Connect with us

IN-THE-NEWS

Сөз бостандығына қатысты мәселе жоқ – Министр Аида Балаева  

Published

on

By

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Мәжіліс кулуарында журналистер Балаеваның франциялық әріптесімен кездесуі жайлы айтып, одан екі ел арасында сөз бостандығын салыстыруды сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әр елде бәлкім әлдекімдер жақсы немесе жаман деп бағалайды. Бірақ, меніңше, біздің елде сөз бостандығына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Сіз ойыңызды еркін жеткізесіз, петиция жариялай аласыз. Тіпті аккредиттеу мәселесіне қатысты келіспеушіліктер болса да, біз мұны құқықтық жолмен шештік, бұл өркениетті диалог барын көрсетеді. Заң мен тәртіп принципі сақталады, бұл мені қуантады. Сондықтан сөз бостандығымен бізде барлығы жақсы”, – деді Балаева. 

Еске салайық, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты пікір білдіріп, мұны астананы ауыстырумен салыстырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда биыл жол апатынан зардап шеккендердің саны рекордтық деңгейге жетті

Published

on

By

Қазақстанда биыл жол апатының болуы жиілеп зардап шекендер көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен. Деректерге сүйенсек 96% жағдайда жол көлік оқиғасының кінәлілері жүргізушілер (олардың 83% – ы ер адамдар). Ал жолаушылар арасында жиі зардап шегетін әйелдер мен балалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде әлемде жол апатының құрбандарын еске алады. Биыл атаулы күн 17 қарашаға келіп тұр. Бұл күні Қазақстанда да жол апаты мен өлім-жітім мәселелеріне назар аударатын іс-шаралар өтеді. 

Жол апатына байланысты статистикаға сүйенсек, 2024 жылы елімізде көрсеткіш нашарлаған. Апаттан зардап шеккендердің саны екі есеге, ал қаза тапқандар саны 9%-ға өскен. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында жол апатынан 29,5 мың адам зардап шеккен. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш (2023 жылы 14,5 мың адам зардап шекті). Осы кезеңде қаза тапқандар саны 2,1 мың адамды құрады. Ал 2023 жылы 1,9 мың адам қаза тапқан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өліммен аяқталған жол көлік оқиғасының үлесі 2023 жылы 12,7%-дан 2024 жылы 6,9%- ға дейін төмендеді. Қаза тапқандардың ең көп саны (736 адам) Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында тіркелген. Бұл ел бойынша құрбандардың жалпы санының 35%-н құрайды. Алстанада мұндай оқиғалар аз болған.



Деректердегі талдаға сүйенсек жол апатынан көп жағдайда (86%) ер адамдар құрбан болды. Олардың 79%- ы 18-49 жас аралығындағы жүргізушілер. Ал жолаушылар арасында (61%) әйелдер жиі зардап шегеді. Жол апатынан зардап шеккендердің айтарлықтай үлесін балалар құрайды. 2024 жылдың он айында 2,4 мың бала зардап шеккен.

Жаяу жүргіншілер де апаттың құрбаны болуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында жаяу жүргіншілерге жасалған 8,3 мың соққы тіркелді. Оның 34%- ы балалар, ал 48%-ы 18 бен 49 жас аралығындағы ересектер. 96% жағдайда жол көлік оқиғасының кінәлілері жүргізушілер (олардың 83% – ы ер адамдар) болды. 8% жағдайда кінәлілер оқиға орнынан жасырынған. Апат жағдайларының 2,2% – ы мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа бермек

Published

on

By

Аңызға айналған тұлға Шәмші Қалдыаяқовтың келіні театр директорларын сотқа тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/shamshi_alemy/

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде “Креативті индустрияны дамыту” тақырыбында өткен отырыста мәлімдеді.

“Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы “Сыған серенадасы” пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа барамыз, – деді марқұм сазгердің келіні. 



Сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Шәмші Қалдаяқов пен Латифа Хамидидің ұрпақтары авторлық құқық үшін төленетін қаламақысыз қалғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Енді шұғыл әскерге шақырту туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасынан көруге болады

Published

on

By

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы әскери қызмет туралы ақпаратты енді eGov Mobile қосымшасы арқылы алып, жіберуге болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

Бұл функция Сандық ақпарат қызметі жаңартылғаннан кейін пайда болады. Қолданбаның жаңа нұсқасыда екі жаңа цифрлық ақпарат қолжетімді болмақ:

  • Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;
  • Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

“Қазақстандықтар өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады. Ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болады”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сервисті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, “Мәліметтер” бөліміне өту;
  • “Тарих” бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;
  • Мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;
  • Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді “Қайтарып алу” батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!