Connect with us

IN-THE-NEWS

Отбасы банк тұрақты даму саласындағы позициясын Sustainable Fitch-тен ESG

Published

on

By

Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінен “3” деңгейіндегі ESG рейтингін алды. Бұл банктың тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растап, тұрғын үй қолжетімділігі мен әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қосқан үлесін айқындайды.

Бүгінгі таңда еліміздің ипотекасындағы Отбасы банк үлесі 53% құрайды. Банк елдегі экономикалық белсенді халқының 29%-дан астамын қамтиды. Сондай-ақ активтері мен меншікті капиталы бойынша төртінші орындағы банк болып табылады және 2024 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, жалпы несиелік портфелі 3,3 трлн теңгеге тең. 2023 жылдың соңында банктің жалпы несиелік портфелінің 34,4%-ын мақсатты әлеуметтік әсері бар несиелер құраса, 2024 жылдың қазан айына бұл көрсеткіш 38,2%-ға дейін өсті. Бұл әлеуметтік осал топтар мен тұрмысы төмен қазақстандықтарға арналған жеңілдетілген несиелер.

2024 жылдың 9 айында банктің өнімдері арқылы 48 548 қазақстандық отбасы заем алып, жаңа үйлеріне қоныстанды. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларының саны 2,7 миллион адамды құрайды. Бүгінде банктің депозиттік портфелі 2,3 триллион теңге. 2024 жылдың тоғыз айында Отбасы банкінде 350 029 адам жаңа депозиттер ашқан, бұл болашақта ең төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алып, баспанаға қол жеткізу үшін жасалған қадам.

ESG қағидаттарына бейілділік – Отбасы банкінің стратегиялық таңдауы. Біз әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз және тұрақты даму тек банк үшін ғана емес, қоғам үшін де табыс кепілі екеніне сенімдіміз. Біз “жасыл” несиелендіруді дамытып, гендерлік теңдік пен жас қазақстандықтарды қолдауды қолға алдық. Пилоттық “жасыл” ипотека жобасы аясында 27,2 млрд теңге сомасында несие берілді. “Ұмай” бағдарламасы бойынша қазақстандық әйелдерді қолдап, 3 661 азаматшаны өз үйімен қамтамасыз еттік. Әйелдерге арналған жалпы несие көлемі 41,3 млрд теңгені құрады. Алдағы жылы біз бұл жобаларды Азия даму банкімен ынтымақтастық аясында жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Банктың осы және өзге де жобалары БҰҰ тарапынан мақұлданған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, кедейлікті жоюға, өмір сүру деңгейін арттыруға, экономикалық өсуді күшейтуге, теңсіздікті азайтуға, тұрақты қалалар мен елдімекендерді дамытуға ықпал етуде, тұрғын үй тапшылығын азайтып, әлеуметтік осал топтардың өмір сүру жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Отбасы банк қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту, ресурстарды басқару, экологиялық акцияларды өткізу және қызметкерлерді тұрақты даму тәсілдерінің маңыздылығы туралы хабардар ету арқылы белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінде Қазақстан ESG тақырыбында экстенсивті дамудан тұрақты дамуға көшудің үлгісі болып табылады. ESG күн тәртібін дамытудағы маңызды мысалдардың бірі – 2023 жылдың ақпан айында Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының қабылдануы және климаттың өзгеру мәселелеріне жаһандық жауап ретінде ұлттық үлесті жаңарту болып табылады.

Отбасы банк – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын және әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй мәселелерін шешетін ірі әрі жалғыз қазақстандық банк ретінде ESG бағытында белсенді дамуда. Банк әртүрлі әлеуметтік бастамаларға қатысып, экологиялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending