Еліміздегі ең үздік тұжырымдардың бірі саналатын Naiza лигасы кезекті 69 турнирін Алматыда өткізеді. Екі бірдей титулдық айқаспен қатар, еліміздің ең үздік жауынгерлері өнер көрсететін турнир алдында лига президенті Нұрбек Қарабала арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне экслюзивті сұқбат берді.
Фото: Naiza
– Нұрбек мырза, Рустем мен Данил арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы үшін келесі жоспар қандай? Жеңіл салмақта Фаниль Рафиков, Тамирлан Саралапов, Магомед Кабардиев сияқты мықтылармен не болмақ?
– Шынымен де қызықты жекпе-жек болады. Негізі, 2-3 ай бұрын Рүстем туралы “не істей аламыз” деп ойланған болатынмын. Бізде бір рет төбелесті, содан кейін басқа лигада төбелесемін деді, бірақ ол жақта жекпе-жек болмай қалды. Рүстем — Alash Pride тұжырымының бұрынғы чемпионы, жанкүйерлері көп, қызықты әрі жойқын төбелес көрсететін жігіттердің бірі. Қазақстанда ондай жігіттер көп емес деп айтсам, қателеспеймін. Донченкомен өте әсерлі жекпе-жек болады деп ойлаймын. Саят Әбдірахмановтың айтуынша, Данил UFC-ге баруға толықтай лайықты. Мұнда оның Рүстеммен кездесуі маңызды рөл атқарады. Егер Рүстем оны жеңіп кетсе, оның да болашағы жарқын болатынына күмәніміз жоқ. Себебі Донченко талай мықты қарсыластардан өткен. Ал егер Донченко жеңіске жететін болса, Naiza лигасы аясында келесі қарсыласы Саралапов болмақ. Оны да ұмытпау керек, ол да өте мықты. Мұндай жекпе-жек Қазақстандағы аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін өте қызықты болады деп ойлаймын.
– Қазақстандық көрермендер қазақтардың жеңісін көргенді ұнататын сияқты көрінді. Неліктен сіздер Дастанға қарсы мықты қарсылас таңдадыңыздар?
– Дастан болсын, басқа чемпиондарымыз болсын, олар өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Әрі қарай биік шыңдарға жетіп, алысқа бару үшін оларға өз деңгейінен жоғары қарсыластармен кездесу қажет. Сондықтан осындай Свищев сияқты қарсыластармен төбелесу керек. Вячеславтың деңгейі Дастаннан жоғары деп айтпаймын, бірақ оның бокс пен тәжірибеде аздап басымдығы бар. Дастан жеңіске жетсе, әлемдегі ең мықтылар қатарына қосыламын, UFC-ге барамын деген арманына бір қадам жақындай түседі.
– Соңғы жеңісінен кейін Дастан Амангелді Саят Абдрахмановпен келісімшартқа отырды. Егер ол осы жолы жеңсе, оны не күтіп тұр? Naiza чемпиондарын басқа лигалар тартып кететіндей көрінеді? READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
– Біз Дастанмен де, Айбек ағаймен де үнемі байланыстамыз. Бүгін танысқан жоқпыз, Naiza-ның алғашқы күнінен бастап “Еркін Күш” клубымен бірге жұмыс істеп келеміз. Сондықтан бір-бірімізге кеңес айтып, ақылдасып, сөзімізді тыңдап отырамыз. Меніңше, Дастан үшін UFC-ге баруға әлі ерте. Аз дегенде 10 жеңіске қол жеткізіп, соңғы 3 жекпе-жегін нокаутпен аяқтап, мықты қарсыластарын жеңетін болса, бұл UFC үшін де, қазақстандық жанкүйерлер үшін де қызықты болар еді және өзі де “мен дайынмын” деп сенімділікпен айта алатындай деңгейге жетер еді.
–Екі басты жекпе-жектен басқа қайсысын күтудесіз?
– Грек-рим күресінен әлем чемпионы Бағлан Жақанша бар. Ол лигамыздың үздік жауынгерлерінің бірі. Елжан Әлиасқар бар, ол Дастанмен өте әдемі және қарқынды жекпе-жек көрсетті, бұл нағыз қанды шайқас болды. Сырым Бектұрсын және жақында Қазақстан азаматтығын алған қандас бауырымыз Еділ Оразбек бар. Сондай-ақ, мен жастардың жекпе-жектерін де көргім келеді.