр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. 

Комитет өкілінің айтуынша, қазір интернет-агрегаторлар қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр. Өйткені, жүргізушіні тіркеп, талапқа сәйкестігін нақтылайтын өздері. Тапсырысты да солар үлестіреді. Сондықтан талаптардың орындалған, орындалмағанына көз жеткізулері шарт. 

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап InDrive және Яндекс таксилері оң рульді көліктермен жүре алмайтынын хабарлаған болатынбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Облыс әкімі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында некелесу күні әлдекімдер өлтіріп кеткен 22 жастағы Диас Сәкеновтың өліміне қатысты жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видео кадрларынан

12 қарашада жас жұбайлар некелесу күні Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде жүргенінде күйеуін өлтіріп әлдекімдер өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, барлығы 1,5 минутта болған. Ешкім әрекет етіп үлгере алмай қалған.

“Бейнебақылау камераларынан қарап шынымен оқиғаның өте тез болғанын ұқтық. Бәрі 1,5 минутта болған. Жігіттер бірге әңгімелесіп, күіп-онап отырған. Тіпті бір-біріне қас деп те ойламайсың. 

Осы жайттан соң өңір әкімі барлық ойын-сауық мекемелеріне азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін белгілі бір талаптар қойылатынын атап өтті. Бірінші кезекте – бұл бейнебақылау және лицензияланған күзеттің болуы. Енді қала бойынша мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, олардың тізімі жасалады екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талапты бұзғандарға әкімшілік немесе өзге де жазалар қолданылатын болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс шеңберінде мекеме басшылығы тарапынан қандай олқылықтар болғанына құқықтық баға берілетін болады. Яғни, күзет қайда болды, неге құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланбады және т.б.”, – деді Ахметжанов.

Еске салсақ, Көкшетауда әлдекімдер 22 жастағы жігітті некелесу күнінде өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!