Connect with us

IN-THE-NEWS

Астанада оқушы мейіргер берген дәрілерді ішіп уланып қалды

Published

on

By

Астанадағы №27 мектеп-гимназиясында сегіз жастағы оқушы мейіргер берген дәрілерді ішіп, уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/Айсәуленің анасы

Сабақтан кейін үйіне әрең жеткен Айсәуле есік ашқан анасының алдында құлаған. Мұны көрген анасы қызын әлдекімдер ұрып тастады деп ойлаған. Алайда оқушының медицина қызметкерінің берген дәрілерінен уланып қалғаны анықталды. 

“Құса бастады. Мен болғанын түсінбей, мең-зең болдым. Ол да аң-таң. Сабақтың бітуіне бір сағат қалғанда оны мейіргер шақырып алған. Сөйтіп менің рұқсатымсыз қызыма 8 дана дәрі берген. Оны дәрі ішуге мәжбүрлеген кезде қызым қанша дәрі ішкенін санаған”, – дейді Айсәуленің анасы.

Жедел жәрдем келіп тексерген соң “жүйелі антибиотиктермен улану” деген диагноз қойды. Баласының не себепті мұндай жағдайға түскенін білу үшін ата-ана мектеп директорымен сөйлеспек болды. Алайда оған хабарласа алмаған. Бетпе-бет кездескенде де мектеп директоры пікір білдіріп, жауап беруден бас тартты.

Қазір болған жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрлігі мән-жайды анықтап жатыр. 

“Аумақтық комитет қызметтік тексеру жариялады. “Менде ақпарат жоқ” деген сөз емес, оны айтып, жария қылудың мәні жоқ. Өйткені біз әлі тергеу жұмыстарын аяқтаған жоқпыз”, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оқушы қызға дәрі берген медицина қызметкері оқу орнының өзінде емес, қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтңн  белгілі болды. Антибиотикпен емдеуді фтизиатр дәрігер тағайындаған, себебі қыз бір жылдай бұрын туберкулезбен ауыратын сыныптасымен байланыста болған. Бірақ Айсәуленің анасы Ақтамақ Аппас қызының сап-сау екенін айтады.

“Олардың барлығына манту салынды. Бүкіл сынып есепке алынды. Биыл оларды есептен алып тастады. Фтизиатр дәрігері бізді компьютерлік томографияға жіберді. Бала тексеруден өтті, дені сау, таяқшалар жоқ”, – дейді ол.

Десе де дәрігерлер мұндай жағдайда көрсетілген мөлшерде дәрі тағайындалатынын растады. Бірақ балаға дәрі-дәрмек берердің алдында ата-анасының келісімін алу керегін атап өтті.

“Мектептегі кез келген іс-қимыл, дәрі беру үшін ата-ананың келісімі қажет. Олар алдымен ақпараттандырылған келісімді толтырады, содан кейін ғана балаға кез келген дәрі-дәрмек беріледі. Ақпараттандырылған келісім әрқашан жазбаша түрде толтырылады”, – дейді педиатор дәрігер Жәмилә Иманәлиева.

Дәрігердің айтуынша, кез келген таблеткаларды тамақ кезінде немесе одан кейін қабылдау керек. Мейіргер Айсәулеге дәріні екінші ауысым біткенде, яғни аш қарынға берген.

Айсәуленің жақындары болған жағдайға қатысы барлардың жазасыз қалғанын қаламайды. Қыздың анасы қазірдің өзінде прокуратураға арыз жолдап, оқиғаның әділ зерттелуін талап етіп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Илон Маск өз рекордын жаңартып, қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды

Published

on

By

Америкалық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Фото: rbc.ru

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті. Бұл нәтиже Tesla акцияларының ішінара үздіксіз өсуіне байланысты. Сондай-ақ Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі бизнесменді саяси алаңға алып келді.

Илон Маск Tesla компаниясы жасаған жүргізушісіз таксиді таныстырды (видео) Трамп тележүргізушіні қорғаныс министрі етіп, Маскты департамент басшысы етіп тағайындамақ READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Маск алдыңғы рекордын 2021 жылдың қарашасында орнатқан. Ол кезде оның байлығы – 340,4 миллиард доллар болған.

Ал екінші орынды 219 миллиард доллармен Джефф Безос иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Иордания астанасындағы Израиль елшілігінің жанында атыс болды (видео)

Published

on

By

Аммандағы Израиль елшілігінің жанында оқ атылып, полиция аумақты қоршауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлердің айтуынша, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері тез арада дипломатиялық өкілдік орналасқан Рабия аймағына жеткен.



Полиция қызметкерлері тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Ал Қауіпсіздік күштері күдіктілерді іздеуге кірісіп кеткен. 

Шетелдік БАҚ мәліметінше, елшілікке жақын аумақта Израильге қарсы жиі қақтығыстар болып тұрады. 

Кейбір араб тілді БАҚ оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады.

Кейінірек басылым оқ атқан ер адамның өлтірілгенін хабарлады. Оқиға салдарынан кем дегенде үш полиция қызметкері жараланды.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасап, төрт адам көз жұмған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді

Published

on

By

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: freepik

Ақтөбе гарнизонының мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған. 

“Үш сарбаз жабылып соққыға жыққан дейді”: Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылды Қарағанды облысындағы гарнизонда әскери қызметкер өзін атып өлтірді

“2024 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз өзіне қол жұмсады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!