Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстан мен Катар әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ

Published

on

By

14 қарашада сенат отырысындаа Қазақстан мен Қатар үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралызаң қаралды. Заңға сәйкес екі ел әуе кеңістігі мен әскери полигондарды бірлесіп қолданбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bm.ge

Екі мемлекет үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылы 12 желтоқсанда Доха қаласында жасалған екен.

“Келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы  әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге, және өзге де салалаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді”, – деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ қызметкерлерді тілге үйрету, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кедендік рәсімдеу, дауларды шешу, тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығу өткізу, бейбітшілік пен бітімгерлікті қолдау операцияларда консультациялар алу қарастырылған, заң мәселелері бойынша түзетулер енгізу тәртібі айқындалған.

“Келісім жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде осы елдердің әуе кеңістігін және әскери полигондарын өзара келісілген мерзімдерде пайдалану, техникаларды тасымалдау мүмкіндігін көздейді. Осы Заңды орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайларда өзге тәртіп көзделмесе,  мемлекеттердің заңнамасы аясында тараптар көзделген қаражат шегінде өздері дербес көтеретін болады. Қазақстан және Қатар Мемлекеттері Үкіметтерінің  Заңды іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары ретінде екі елдің Қорғаныс министрліктері белгіленген”, – деп қосты ол өз баяндамасында.  

Келісім 5 жыл мерзімге жасалды. Егер ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін тараптар алты айдан кешіктірмей келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабардар етпесе, уағдаластық келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қарағандыда колледж лицензиясынан айырылуына байланысты 200-ден аса студент далада қалды

Published

on

By

Қарағандыда университет колледжі лицензиясынан айырылуына байланысты 200-ден аса студент далада қалып, келесі семестрге дейін жаңа оқу орнын іздеуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Медициналық колледждің студенті Ангелина Гирковаяның айтуынша, оқу орны түлектер дипломды алғанға дейін алаңсыз білім ала алады деп сендірген.

“Бізге 3-курстан бері 4-курсты аяқтай алатынымызды айтты. Олар бәрі жақсы болатынын, дәл осы медициналық колледждің дипломын алатынымызға сендірді. Әрине, біздің ренішіміз орынды. Өйткені уәде етілген білімімізді аяқтай алмайтын жағдайға тап болдық”, – деп ағынан жарылды колледж студенті.

Студенттер толық абыржу үстінде, өйткені олар дәл осы колледжді таңдаған. Сонымен қатар, бұл жерде оқу басқа оқу орындарымен салыстырғанда қымбатқа түскен. Оларға Қарағандыдағы екі колледжде немесе басқа қалаларда білімін жалғастыру ұсынылған.

Қарағанды медициналық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Қуатбек Төлебеков орта арнаулы білімге қаржы бөлгеннен қарағанда жоғары білім маңызды екенін айтты.

“Біз үшін дәрігерлерді даярлау және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру маңыздырақ. Орта арнаулы біліммен мамандарды даярлау және оқыту бізге біраз қиындық туғызады. Бұл біздің негізгі қызметіміз емес”, – деді проректор.

Университет проректоры Қуатбек Төлеубековтің айтуынша, қазіргі жағдайда бұл мүмкін болмай отыр.

Мәліметерге сенсек, Қарағанды медициналық университеті колледжінің жұмысын тоқтату туралы шешім екі жыл бұрын қабылданған. Колледждің жұмысын университет базасында жалғастыру экономикалық жағынан тиімсіз деп есептелді. Осы себепті жаңа топтар қабылданбады, ал 3-4 курс студенттерін аяқтауға жоспарланған. Реорганизацияға байланысты енді университет жаңа лицензия ала алмайды. Бұған қоса, жаңа топтардың болмауы және кейбір оқытушылардың жоқтығы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Лицензияның болмауы колледж студенттеріне білім беру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік бермей отыр. Осыған сәйкес 218 студентті қала мен облысындағы басқа орта оқу орындарына бөлу туралы шешім қабылданыпты. Болашақ фельдшерлер, медбикелер, фармацевттер, стоматологтар және тіс техниктері жаңа колледждерді осы семестрдің соңына дейін таңдап, білім алуға тиіс.

Студенттер үшін 20 қарашада оқу күні аяқталғаннан кейін осы жаңалықты есту күтпеген жағдай болды. Олар тек өз топтастарымен қоштасты. Таныс оқу орнынан кету ғана емес, жоспарлаған шетелдік оқу орындарына түсу мүмкіндіктерінің төмендеуі жайлы алаңдап жатыр. Кейбір студенттер оқу бітіргеннен кейін Германия, Италия, Ресей оқу орындарына түспекші болған. Проректор хабарлағандай, колледждердің түлектері шетелде дипломды растау рәсімін бірдей өтуге тиіс.

Университет өкілдері өңірдегі барлық профильді колледжбен келісімшарттың бар екенін және студенттерді қабылдауға дайын екенін хабарлады. Қажет болған жағдайда басқа өңірлердегі оқу орындарымен де келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді.



Университет басшылығына студенттердің ата-аналарымен колледждерге ауысу мәселесін талқылау әлі қажет. Бұл кездесулер дүйсенбіге жоспарланған.

Сонымен қатар колледжде жұмыс істеген 22-ден астам оқытушы жаңа жұмыс орнын іздеуге мәжбүр болады. Кейбір оқытушылардың біліктілігі сәйкес келсе, оларды университетке жұмысқа шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында баратын мектеп таппай сабылып жүргенін жаздық. Оған жыл басында ашылған жеке мектептің құжаты жоқ болып, аяқ-асты жабылуы себеп. Ал жұмыс істеуге рұқсаты жоқ делінген мектептің оқушыларын ешбір мектеп қабылдамаған. Өйткені оқушылардың бұған дейін оқығандары туралы деректер ортақ базада жоқ. Ата-аналар балалардың оқығаны туралы құжат бере алмай отырған білім ордасына наразы. Сондай-ақ ата-аналар ай сайын сапалы білім алуға қомақты қаражат төлеп келгендерін айтады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысында ер адам сүйіктісіне жанармай шашып, өртеп жіберген

Published

on

By

Алматы облысындағы Бәйдібек ауылында бірге тұратын еркек пен әйел ішімдік ішкен. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туып, соңы жантүршігерлік оқиғаға әкеп соқты. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Рixabay.com

Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ақырында ер адам бірге тұратын сүйіктісінің үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген. 

“Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті Меруерт Морякова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еңбек демалысы үшін жанжалдасқан: Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің үйін өртеп кеткен Астанада өрттен төрт бала көз жұмды: Отбасыға келесі жылы баспана беріледі

Зардап шеккен әйел II-дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Дархан Жолшыбеков тұрып жатқан зәулім үйін тегін бермек

Published

on

By

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан баспанасын бір оқырманына сыйлауға қарсы емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желі жұлдызы жақында ғана көпбалалы анаға баспана сыйлаған еді. 

“Ешқандай интригасыз бірден айтайын: үйімді біреуге сыйлағым келеді. Осы күнге дейін ешқандай дүние мүлікті сатқан емеспін. Достарыма үйімді сыйлап жіберген кезім болды. Көліктерімді оқырмандарыма тегін тараттым. Мына үйді алғанда да қаншама адам негатив жазды. Сол кезде сатып, басқа жаққа көшкім келді. Енді Дари да келіспей отыр. Отбасылы адам болғасын өзім ғана шешім қабылдамаймын. Үйдің құны – 300 миллион теңге. Қазір бағасы тіпті өсіп кетті. Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын. Бұрын да ойлап қойып едім. Ол кезде осы үйге жаңадан көшіп келіп жатқасын қызығы басылмады. Одан кейін басқа баратын жеріміз болмады. Болашақта осы үйімді біреуге тегін сыйлап, масштаб тұрғысында контент жасағым келеді”, – деді Дархан. 



Еске салайық, блогер айына қанша теңге табатынын жасырмаған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді”, – деген еді Дархан.  

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!