Connect with us

IN-THE-NEWS

Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды

Published

on

By

Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті? Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді. 

Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын “Лайықтылық”, “Тұрақтылық” және “Тұтастық” үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелеріне толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесі сияқты т.б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды. 

64,0 балл жинаған Қазақстан АҚШ, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сауд Арабиясы және басқа елдерден озып, “С+” бағасын алды. 

Қорытынды балл үлес салмағы бойынша өлшенген қосалқы индекстік бағалардың нәтижелерін жинақтау жолымен алынды: 

  • “Лайықтылық” қосалқы индексі бойынша – 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан, мысалы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Индонезиядан, Оңтүстік Африкадан озып кетті); 
  • “Тұрақтылық” қосалқы индексі бойынша – 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Швейцария, Чили, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түседі); 
  • “Тұтастық” қосалқы индексі бойынша – 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Швеция, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және басқа елдерге қарағанда жоғары). 

Жоғарыда келтірілген сандардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның тұрақтылық (жалпы рейтингіде 8-орын) және тұтастық (16-орын) қосалқы индекстері өте жоғары бағаланды. Республиканың зейнетақы жүйесіндегі нығайтуды қажет ететін неғұрлым осал орны – лайықтылық қосалқы индексі бойынша (47 орынның 41-сі) сипатталды. 

Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткішінің лайықтылығын арттыру бойынша мынадай ұсыныстар жасады: READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;
  • үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру:
  • зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту;
  • өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру;
  • зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу.

Жаһандық зейнетақы индексінде бала туудың төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына қатысты жалғасып жатқан үрдістерді ескере отырып, зейнетақы жүйелерін жетілдіру қажеттілігі атап өтіледі. Ол туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да айтылды: “Адамзат тарихында алғаш рет 65 және одан егде адамдар саны 5 және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек”.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет жыл сайынғы рейтинг – Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, бірден 64,9 балл жинап, 20-орынға ие болды. 2024 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан тізімнің тура ортасындағы орынды иеленді. Ал бірінші орынды Нидерландының зейнетақы жүйесі сақтап, 84,8 балл жинады. Атап кетейік, Нидерландыда 2028 жылға қарай барлық зейнетақы жоспарларын жинақтаушы жүйеге (DC) толық көшіру жоспарланып отыр. Индексте бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйелері белгіленген төлемдердің (DB) жоспарларынан едәуір алшақтап, бекітілген жарналардың (DC) жүйелеріне ауысып жатқандығы атап көрсетілген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Павлодар облысында кәмелетке толмаған інісі мен әпкесін зорлаған

Published

on

By

Павлодар облысында кәмелетке толмаған колледж студентінің зорлау фактісін тергеу кезінде оның мектепте оқитын інісінің де зорланғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

.

Фото: pixabay.com

Павлодар облысының білім басқармасы іс туралы пікір білдірді. 

“Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында оның мектеп оқушысы болған інісіне да қатысты зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі”, – деп хабарлады ведомство. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді

“Зорланған соң өзіне қол жұмсамақ болды”: Талғар ауданында зәбір көрген қыз жол бойынан табылды

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің ақпараты бойынша, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбедегі 700 орындық түрмеде адамдар сыймай жатыр

Published

on

By

Ақтөбедегі 700 орындық №8 түрмедегі сотталушылардың саны 900-ге жеткен. Десе де колония басшылары бәріне бірдейжағдай жасап отырғандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер тілшілерге жабық мекеменің жай-күйімен танысуға рұқсат берді. Мекеменің ішінде телефон қолдануға болмайды. Тілшімен тілдескен сотталушылардың айтуынша, олардың ешқандай шағымы жоқ.

“Мекемеде үш мезгіл тамақтандырады. Аптасына бір рет моншаға түсіреді. Аптасына төсек жабдығын ауыстырғызады, өздері береді. Мекемеге прокуратура, КУИС, ДУИС-тан келіп, осында тексеріс жүргізеді. Ешқандай арыз-шағымымыз жоқ”, – дейді сотталушы.

№8 мекеме ел арасында “алтынша түрме” деп аталып кеткен. 1957 жылы салынған түрме 700 жадамға арналғн. Бірақ соңғы жылдары сотталғандар саны көбейіп, бүгінде екі жүз адам артық орналасқан. Бірақ барлығының қарны тоқ, тұрмыс жағдайы жақсы дейді түрме басшылары. Ал шағымданғандар, ауыр қылмыс жасап, ережеге бағынудан бас тартқандар және қосымша жаза арқалағандар арнайы камераға оқшауланған екен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шағым берушілер, негізі қатаң түрдегі жасақтағы сотталғандар біздегі қатаң түрдегі оқшаулаған соң, шағымдану болған. Тұрмыстық қажеттілік қарастырылған, жасақ ішінде. Қазір ештеңе қажет етпейді”, – дейді Ақтөбе облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Алпысбаев.

Мекемедегі 300-ге тарта жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Киім тігеді, ағаштан түрлі бұйым жасап жалақы алады. Енді қалған 600 адам қамауда бос отырмау үшін кәсіпкерлерді түрмеден кәсіп ашуға шақырып жүр. 

“Арнайы киімдер тігеміз. Біреулер пішілген матаны көктеп жатса, біреуі астарын тігеді. Әркімге жүктелген тапсырма бар. Айлығыма керек-жарағымды аламын. Негізінен темекі, шай, азық-түлік сатып аламын”, – дейді сотталушы Валерий Шатраво. 

Түрмеде жазасын өтеушілер сауда жасайтын дүкен де бар екен. Алайда басшылар ондағы тауарлар мен мекемедегі асхананы көрсетуден бас тартты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Талғарда күдікті изолятордан қашып кеткені үшін 12 қызметкер жауапқа тартылды

Published

on

By

Талғарда уақытша ұстау изояторынан күдікті қашып кеткені үшін мекеме басшысы мен қызметкерлер жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Алматы облыстық полиция департаменті/Видеодан скрин

Ішкі қауіпсіздік қызметі мекемеде тексеріс жүргізді. Кейін полиция қызметкерлер салғырттық танытқанын мойындады. 

26 жастағы күдікті кәмелетке толмаған жиен қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынған еді. Ол қазан айының соңында Талғар аудандық полициясына қарасты уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Күдіктіні бүкіл Талғар бойынша іздеді. Қаладан шыққан көліктер де тексерілді. Оны іздеуге еріктілер де көмектесті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Құтқарушыларға іздестіру жұмыстарына арнайы түнде көретін камерасы бар дрон берді. Нәтижесінде қашқын қамыс арасынан табылды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қайта қамалды. Полиция оның тергеу изоляторынан қалай қашып кеткенін сол күйі түсіндіре алмады.

“Ішкі аудит нәтижелері бойынша қатаң шаралар қолданылды: 12 қызметкер, оның ішінде бірқатар басшылар қатаң тәртіптік жазаға тартылып, лауазымынан босатылды. Уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкері келеңсіз себептермен ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатылды. Сонымен қатар бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – дейді Алматы облысы ДП ресми өкілі Меруерт Морякова.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткені айтылды. Кейін ол туралы толық ақпарат шығып, аты-жөні, жасы, мекенжайы көрсетілді. 25 қазанда қашқын ұсталды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!