Connect with us

IN-THE-NEWS

“Үй сияқты пісіріңіз” деген қате жарнамамен басы дауға қалған компания кешірім сұрады

Published

on

By

Алматы тұрғындары Airba Fresh азық-түлік жеткізу қызметінің баннерлеріндегі орысшадан қазақ тіліне дұрыс аударылмаған мәтіндерге шағымданды. Жарнамада орысшадан “Печем, как дома” тіркесі “Үй сияқты пісіріңіз” деп қате аударылған. Stan.kz тілшісі компания әкімшілігіне хабарласып, мән-жайды сұрап білді.

Фото: @GalacticPresid6 желідегі парақшасынан

12 қарашада @GalacticPresid6 есімді X әлеуметтік желісінің қолданушысы Алматыдағы Наурызбай батыр көшесі, 69 мекенжайындағы Airba Fresh жарнамалық баннерлерінің суреттерін жариялады. Жарнамада орыс тіліндегі фразалар қазақшаға сөзбе-сөз, бірақ мағынасы қате аударылған.

Мекеме “Печем, как дома” деген тіркесті “Үй сияқты пісіріңіз” деп аударған. Алайда бұл тіркестің қазақ тілінде мүлдем мағынасы керағар. Себебі қазақшаға “Үйдегідей пісіреміз” деп аударған дұрысырақ. Орысшадағы “Готовим еду дома” деген сөз қазақ тілінде “Үйдегідей әзірлейміз” деген мағына береді. Ал баннердеҮйде тамақ дайындау” деп жазылған. 

Бұдан бөлек желі қолданушысы сөздердің Google-дан тікелей аударылғанын көрсетеді.

Фото: @GalacticPresid6 желідегі парақшасынан скринделген

Өкінішке қарай, дүкеннің тағы бір жарнамасында “фермерские продукты” сөзін “ауыл шаруашылығы онімдері” деп жазған. Мұнда мағыналық және әріптік қате кеткен. “Онімдер” сөзіндегі “ө” әрпінің орнына “о” жазылған. Қазақ тілінің заңдылығына сай, “өнімдер” сөзінде “ө” әріпі жазылады. Ал “ауыл шаруашылығы” деудің орнына “шаруа өнімдері” деп жазған дұрыс.

Фото: @GalacticPresid6 желідегі парақшасынан

Кейбір оқырмандар миллиардтаған теңге инвестиция салынған компанияның аудармашы жалдауға мүмкіндігі жоқ екеніне наразылық білдірді.

Редакция компанияның маркетинг бөлімінің басшысы Артемий Овчаренкодан қазақ тіліндегі мәтіндерді қандай мамандар қарайтынын және жарияланбас бұрын тексеру мен түзету жүргізілетін-жүргізілмейтінін сұрады.

“Қате аударма баспаға соңғы түзетуден өтпеген, жобаланған жұмыс файлы жіберілгеннен болды. Штатымызда қазақша барлық материалдарды үнемі аударып, келісіп отыратын кәсіби аудармашы жұмыс істейді. Көрнекі материалдарға арналған аударманы да біздің маманымыз әзірлеп, дұрыс дайындалды. Өкінішке қарай, материалдарды баспаға жіберу кезінде қате жіберілді. Біз қатемізді мойындаймыз және оның маңызын түсінеміз. Мұндай қателерге жол берілмеуге тиіс және осы процестің әр кезеңінде бақылауды күшейтуге ниеттіміз”, – деді компанияның маркетинг бөлімінің басшысы Артемий Овчаренко.

Ол осы мәтіндерді аудару кезінде Google Translate автоматты аударма қолданылмағанын айтты. Оның айтуынша, өзі аударма сапасының маңызын түсініп, байланыс барысында автоматты аударма құралдарын пайдалануға қарсылық танытады.

Артемий Овчаренко бұған ұқсас қателерді болдырмау үшін алдағы уақытта аудармалардың сапасын бақылау және бекіту бойынша қандай шаралар қабылданатынын атап өтті. Олар:

  • Қазақша концепциялар жасау: “Дала Дәмі” жобасының үлгісі бойынша біз қазақ тілінде контент жасап, кейін оны басқа тілдерге аударатын тәжірибені дамытуға тырысамыз.
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • Әр кезеңде бақылау: Кәсіби аудармашымен жұмыс істеуді қатаң сақтау, автоматты аударма құралдарын пайдалануға тыйым салу және барлық кезеңді аудиттен өткізу.
  • Тіл аудиті және контентті жақсарту: Қолданыстағы материалдарға аудит жүргізу және қазақша контент бағдарламасын іске қосу.
  • Инициативті топты құру: Қазақ тілін меңгерген қызметкерлерден консультация алу және тіл дағдыларын арттыру үшін топ құру.
  • Тіл оқыту мектептерімен серіктестік: Қызметкерлер үшін қазақ тілін үйрету бағдарламасын тіл оқыту мектептерімен бірлесу арқылы іске асыруды қарастырып жатырмыз.

Сонымен қатар ол қатені жедел түзету және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін не істелетінін айтты.

  • Қате жазылған жарнамаларды алып тастадық.
  • Әлеуметтік желілерде клиенттерден ресми түрде кешірім сұрап, барлық сұраққа жауап бердік.
  • Жағдайды талдап, ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін жоспар әзірледік.
  • Біздің аудармашымыз дайындаған дұрыс жарнамаларды қайта жасай бастадық.
  • Қазақша контентті нығайту және тіл дағдыларын дамыту бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама әзірледік.

Маркетинг бөлімінің басшысы сайт пен мобильді қолданба қазақ және орыс тілінде қолжетімді екенін алға тартты.

“Біз қазақша контентті кеңейтуге тырысамыз, соның ішінде түпнұсқа материалдар жасау да бар. Жақын арада қазақ тіліндегі блогерлермен бірге видеоконтент шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазақ тілі – біздің басым бағытымыз және ол барлық байланыс арнасында болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрауға мүмкіндік бергеніңіз үшін ризалығымызды білдіреміз. Қоғамның реакциясын ескерсек, бұл жағдай барлық команда үшін маңызды сабақ болды. Осы оқиға бізді қазақша сапалы контентті дамытуға және процестерді жақсартуға күш салуға итермеледі. Біз қателерден сабақ алып, жақсара түсуге бел буып отырмыз”, – деп жауап берді компанияның маркетинг бөлімінің басшысы Артемий Овчаренко.

Айта кетейік, Airba Fresh 2021 жылы Қазақстанда ресми тіркелген. Компания құрылтайшысы Эдуард Ким – Қазақстандағы табысты кәсіпкерлердің бірі. Сервис 2022 жылы Алматыда белсенді түрде қызмет ете бастады және бұл жобаға 4 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған.

Ол “Technodom Operator” компаниясын Қазақстан мен Қырғызстанда басқарады. Сонымен бірге “Технодом Сервис”, “Технофитнес” және “Фаэтон” компанияларында үлесі бар. 2024 жылы Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің ішінде 43-орынға ие болды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен ұрып өлтірмек болған (видео)

Published

on

By

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен және балғамен ұрып өлтірмек болған. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Салдарынан жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолдары сынған. Әйелді әріптестері аман алып қалды. Артынша ер адам әйел жұмыс істейтін мектепке барып, баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры ер адамды мектеп ғимаратына кіргізбеген.

Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді”, – делінген хабарламада.\

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін көшеде соққыға жыққаны айтылды.


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қостанай облысының соты орман шаруашылығының бұрынғы басшысынан 21 миллиард теңге өндірді

Published

on

By

Қостанай облысында “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының бұрынғы басшысы Асхат Жақашев Аманқарағайдағы орман өрті үшін 21 миллиард 436 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

Экс-директор қазірдің өзінде өрт маусымында ағаш кесушілерді заңсыз жұмысқа жібергені үшін жазасын өтеп жатыр. Салдарынан 40 гектар орман мен ауыл тұрғындарының үйлері өртке оранды. 

Бір жыл бұрын “Басаман” орман шаруашылығы кәсіпорнының экс-басшысы Асхат Жақашев 4,5 жылға сотталып, жалпы режимдегі колонияға жіберілген еді. Дәл осы орман шаруашылығынан 2022 жылдың қыркүйегінде алапат өрт шықты. Жақашев өрт қаупі жоғары кезде Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына тыйым салынғанына қарамастан, жеке бригаданың орманда ағаш кесу жұмыстарына жіберген. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты. 

Сондай-ақ ағаш өңдеушілер ақшаны оның жеке шотына аударуға мәжбүр болған. Қазір Қостанай қалалық соты экс-директордан 20 миллиард теңгеден астам шығынды өндіріп алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Талап арызды ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекетке 21 миллиард 436 миллион шығын өндірілді. Оның 326 миллионы аудандық бюджетке, қалғаны облыстық бюджетке түсті. Сот ортақ үлестік меншікті құру және жұбайының ½ үлесін өндіріп алу туралы талаптарды мерзімінен бұрын қойылған деп санады”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.



Бұған дейін Қостанай облыстық соты Асхат Жақашевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тыйым салып, сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Астанада өрттен қаза тапқан төрт баланың өлімі туралы көршілері айтып берген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық балуан Армениядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

By

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінен тағы бір қола жүлде қоржынымызға түсті. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!