Connect with us

IN-THE-NEWS

Баланың анасы фотостудияның салғырттығын кінәлайды (видео)

Published

on

By

Алматыдағы фотостудияда отбасылық фотоға түсуге келген кезде 4 жасар қыздыың үстіне үлкен айна құлаған. Анасы Сарбиназдың айтуынша, бала моральдық және физикалық азап шекті. Ол фотостудия өкілдерінің кінәларын мойындамай, жалтарғандарына наразы. Сондай-ақ іс тоқтап қала ма деп алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Алматылық Сарбиназ 25 қазанда etage15 атты фотостудияға отбасымен барған. Күйеуі, 4 және 1,5 жасар қызымен келген. 

“Фотостудияға келгеннен кейін 20 минуттан соң қатты дүрсіл естілді. Қарасам, қызым Алая сынған әйнектердің арасында қан-қан болып жатыр. Оның үстіне 80 кг-лық айна құлады. Айнаны бекітпей, қабырғаға қисайтып, сүйеп қойған екен. Ол туралы ескерткен жоқ, жай тиіп кеткенде құлауы мүмкін”, – деді Алаяның анасы.

Қызды жедел жәрдем алып кеткен. Оның беті мен қабағы қатты кесілген, миы шайқалған.

Әйел фотостудия басшылығының әрекетіне наразы. Сөзінше, ондағы ер адам дөрекілік танытып, өзін кінәлаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жедел жәрдемнен соң фотостудиядан 1,5 жасар қызымды алып кетуге келдім. Ер адам өзін фотостудия басшысымын деп таныстырды. Мен одан айнаны неге қабырғаға бекітпегенін сұрадым, ол дөрекілік танытып, өзімді кінәлі етті, боқтық сөздер айтты. Олар қызмет көрсеткесін қауіпсіздікке жауапты болуы керек. Балалармен келетінімізді білді. Сол айна 1,5 жасар балама да құласа не болар еді?”, – деді ол.

Сөзінше, фотостудия тарапы кешірім сұрап, хабарға да шықпаған. Енді ана іс аяқсыз қала ма деп қорқады.

Stan.kz тілшісі жағдайға байланысты полиция департаментінен пікір сұрады.

“Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр.  Іс-шаралар кешенінің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайды

Published

on

By

Жаңа жылдан бастап жеке тасымалдаушы есебінде тіркелмеген таксисттер “Яндекс”, “Индрайв” секілді платформалар арқылы тапсырыс қабылдай алмайды. Олар сонымен қатар медициналық тексерістен өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сондай-ақ, әрбір жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі. 

“Медтексерістен өту дегенге мен негізі өзім қарсымын”. Жолға шығардың алдында әркез тексеріліп отыру қиын ғой. Дегенмен сегіз сағаттан артық жүрмеуді қолдаймын. Апат сол кезде азаяды деп ойлаймын”, “Бізді тіркемей ме, мысалы оң рөлді. Осыны алдық бала-шағаны асырау үшін. Енді қалай сонда бала-шағамызды асыраймыз. Оң рөлді алып тастауына қарсымын”, – деп пікір білдірді жүргізушілер. 

Жүргізушілер кейбір талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Пікірлерінше, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді түбегейлі онлайн агрегаторлардан алып тастау дұрыс емес. Дегенмен бұл таксисттерге қойылатын жаңа талап өзгермейін деп тұр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. 

Комитет өкілінің айтуынша, қазір интернет-агрегаторлар қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр. Өйткені, жүргізушіні тіркеп, талапқа сәйкестігін нақтылайтын өздері. Тапсырысты да солар үлестіреді. Сондықтан талаптардың орындалған, орындалмағанына көз жеткізулері шарт. 

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап InDrive және Яндекс таксилері оң рульді көліктермен жүре алмайтынын хабарлаған болатынбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Облыс әкімі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында некелесу күні әлдекімдер өлтіріп кеткен 22 жастағы Диас Сәкеновтың өліміне қатысты жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видео кадрларынан

12 қарашада жас жұбайлар некелесу күні Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде жүргенінде күйеуін өлтіріп әлдекімдер өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, барлығы 1,5 минутта болған. Ешкім әрекет етіп үлгере алмай қалған.

“Бейнебақылау камераларынан қарап шынымен оқиғаның өте тез болғанын ұқтық. Бәрі 1,5 минутта болған. Жігіттер бірге әңгімелесіп, күіп-онап отырған. Тіпті бір-біріне қас деп те ойламайсың. 

Осы жайттан соң өңір әкімі барлық ойын-сауық мекемелеріне азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін белгілі бір талаптар қойылатынын атап өтті. Бірінші кезекте – бұл бейнебақылау және лицензияланған күзеттің болуы. Енді қала бойынша мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, олардың тізімі жасалады екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талапты бұзғандарға әкімшілік немесе өзге де жазалар қолданылатын болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қылмыстық іс шеңберінде мекеме басшылығы тарапынан қандай олқылықтар болғанына құқықтық баға берілетін болады. Яғни, күзет қайда болды, неге құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланбады және т.б.”, – деді Ахметжанов.

Еске салсақ, Көкшетауда әлдекімдер 22 жастағы жігітті некелесу күнінде өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлемдегі саяси жаңалықтарға апталық шолу

Published

on

By

Байден мен Трамптың кездесуі

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп пен президент Джо Байден Ақүйде кездесті. Бұрыннан келе жатқан саяси бәсекелестер кездесуде Украина мен Таяу Шығыс мәселесін талқылаған.

“Олар ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саясат мәселелерін талқылады. Мазмұнды кездесу болды”, – деді Ақүйдің баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер.

Кездесу шамамен екі сағатқа созылған.

Фото: Reuters

Байден Украинаны қолдау АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін пайдалы екенін айтып, Еуропадағы тұрақтылық Американы соғыстан алшақтататынын айтқан.

Ал Трамп Ресей-Украина соғысын тез арада тоқтатуға уәде берді. Трамп New York Post газетіне сұхбатында Байден екеуі “Таяу Шығыс туралы көп сөйлескенін” мәлімдеді. 

Кездесу барысында билікті ауыстыру бейбіт түрде өтетіні де айтылды.

“Жоспарлы түрде жасалатын биліктің ауысуын асыға күтеміз. Сізге қажеттінің барлығын қамтамасыз етуге дайынбыз. Қайтадан қош келдіңіз!” – деді Байден.

Дональд Трамп 20 қаңтар күні билікке келуі тиіс. 

Байденннің жұбайы Джилл Байден күйеуімен бірге Трампты қарсы алған. Джилл Трамтың әйелі Мелания Трампқа қолжазба құттықтау хатын жіберіп, командасының ауысуына көмектесуге дайын екенін жеткізген.

Трамптың жаңа үкіметі

Дональд Трамп өзінің жаңа әкімшілігін құруда маңызды тағайындаулар жасауда, олардың арасында танымал тұлғалар мен сенімді жақтастары бар. Бұл тағайындаулар оның “Әуелі Америка” ұранын іске асыру және бюрократияны қысқарту бойынша мақсаттарына сәйкес келеді.

Илон Маск және Вивек Рамасвами: Үкімет тиімділігі департаменті

Дональд Трамп Илон Маск пен Вивек Рамасвамидің жаңадан құрылған үкімет тиімділігі департаментін басқаруға шақырды. Бұл жаңа орган мемлекеттік шығындарды қысқартып, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруға, артық ережелерді жоюға және федералды агенттіктерді қайта реттеуге бағытталған. Трамптың айтуынша, бұл екі тұлға бюрократиямен күресіп, федералды жүйені жаңартуға көмектеседі.

Пит Хегсет: Қорғаныс министрі

Трамп қорғаныс министрі қызметіне Fox News арнасының танымал тележүргізушісі және әскери ардагер Пит Хегсетті ұсынды. 44 жастағы Хегсет Ауғанстанда, Иракта және Кубадағы Гуантанамода қызмет еткен. Оның Трамптың көзқарастарымен сәйкес келетін консервативті ұстанымдары бар, бұл оның әскери және саяси шешімдерінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Трамп Хегсетті “күшті әрі ақылды адам” ретінде сипаттап, оның басшылығымен АҚШ әскери күштерінің жаңарып, бұрынғы күш-қуатын қайтаратынына сенім білдірді.

Джон Рэтклифф: CIA директоры

Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде ұлттық барлау қызметінің директоры болған Джон Рэтклиффті қайтадан осы қызметке тағайындауды шешті. Ол енді Орталық барлау басқармасының (CIA) директоры қызметін атқарады. Рэтклифф 2019 жылғы Трамптың импичменті кезінде президенттің басты қорғаушыларының бірі болған, бұл оның Трамптың сенімді адамдарының бірі екендігін көрсетеді.

Майкл Уолтц: Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші лауазымына өкілдер палатасының республикалық мүшесі Майкл Уолтц тағайындалды. Ол Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысып, Ақ үй мен Пентагонда саяси кеңесші қызметін атқарған. 

Кристи Ноем: Ішкі қауіпсіздік министрі

Оңтүстік Дакота штатының губернаторы Кристи Ноем Ішкі қауіпсіздік министрлігін басқаратын болады. Ноем 2019 жылдан бері Трамптың сенімді жақтаушысы ретінде танылып, заңсыз иммиграцияға қарсы қатаң шараларды қолдаған. Ол сондай-ақ пандемия кезінде бетперде кию сияқты қауіпсіздік шараларына қарсылық танытуымен есте қалды.

Майк Хакаби: АҚШ-тың Израильдегі елшісі

Израильдегі АҚШ елшісі қызметіне Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Майк Хакабиді тағайындалды. Хакаби бүкіл мансабында Израильдің мүдделерін, соның ішінде оның Батыс жағалауға деген талаптарын белсенді түрде қорғаған. Бұл тағайындау АҚШ-тың Израильге қолдауын күшейтуді көздейтінін көрсетеді.

Ли Зельдин және Том Хоман: Экология және иммиграция мәселелері

Нью-Йорк конгресінің бұрынғы өкілі Ли Зельдин қоршаған ортаны қорғау агенттігін басқаруға шақырылды. Ал бұрынғы иммиграция қызметкері Том Хоман иммиграция және кедендік бақылау департаментінің директоры болады. Бұл тағайындаулар Трамптың экологиялық және иммиграциялық саясатты қатаң бақылауға алуға ниетті екенін білдіреді.

Трамптың тағайындаулары оның жаңа әкімшілігінің алдағы кезеңдегі саяси бағыттарын айқындайды. Бюрократияны қысқарту, ұлттық қауіпсіздікті күшейту және сыртқы саясаттағы консервативті қадамдар – Трамптың басты мақсаттарының бірі болып отыр.

АҚШ-тың жаңа билігі: Сарапшылар не дейді

Фото: Reuters

Сарапшылардың айтуынша, Трамптың тағайындаулары сенімділік тудырмайды. Корнелл университетінің үкімет профессоры Ричард Бенсельдің айтуынша, кадрлық тұрақсыздық бірінші кезекте тәжірибесіз тұлғалардың таңдалуымен байланысты. Ол жаңа әкімшіліктің алғашқы айларында кадрлық өзгерістер мен әкімшілік қателіктер жиі болатынын айтты. Сонымен қатар, ол қорғаныс министрі Пит Хегсет пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолцтың тағайындалуы тәжірибенің аздығы мен саясаттағы біліктіліктің жеткіліксіздігіне байланысты алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

“Бақылаушылардың көпшілігі Трамптың тағайындауларына күмәнмен, қорқынышпен және жиіркенішпен қарады. Оның кейбір кандидатуралары Сенат тарапынан бекітілмеуі мүмкін, бірақ Трамп бұл мәселені шешудің жолдарын табатыны сөзсіз. Тәжірибелері аз Хегсет пен Уолцты негізгі лауазымдарға тағайындауы алаңдаушылық тудырады. Олардың тәжірибесі болмаса да саяси идеяларға адалдығы ескеріліп отыр. Бұл қателіктерге алып келуі мүмкін”, – дейді Ричард Бансель.

Калифорния технологиялық институтының саясаттану профессоры Родерик Кивиет те осыған ұқсас пікір білдірді. Ол Трамп әкімшілігінде кадрлардың жиі ауысуы бұрынғыдай жалғасатынын айтты.

Марко Рубионың мемлекеттік хатшы ретінде тағайындалуы ең “дәстүрлі” шешім ретінде қабылданды, бірақ сарапшылар оның Трамптың саясатын ұстануы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайдың Рубио мен Трамп арасында келіспеушілікке әкелуі мүмкін деген болжам жасалуда.

Илон Маск пен Вивек Рамасвамидің жаңа департаментті басқаруы жұртшылық арасында қызығушылық туғызды, бірақ олардың саяси әсері айтарлықтай болмауы мүмкін. Бенсельдің айтуынша, Масктың үкіметтік жұмыста шыдамдылығы жеткіліксіз болуы мүмкін, дегенмен ол федералды үкіметтің бюрократиясын шектеу мәселесінде белгілі бір табыстарға қол жеткізуі мүмкін.

“Маск – тамаша кәсіпкер және тәжірибелі шоумен. Бірақ бұл ол үкіметтің жұмыс істеу жүйесін түсіне алады дегенді білдірмейді”, – деді Бенсель.

Трамптың жаңа әкімшілігі бірқатар маңызды өзгерістерге дайындалып жатқанда, сарапшылар кадрлық тұрақсыздық пен басқарудағы қателіктер саяси сахнада айтарлықтай қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтады. 

АҚШ Украинаға уәде етілген көмектің барлығын жеткізбек

Фото: pixabay.com

АҚШ қорғаныс министрлігі АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден кеткенге дейін Киевке Конгресс мақұлдаған 7,1 миллиард долларлық көмекті жеткізу үшін Украинаға тұрақты түрде қару-жарақ жөнелтпек. Бұл туралы Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх мәлімдеді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Президент конгресс рұқсат еткеннің барлығын қызметінен кеткенге дейін жіберетін айтты”, – деді ол мәлімдемесінде.

Сабрина Сингх бұл Байден қабылдаған міндеттеме екенін және Пентагон оны орындауды жалғастырып, Украинаға апта сайын көмек пакеттерін жіберіп отырғанын атап өтті. 

“70 күннен де аз уақытымыз бар. Департамент қысқа уақыт ішінде жақсы жұмыс істеуі қажет. Киевке жіберілетін қарулар елдің қорғаныс қабілетіне әсер етпеуі үшін қоймалар үнемі толықтырып отыратын болады”, – деді Сабрина Сингх.

АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін, яғни 2025 жылдың 20 қаңтарында толығымен ауысатын болады.

НАТО бас хатшысы Рютте: Украина жеңіліп, өз аумақтарынан айырылып жатыр

Фото: АР

Украина қазіргі майдандағы жағдайларда өз аумақтарынан айырылып жатыр, сондықтан оған қолдау көрсетуді жалғастыру қажет деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Марк Рютте Варшавада өткен баспасөз мәслихатында.

“Алдағы қыста және қажет болған жағдайда ұзақ мерзімде Украинаға қорғаныстық көмекті жалғастыруымыз керек. Біз оларға аумақтарын жоғалту жағдайынан шығуға және жағдайды тұрақтандыруға көмектесуіміз қажет. Алдыңғы шепте жағдайды тұрақтандырып, содан кейін ресейліктерден жоғалтқан жерлерін қайтарып алу қажет,” – деді Рютте.

НАТО бас хатшысы сондай-ақ әскери операцияларда жаңа бетбұрыс байқалғанын атап өтті. Ол Солтүстік Корея әскерлері Ресей аумағына жіберілуі туралы пікір білдірді. Рюттенің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин бұл үшін Солтүстік Кореяға ақша мен зымыран технологияларын береді. Ол мұны “қауіпті қадам” деп атады. 

Бұған дейін Рютте Франциядағы конференцияда Батысты Украинаға көмекті арттыруға және қақтығыстың “траекториясын өзгертуге” шақырған болатын. Ол Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяның бірлескен әрекеттері НАТО-ға қауіп төндіретінін айтты.

Еске салсақ , 6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен кейін, Ресей қорғаныс министрлігі Донбасстағы шабуылдардың қарқынының артқанын хабарлады. Содан бері Украинаның бірқатар елді мекендері Ресейдің бақылауына өтті. Сонымен қатар, 2024 жылдың маусымында қол қойылған Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, солтүстік кореялық әскерилер Курск облысына әкелінген.

Израильдің Сирияға шабуылы

Фото: EPA/UPG

Бейсенбі күні Израиль Сирия астанасы Дамаск қаласының батысындағы ауданға және қала шетіндегі аумаққа екі әуе шабуылын жасады. Салдарынан 15 адам қаза тауып, 16 адам жараланған.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дамасктің Маззе ауданында және астананың солтүстік-батысындағы қала маңындағы әуе шабуылдары екі ғимаратқа соққы берген.

Маззедегі оқиға орнынан зымыран соққысынан бес қабатты ғимарат зақымдалған.

Израиль әскерлері Сириядағы “Исламдық жиһад” содырларының басқару орталықтары мен инфрақұрылымдық нысандарына соққы бергенін және “террористік ұйымның басқару орталығы мен оның жедел қызметкерлеріне үлкен шығын келтіргенін” мәлімдеді.

Дамаск пен оның маңындағы әуе шабуылдары Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Лариджанидің Сирия астанасында Палестина фракцияларының өкілдерімен кездесуінен бұрын жасалған.

Палестиналық исламдық жиһад тобының ресми өкілі Маззедегі шабуыл олардың кеңселерінің бірін нысанаға алғанын және топтың бірнеше мүшесінің қаза тапқанын мәлімдеді.

Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің әуе қорғанысы орталық Хомс қаласының оңтүстігіндегі “дұшпандық нысанаға” қарсы іске қосылғанын хабарлады. 

2011 жылы Сириядағы азаматтық соғыс басталғаннан бері Израиль Сирия әскері мен Иран қолдайтын күштердің әскери нысандарына бірнеше рет шабуылдар жасады. Израиль Сириядағы нысандарға осыған дейін де соққы жасаған. 

Израильдің Бейрутты атқылауы

Фото: ВВС

Израиль Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде орналасқан Дахия ауданына төрт әуе шабуылын жасады.

Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдар Хезболла қозғалысының тірегі саналатын Дахия ауданы Губейриге бағытталған.

Бұған дейін Израиль армиясының өкілі X әлеуметтік желісінде Губейридегі екі нысананың белгілері бар карталарды жариялап, шабуылдар туралы ескерткен.

Абхазияда оппозиция наразылыққа шықты

Фото: ТАСС

Абхазия парламенті маңында оппозиция жақтастары мен Халық ассамблеясы ғимаратын күзетіп тұрған қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды.

Оппозиция жетекшісі Адгур Ардзинба шерушілердің парламент отырысын өткізуді және Ресей Федерациясымен инвестициялық келісімді ратификациялаудан бас тартуды талап етіп отырғанын айтты. Шерушілер қоршаудың бір бөлігін жүк көлігімен бұзып, парламент ғимаратына басып кірді.

Наразылық акциясына қатысушылардың алдына мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Дмитрий Дбар шыққан. Ол оппозицияның талаптарын республика президенті Аслан Бжанияға жеткізуге уәде берді.

Жұма күні таңертең халық ассамблеясының спикері Лаша Ашуба депутаттар күн тәртібін бекіте алмағандықтан, парламент отырысының өткізілмейтінін хабарлады.

Оппозиция ресейлік заңды тұлғалардың республика аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялауға қарсы.

Оппозиция жетекшісі Адгур Ардзинбаның айтуынша, наразылық білдірушілер парламент отырысын өткізуді және ресейлік заңды тұлғалардың республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялаудан бас тартуды талап етіп отыр.

Президенттің отставкасы талап етілді

Абхазия оппозициясы республика президенті Аслан Бжанияның отставкаға кетуін талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.

“Біз енді Абхазияның қазіргі президентінің отставкаға кетуін талап етеміз. Бүгінгі оқиғалардың Абхазия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ екенін ерекше атап өткім келеді. Біздің республикада Ресейге қарсы көзқарастағы бірде-бір адам жоқ”, – деді ол.

Парламенттегі келіссөздерден кейін шерушілер алдына шыққан оппозиция жетекшілерінің бірі Темур Гулия шерушілерге Ресеймен инвестициялық келісімнің күшін жою туралы келісімге қол жеткізілгенін, қазір тиісті құжат дайындалып жатқанын айтты.

Абхазия президентінің әкімшілігі “Абхазия үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы ресейлік заңды тұлғалардың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын парламенттен қайтарып алу туралы құжаттың дайындалғанын растады.

Абхаз президентінің баспасөз қызметі Интерфакс агенттігіне “бұл шешім республикадағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданғанын” мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!