Connect with us

IN-THE-NEWS

Жапонияның премьер-министрі сайлау кезінде ұйықтап қалған

Published

on

By

Жапонияның премьер-министрі қайта сайлану кезінде ұйықтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Жапония премьер-министрі Шигеру Ишиба өзінің қайта сайлануы үшін дауыс беру жүріп жатқан кезде ұйықтап қалған. Премьер-министрдің оғаш әрекетіне қарамастан, парламент оған тағы да сенім білдіріп, үкімет басшысы етіп қайта сайлады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Ишиба сайлаудың екінші турында 221 дауыс жинап, жеңіске жетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

2025 жылы Алматыда тұрғын үйді басқару және ұстаудың ең төменгі тарифі қымбаттамақ

Published

on

By

Келер жылы Алматыда тұрғын үйді күтіп-ұстаудың ең төменгі тарифі өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

2010 жылдан бері қолданыста болған ескі нормалар енді өзектілігін жоғалтқан. Сол себепті тариф қымбаттайды.

“Бұрын ең төменгі тариф 1 м² үшін 25 теңге болатын және Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бір жыл мерзімге белгіленген болатын. Алматыда 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метрге 40 теңге мөлшерінде бекітілсін”, – делінген құжатта.

Белгілі болғандай, тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау шығындарына еңбекке, банктік қызметтерге, дератизация және дезинфекция жұмыстарына, сондай-ақ ортақ мүлікті ұстауға арналған міндетті жарналар кіреді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Соңғы 14 жылда жылына орта есеппен 7 пайыз инфляцияны ескере отырып, жұмыс тобы тарифті қайта есептеді. 2023 жылдан бастап аулаларды күтіп ұстау жергілікті бюджеттен қаржыландырылатынын, ал күрделі жөндеу жұмыстары жеке жинақ шотынан жүргізілетінін ескеру қажет.



Алматыда шамамен 9 мың көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың 5500-ден астамында тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған тариф 1 м² үшін 40 теңгеден төмен.

Құжат 5 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін “Ашық НҚА” сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев елімізде коммуналдық қызмет тарифтерін өсіру керегін айтқан еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Жауын-шашын тоқтайды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Published

on

By

Қазгидромет еліміз бойынша 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Рixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде Сібір антициклоны ықпал ететітінін жеткізді. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі көктайғақ болжанған. Республика бойынша түнде және таңертең тұман болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда 2050 жылға қарай халықтың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде тұрады – Сарапшылар

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде ерлі-зайыптыны қағып өлтірген полиция жәбірленушілерге талап қойды

Published

on

By

34 жастағы полиция қызметкеріне екі баппен айып тағылды. Ол мас күйде түнде велосипедпен үйге қайтып бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші тарап пікір білдіруге қорқып отыр. Айыпталушы тарап материалдық көмек берген кезде “журналистерге айтпа” деген талап қойған. 25 жастағы ерлі-зайыптының артында екі бала жетім қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Коллаж/Stan.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі адамның өлтірді деп айыпталған полиция қызметкеріне қатысты соттың алғашқы тыңдалымы өтті.

Сотталушы полиция қызметкері 34 жастағы Азамат Симанов соңғы рет №4 қалалық полиция бөлімінде жедел кезекші болып жұмыс істеген. Отбасылы оның кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар.

“Ол қылмыстық кодексiнің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша айыпталады”, – делінген хабарламада.

Велосипедпен жол шетінде кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыны полиция қызметкері көлікпен қаққан. Жол апаты кезінде 25 және 26 жастағы ерлі-зайыпты оқиға орнында мерт болды. Айыптау актісінде полиция қызметкерінің көлікті мас күйінде жүргізгені айтылды.

“Сағат шамамен 00:10-да Азамат Симанов жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлікке отырып, Ақжар-2 тұрғын алабы маңында жол ережесін сақтамай, сағатына 121 шақырым жылдамдықпен жүрген. Ол жылдамдықты асырып, жолдағы көру мүмкіндігін ескермеген. Жылдамдықты түсірмеді. Оқиға болған жерде сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүру тиіс. Сол күні Ақжар-2 тұрғын алабында велосипедке мінген 1998 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйелді қағыт кетті. Кейін Симанов жол-көлік оқиғасынан кейін қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Жәбірленушілерге жедел жәрдем де шақырмады. Сот-медициналық сараптама қорытындысында Симановтың жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды”, – деді прокурор Сәкен Бертілеуов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Stan.kz

Жәбірленуші Кенжебаев бас-ми жарақатынан, көп қан жоғалтқаннан, көптеген дене жарақатынан қайтыс болды. Әйелі де түрлі дене жарақанынан оқиға орнында көз жұмған. Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптан қайтыс болған ерлі-зайыптының аналары отырды. Марқұмдардың 4 және 3 жастағы балалары ата-әжесімен тұрады.

“Немерем мен келінім екеуі сол күні біздің үйге келді. Түнгі  сағат 12:00-де басқа немеремді туған күнімен құттықтап кеткен. Біз Ақжар ауданында тұрамыз. Олар Есет батыр ауданында тұрады. Оқиға қайтар жолда болып тұр. Ол туралы біз тек таңертең естідік. Қазір айыпталушы бізге үш бөлмелі үй алып берді, материалдық көмек көрсетті. Ол жақ бізге үй алып бергенде талап қойды. Құжат дайындау кезінде медиатор әкелді. Шарттарға қосқан. “Журналистерге, телевидениеге ештеңе айтпайсыңдар, айтсаңдар келісім шартты бұзып, үйді алып кетеміз” деген. Қазір олардың алып берген үйде әке-шешесі солардың балаларымен тұрып жатыр. Олар осыған дейін пәтер жалдап тұрды”, – деді марқұмдардың әжесі Рая Имашева.

Қария соттан ештеңе талап етпейтінін, кешірім беретінін айтты. Сондай-ақ айыпталушыға сот қандай жаза тағайындаса да келісеміз деп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!