Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматылықтар Қазақстан бойынша ең көп киім алады

Published

on

By

Дүниежүзілік шопинг күніне орай Қазақстанда кең көлемде сатылымдар ұйымдастырылды. Статистика бойынша алматылықтар өте көп сауда жасайды. Соңғы екі айда 700 миллиард теңге сауда жасалған. Бұл басқа қалалармен салыстырғанда үш есе көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Статистикаға сүйенсек, ең көп киім алатындар Алматы, Астана және Қарағанды ​​облысында тұрады. Әрбір тұрғын ай сайын дүкендерге орта есеппен 120 мыңнан астам ақша жұмсайды.

“Бала кезімде ондай дүниелер көп болмаған. Ағаларымнан қалғанды киіп жүре бердім. Бірақ қазір өзім ақша табамын, мен жай ғана жаңа нәрселерді сатып алғым келеді. Күн сайын жаңа киім кигім келеді. “Қара жұма” басталғанда келуге тырысамын. Өйткені ақша үнемдегің келеді. Мен 5/2 кестесі бойынша жұмыс істеймін. Көбінесе демалыс күндері дүкенге барамын”, – деді алматылық Абай Арызбаев.

Сауда және жеңілдіктер мерекесі Қытайдан бастау алады. 30 жыл бұрын ондағы студенттер Бойдақтар күнін тойлай бастады. Жыл сайын 11 қарашада онда жалғызбасты адамдарға арналған шоулар мен концерттер ұйымдастырылды. 2009 жылдан бастап қытайлық маркетологтар бұл күнді сатылымдар тәсілі ретінде пайдалана бастады. Және бұл дәстүр бүкіл әлемде тез танымал болды.

“Мен студентпін. Жеңілдіктер күндері гардеробымды жаңарту өте ыңғайлы. Қазір онлайн қызметтер көп болса да, өте төмен бағада Қытайдан алдыруға болса да, мен жеке өзім қарап көргенді жөн көремін. Ұстап, сапасын тексеріп, киіп көру керек”, – деді тұрғын Аманғали Недірбаев.

Дүниежүзілік шопинг күні – сатушылар үшін де үлкен мереке. Дүкендер алдын ала дайындалады. Бұл күні жақсы ақша табуға болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Түнде де жұмысқа шығамыз. Тауарлардың бағасын өзгертіп, киімдерді шығарамыз. Біз залды акцияларға дайындап жатырмыз. Плакаттарды жабыстырамыз. Демалыс күндері және жарнамалық күндерде әдетте сауда орталығында адамдар көбірек болады. Сәйкесінше, дүкенде де жұмысшылар көп”, – деді сату жөніндегі кеңесші Әліби Шәкизат.

Психологтар киімді толтырып алмауға кеңес береді. Сөзінше, шопинг – бұл тәуелділік, одан арылу қиын. Оны тіпті лудомания, алкоголизм және нашақорлықпен салыстырады.

“Шопаголизм да алкоголизм, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік сияқты мания. Ол балалық шақтағы жан жарасынан бастау алады. Бұл жерде екі мәселе болуы мүмкін. Бірінші мәселе – ата-анасы бәріне рұқсат берді. Яғни олар бала үшін бәрін сатып алды, ештеңеден бас тартпады. Ал екінші мәселе – бала қаржылық қысым көрді, оған артық ештеңе алып бермеген. Мұндай жағдайда бала “Өскесін қалағанымды аламын” деп ойлап өседі”, – деді психолог Даниал Файзуллаев.

Өзгелердің тауар алу құмарлығын басқалар өз кәдесіне жаратады. Тіпті өнімдерді еш ойланбастан сатып алуға мәжбүрлейтін арнайы техникалар бар. Көбінесе мамандар бағаны қызыл түспен белгілеп жазады екен. Сонда клиент ойланбай алады деген тұжырым бар. 

“Неліктен кассаларда арзан тауарларды бірінші көрсетеді? Өйткені арзан нәрсені сатып алу үшін адам көп ойланбайды. Ал қымбат нәрсені таңдауға көбірек уақыт кетеді. Сондықтан кассаларда шоколадтар, шұлықтар және т.б. тұрады. Эмоцияға негізделген кез келген өнімді сатып алмас бұрын маркетологтар сізге өнімді сату үшін не істеп жатқанын білуіңіз керек”, – деді Қазақстан маркетинг клубының маманы Салтанат Қайыртаева.

Кейін сатып алған өніміңе өкініп қалмас үшін сарапшылар бірнеше кеңестер береді. Алдымен қажетті заттардың тізімін алдын ала жазып алыңыз. Және әрқашан біреумен дүкен аралаңыз. Себебі ол адам сізді кей саудада ойыңыздан айырады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты

Published

on

By

Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

“Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржяыай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.


Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады


Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық белгілі қоғам белсенділері “Асар-Уме” қайырымдылық қорының жұмысына күмән келтірген еді.

Оған қоса ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді

Published

on

By

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Электр қуатымен жүретін көліктердің жүргізушілері темір тұлпарларының электрокар екенін көрсететін арнайы белгі жабыстыруға міндетті. Заң сақтамағандарға алдымен ескерту беріледі, кейін 11 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл тәртіп тоқпен қуатталатын көліктерге арналған тұраққа қарапайым көліктердің тұруына жол бермеу үшін қажет. Сондықтан жасыл түсті арнайы жапсырманың болуы электромобиль жүргізушілерінің өздері үшін де ыңғайлы дейді министрлік өкілі.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Айта кетейік, шілде айында Қазақстанда енген заңға сәйкес электромобильдер тұрақ үшін ақша төлемейді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті

Published

on

By

Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Алаяқтар туралы видео әлеуметтік желіде тараған.

“Бастапқыда мен ол жерге келген кезде сұлулық салоны екен деп ойладым. Макияж жасап, фотосессия жасаймын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол жер косметолог қызметін ұсынды. Бірден келісім шартқа қол қойғызып, терімді тексерді. Артынша терімде әртүрлі сырқаттар бар екендігін айтты. 23 жаста болсам да терім 30 жастағы әйелдікі сияқты деді. Емімді 2 млн теңгеге шығады деді. Мен бетімді емдетемін деп те ойламағанмын”, – дейді алданған қыз. 

Алайда қызға алдап 400 мың теңгеге арнайы өнім сатқан. Артынша ол алған тауарын кері қайтармақ болған. Дегенмен қыздың бұл сұранысын компания қанағаттандырмаған көрінеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Астаналық блогер зардап шеккен қызбен бірге барып ақшасын кері қайтаруға көмектескен.

“Не себепті сіздер бірден ақшаны кері қайтаряп бермедіңіздер? Неге клиент ақшасын кері қайтару үшін қандайда бір бастықты күтуі керек? Неге тауарды кері қайтарамын деп тұрған сатып алушыны ойынан айнытуға күш салдыңыздар?” – дейді блогер жариялаған видеода. 

Блогер компания қызметкерлеріне заңға қайшы әрекет жасап жатқандарын айтып жүгінген және қыздың ақшасын қайтаруға көмектескен.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!