Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында енді салынып жатқан мектептің құрылысы орта жолдан тоқтап қалды

Published

on

By

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық білім ошағының құрылысы орта жолда тоқтап қалды. Себебі, ғимараттың іргетасынан жарықтар пайда болып, қабырғалары үгітіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Мектептегі олқылықтарды байқаған ата-аналар оны видеоға түсіріп, тиісті органдарға шағым білдірген. 

“Мынау құласа мектептің бәрі құлайды. Бірінші этаж. Екінші этаж. Үшінші этаж қаланған жоқ. Астында цементі жоқ. Топырақпен құйып тастаған”, – дейді ата-аналар. 



Іргетасы қаланып, орта жолдан тоқтап қалған мектептің құны 5 миллиард теңгеге жуық.

Тапсырыс беруші “Самұрық Қазына” компаниясының мәліметінше, анықталған ақауларды тексеру үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия құрылған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Комиссия құрамына Қазақ көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары кірген. Комиссия шешіміне сай не мектептің іргетасын бекіту жұмыстары жүргізіледі, не болмаса ғимарат толықтай бұзылып қайта салынады. Барлық шығын мердігер компания есебінен өтеледі”, – делінген компания хабарламасында. 

Ал құрылысқа жауапты компанияның өкілі кемшілікке жол берген қызметкерлердің жұмыстан шеттетілетінін айтты. 

“Осы жұмыстар жасалған кезде сапаға сай емес материалдар қолданды деп ойлаймыз. Енді нақты осы зертхананың шешімі шыққан кезде жұмыстарды әрі қарай жүргізуге дайынбыз. Осының барлығын жөндеу жұмыстары біздің есебімізден жасалады. Қазіргі уақытта бұл мектепте тұтынушыдан біз қаражат алып жатқан жоқпыз”, – деді мердігер компанияның аймақтық директоры Нұржан Жандос. 

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында баратын мектеп таппай сабылып жүргені айтылған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстандықтар Еgov мобильді қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты ұсыныстарын енгізе алады

Published

on

By

Еgov мобильді қосымшасында қазақстандықтарға уақытты өзгертуге қатысты бірнеше сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ВК

Электронды үкіметте қазақстандықтардан қай сағат белдеуі ыңғайлы екенін анықтау үшін сауалнама өтіп жатыр. Қазақстандықтар UTC+5, UTC+6, “Маған бәрібір” және “Білмеймін” деген нұсқалардың бірін таңдай алады.

Сондай-ақ уақыт белдеуіне қатысты қандай өзгерісті қалайтындарын сұрайды. “Ештеңені өзгертпей, бәрі сол күйінде қалсын”, “Уақытты жыл мезгіліне (жаз/қыс) қарай өзгерту керек”, “Алдыңғы уақытқа оралу керек” деп ұсыныс білдіре алады. 

Сонымен қатар ұсынысты пайдаланушылардан күндізгі уақытта не нәрсеге уақыт таппайтыны сұралады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жұмыс немесе оқу”, “Демалыс және ұйықтау”, “Отбасымен және достарымен уақыт өткізу”, “Спорт және физикалық белсенділік”, “Хобби және жеке қызығушылықтар”, “Үй шаруасы”, сондай-ақ өз ұсынысыңызды енгізсеңіз болады.

Сауалнаманы eGov мобильді қосымшасында “Хабарламалар” бөлімінен табуға болады.

19 қарашада үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды. Алайда осыдан кейін бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеу үшін 160 миллион теңге жұмсалатыны айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандағы кейбір аймақта доллар 500 теңгеден асып кетті

Published

on

By

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы тағы өсті. Бірқатар қалаларда америкалық валютаның бағасы 500 теңгеден асып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Pixabay.com

Сағат 13:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша доллардың орташа бағамы: READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Астана: сатып алу – 496,02 теңге, сату – 501,02 теңге; Алматы: сатып алу – 497,93 теңге, сату – 500,03 теңге; Ақтау: сатып алу – 495,00 теңге, сату – 499,00 теңге; Ақтөбе: сатып алу – 498,50 теңге, сату – 501,50 теңге; Қостанай: сатып алу – 497,33 теңге, сату – 501,00 теңге; Павлодар: сатып алу – 497,56 теңге, сату – 499,56 теңге; Семей: сатып алу – 496,07 теңге, сату – 502,00 теңге; Шымкент: сатып алу – 498 теңге, сату – 500 теңге. “Бұл жай ғана сандар”: Ұлттық банк өкілі доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді 1 доллар=500 теңге: Мамандар доллар құнының не себепті шарықтап кеткенін түсіндірді

Ең жоғары көрсеткіш Семейде тіркеліп, доллар сатылымы 502 теңгеге жетті.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде доллар бағамы 500 теңгеге жеткені айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты

Published

on

By

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген автограф сұраған жанкүйерінің өтінішін орындаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://dimashnews.com/

Өнер иесі Прагада жанкүйерлерімен кездескен болатын. Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.  

“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.



Сондай-ақ эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне алғыс айтып, концертіне шақырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз. Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Алла бәріңізге разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жаттқан Аллама сансыз шүкір айтамын! Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше”, – деп жүрекжарды тілегін білдірді әнші.

Еске салайық, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Димаш Құдайбергенмен жолыққанын жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!