Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен тағы бір медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы салынды

Published

on

By

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимаратына барды. 

Бұған дейін Қарасу шағын ауданындағы 18 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек 160 шаршы метрлік  №21 емхана филиалында көрсетіліп келген. Ал шамамен 24 мың адам тұратын Өжет шағын ауданының тұрғындарына №25 қалалық емхана қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту және Қарасу мен Өжет тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындады.

Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Биылғы жылдың қараша айының соңына дейін ғимаратты пайдалануға беру және оны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балансына өткізу жоспарланған. Тиісті рұқсат құжаттарын, соның ішінде қызмет көрсету лицензиясын алғаннан кейін МСАК орталығы алғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, орталықты ашу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Бес қабатты жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы №25 қалалық емхананың филиалы болып табылады және Қарасу мен Өжет шағын аудандарының шамамен 20 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Жобалық қуаты – бір ауысымда 200 адам қабылдау. Жаңа ғимаратта төрт бөлімше бар: учаскелік қызмет, мамандандырылған медициналық көмек бөлімі, гинекология, клиникалық-диагностикалық бөлімше. Орталық УДЗ, рентген, аудиограмма, спирография, кольпоскопия, ЭКГ сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жаңа медициналық мекеменің ашылуы №25 және №21 емханалардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, әрі тұрғындар қажетті көмекті заманауи және ыңғайлы медициналық мекемеде жылдам ала алады.

2024 жылдың басынан бастап Алматыда үш отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Олар ауысымына 100 адам қабылдайтын Нұршашқан шағын ауданында, бір ауысымда 200 адам қабылдайтын Мамыр шағын ауданында және ауысымына 200 адам қабылдайтын Кемел шағын ауданында орналасқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек – Президент

Published

on

By

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атаулы әлеуметтік көмекті кей мұқтаж емес адамдар алып жүргенін жеткізді. Айтуынша ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Ал түнімен жұмыста отыратын мемлекеттік қызметкерлерді сыйақысыз қалдырмау керек екенін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Президент жақында қызу талқыланған мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру тақырыбын қозғады.

“Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметкерлер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметкерлердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. 

Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын”, – деді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мемлекет басшысы сонымен қатар үкіметтіңазаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы қажет екенін алға тартты. Айтуынша мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж емес жандар да алып жүр.

“Кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр”, – деп қосты президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұста барлық саладағы жұмыстың ашық болуына көңіл бөлінетінін жеткізді. Алайда цифрландыру дамыған заманда азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды.

“Бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатыр. Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар. Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Алайда бір мәселені ескеру қажет. Жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданған. Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет”, -деп қорытты ол. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде жасөспірім өліміне күдікті ретінде 10 оқушы қамауға алынды

Published

on

By

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында мектептегі әлімжеттіктің құрбаны болған Нұржан Садықовтың өліміне қатысты күдіктілердің саны артты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция 10 оқушыны қамауға алды. Тағы екі күдіктінің мекенжайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы мектептің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары облыстық прокуратураға келді. Себебі 14 жастағы Нұржан Сыдықовтың өліміне қатысты полиция тағы бірнеше оқушыны қамауға алды.

Қылмыстық іс “Адам өлтіру” бабымен тергеліп жатыр. Күдіктінің ата-аналары бұған наразы. 

“Мен – 10 сынып оқушысы Жансен Мәметовтің әкесімін. Балам 14 жаста. Алғашында іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағымен қамалды. Қазір 99-баптың 2-тармағына ауыстырды. Балам 4 қыркүйектен бастап қамауда отыр. Бұл балалар қасақана адам өлтірген жоқ. Бірге араласып, бірге ойнап жүрген балалар. Адам өлтіремін деп барған ойы жоқ. Менің баламның өзі де осы жерде жәбірленуші, орындаушы болып тұр. 11 сынып балалары ұйымдастырып, апарған. Ұруға мәжбүрлеген. Мектепте әлімжеттік бар. Былтыр осы жағдаймен іс тіркеліп, балалар ұсталып, аяқсыз қалды. Өзімнің балам 10 сыныпқа келгенде құрбаны болып тұр”, – деді ата-ана Нұржан Төлебаев.

Ақтөбедегі облыстық прокуратураның алдына жиналған ата-аналардың әрқайсысы өз баласының аса ауыр ауыр қылмысқа қатысы жоғын айтты. Прокуратурадан көмек сұрады. Айтуларынша, әлі де қамауға алынбаған күдіктілер бар. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Оқиғаға бірінші себепкер болған бала қамалған жоқ. Ол оқиға орнында болды. Неге жауапқа тартылмайды? 10 сыныптағылар 9 сынып балаларын ұрып жатқан кезде “10 сынып жай ұрып жатыр, біз кезінде осылай  таяқ жедік па, мұндай болғанда күнде көшеге шығатын едік” депті. Бұл биыл мектеп бітірген бала. Қорыққаннан 11 сыныптағылар 10 сынып баларына бір-бір соққы жасаған. Сол кезде ол кетіп қалған. Сыдық Нұржан құлаған кезде балалар оған хабарласқан екен, “мен сендерге емші емеспін” деген. Балалар алғашқы көмек көрсеткен. Бұл жерде балалар Қылмыстық кодекстің 99-бабы өте ауыр бап. Қазір кейбір ата-аналар қорғаушыларымен бірге менің балама қылмысты жапқылары келіп жатыр. Мен оған жол бермеймін, баламды қорғаймын. Осыған дейінгі жағдайдың зардабын тартып жатырмыз. Бәріміз де кезінде алдын алмаған жүйенің жәбірленушісіміз”, – деді ата-ана Маржан Ибраева.

Күдікті оқушылардың ата-аналары прокуратураға хат жазып, көмек сұрап жүр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық істің бабы өзгергенін, күдіктілердің саны артқанын растады.

“Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. 10 күдікті қамауға алынды. Тағы екі адамның тұрғылықты мекенжайы анықталып жатыр”,- деді облыстық ПД.

Оқиғадан кейін мектеп директоры мен мен аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде өзінен кіші баланы өлтірді деп күдікке ілінген оқушының анасы ұлына ауыр айып тағылғанына наразылық білдіріп, редакциямыздан көмек сұраған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық блогерлер Перизат Қайраттың ісіне байланысты жаңа деректерін бөлісті

Published

on

By

Күні кеше 1,5 миллиард теңге жымқырды деп күдікке ілінген “Біз біргеміз” қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты қазақстандық БАҚ пен шоу-бизнес өкілдері, блогерлер жарыса пікір жазып жатыр. Олардың қатарында Айгүл Мүкей, Динара Сәтжан, Жұлдыз Әбдукәрімова, Арман және Карина Юсуповтар, Мадлен бар. Мұнда бірі әліптің артын бағайық десе, екіншілері мұндай қорларға енді ақша салмайтынын және көңілі қалғанын айтып үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz тілшісі шолу жасап, зерттеп көрді.

Фотоколлаж: Stan.kz

“Тәкаппарлық Олимпиадасына айналдырып жіберді”

Белгілі журналист, медиаменеджер Айгүл Мүкей желідегі парақшасында 14 қарашада ұсталған Перизат Қайратқа қатысты пікір білдіріп, пост жазды.

“Қазір жан түршігерлік қылмыс жасады деп айыпталып отырған Перизат Қайрат деген қыз туралы өз пікірімді айтайын. Адамдар ақша жинады… және ол бәрін ұрлап, әдемі өмірге жұмсады. (Сот болмағандықтан айтып отырмын..) Біріншіден, мысалы, ол кішкентай айлакер қыз болса да, мұндай схеманы қалай жасағанын түсінбеймін… Істің егжей-тегжейін тергеудің соңында білетін шығармыз. Бірақ, қалай болса да, оған біреу көмектесіп, қамқорлық жасаған… Екіншіден, мен оның Instagram аккаунтын қарап шықтым. Онда көмек жинау туралы бейнелермен араласқан VIP сәнді өмір бар. Мен мизогинияға (әйел затын жеккөру) қарсымын, “бай болғандықтан ұрлайды да” деген пікірге қарсымын. Жалпы басқалардың ақшасын санауға қарсымын”, – деді Айгүл Мүкей. 

Сонымен қатар Айгүл Мүкей көптеген адам өзін әлеуметтік желіде және қоғамда дұрыс көрсетпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, көбінде интеллект, мінез-құлық мәдениеті жетіспейді.

“Бойжеткен халықтан тиын жинап қана қоймай, аз қамтылғандармен кездесіп, бірден олардың үйінің құнымен тең бағалы сөмкелерін көрсетіп бастады. Қалайша, үйсіз қалған адамдар оның парақшасына қарады да… Не ойлағанын да білмеймін. Бәлкім, бұған үйреніп қалған шығар… Мен баяғыда-ақ біреуге ақыл айтуды қойдым. “Сөмкеңді көрсетпе”, “мұны істеме” деп ақыл айтуға ешкімнің хақысы жоқ… (Өзім де оны жиі жасаймын, сіздер де солай жасайсыздар). Әлеуметтік желілер бүкіл әлемімізді Жәрмеңкеге емес, Тәкаппарлық Олимпиадасына айналдырып жіберді… Бірақ мәдениетті, мақсаттарыңызды ұмытпаңыздар. Сіздерге қарап отырған адамдарды ұмытпаңыздар (қазақ қыздарының қарапайымдылығы туралы көп айтпай-ақ қояйын). Үшіншіден, ең қорқыныштысы және өкініштісі – енді шынайы көмекке мұқтаж адамдарға көмектесетін қорларға қалай сенуге болады?” – деп жазды Айгүл Мүкей желідегі парақшасында.

“Перизат, сен мұнай ұңғымасын тауып алғансың ба?” 

Бұдан бөлек журналист Динара Сәтжан да желіде ойын жазып, Перизат Қайратпен бірнеше рет іс-шаралар туралы сөйлескенін айтып берді. Оның айтуынша, ерекше балаларға арналған реабилитациялық орталық салу жоспары мақұлданғанмен сол күйі іске асырылмай қалған.

“Үш жыл бұрын Перизат Қайрат маған Астанада қайырымдылық кешін өткізуін сұрады. Сонымен қатар менің шоу-румымнан бір образды аукционға қоюды және Баян мен Аиданы шақыруды өтінді. Кештің негізгі мақсаты – елордада ерекше балаларға арналған реабилитациялық орталық салу үшін ақша жинау болды. Әрине, біз келісім бердік. Сол жерде, тіпті, сол кездегі “Нұр Отан” партиясының өкілдері де болды. Осы себепті көп адамдар “Біз біргеміз” қорының партиямен байланысы бар деп қате түсінген сияқты. Әрдайым Перизатпен қалада кезіккен сайын, мен “Орталық қалай, құрылыс басталды ма?” деп сұрайтынмын. Ал ол “Иә, мәселені шешіп жатырмыз” деп жауап берген еді”, – деді Динара Сәтжан. 

Бұдан кейін Динара Сәтжан осы жылы Ораза кезінде Перизатпен дастарқан басында кездескеніндерін айтып берді. Айтуынша, ауызашарға ортақ таныстары шақырған.

“Осы кезде Перизат Астанада екі танымал гүлшоғыр брендін сатып алғанын айтты. Екеуінің де негізін қалаушыларын жеке білемін. Олар өз бизнесін нөлден бастап, осындай деңгейге жеткізген еңбекқор адамдар. Сол кезде мен әзілдеп, “Перизат, сен мұнай ұңғымасын тауып алғансың ба?” деп айттым. Қаржы мониторингі агенттігінің мүмкіндіктерін шамамен түсінемін. Олардан бір нәрсені жасырып қалу оңай дүние емес. Себебі олар олигархтардың заңсыз активтерін қайтаруда үлкен жетістіктерге жеткен. Ал бұл жағдай 1,5 миллиард теңге туралы болып отыр. Біз Перизаттың қалай көмектескенін бәріміз көрдік. Селден кейін де, Газа секторына қалай барғанын да. Мұның бәрі болды. Адамдардың қиналып жатқанын көргенде, әрине, көмектескің келеді. Бұл – қалыпты нәрсе”, – деді журналист. 

Динара Сәтжанның айтуынша, бұл жағдайдан кейін, әсіресе, Перизаттың қоры арқылы көмек жібергендерге қазір қатты өкінішті. 

“Бұл оқиғадан кейін барлығымызға қайырымдылық қорларының есептілігін ашық түрде көруге деген қажеттілік туындады. Сонымен қатар сенімді қорлардың реестрін жасаса, өте жақсы болар еді. Мысалы, Қаржы мониторингі агенттігінің сайтына кіріп, мемлекеттік органның ұсыныстарын көресін. Осылайша сенімді түрде ақша жіберуге өте ыңғайлы болар еді. Өйткені бізде көмектесу туралы ниет әрбіріміздің қанымызда бар! Ал жақсылық экономикасы ашық әрі мөлдір болуы керек”, – деді Динара Сәтжан.

“Bizbirgemiz қорын мүлдем ақысыз басқарамын”

Блогер Еркежан Шайхиева ерікті Перизат Қайраттың шын мәнінде 18 наурызда Газа секторына көмек беріп бармағанын айтып берді. Керісінше, ол сол жерге барған Рано және Марго есімді блогерлар барып, мұқтаж жандарға қол ұшын созған. Бұл қыздар өздерінің жеке парақшаларында дәлелдер бар болса да, Перизаттың жеке өз атынан шығарғанын айтып ашуланды. Олар бірнеше рет жазып, алып тастауын өтінсе де, Перизат өз атынан жүктеуді тоқтатпаған. 

Фото Shaikh01kz желідегі парақшасынан скриншот жасалған

Бұдан бөлек Еркежан бұған дейін Перизаттың Қайраттың жеке өзіне жазғанын айтып берді. Осы кезде “Асар Уме” қорының қызметкері Дамирмен болған дауға Перизаттың да қатысы бар айтылды. Ол өзінің бұл істен хабары жоқ екенін айтып, Еркежанға жазып ақталған.

“Мен тексеріп, түсіндіргім келеді: біз анам екеуміз ақшаны Дамирге емес, “Асар Уме” қорының қызметкерінің нөміріне аудардық. Бірінші төлем анамның атынан жасалды. Екінші төлем менің атымнан. Көріп тұрғаныңыздай, барлық соманы “Асар Уме” қорының қызметкерінің нөміріне аудардық, блогер Дамирге емес. Ал ары қарай не болғанын айту – олардың ар-ұжданына қалды. Сізге каспиден чегін де жібере аламын”, – деп жазған Перизат. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар чатта сөйлесіп отырған кезде Перизат қайырымдылық қорында жалақы алмай, басқарып келе жатқанын жазған. Ең қызығы, ол Еркежанға Астанаға келіп, қызметкерлер отыратын мекемені көрсетуге дайын екенін айтқан. 

“Сізбен келісемін. Шынымен де, көп жағдайда жауапсыз адамдар мен адал жұмыс істемейтін қорлар кездесіп жатады. Бірақ Bizbirgemiz қорын мүлдем ақысыз басқарамын. Тіпті, жалақы да алмаймын. Керісінше, қордың ерекше мәртебесі бар қызметкерлерін дамытуға 10 құрылтайшы қаржы салады, оның бірі – менмін. Елордаға жолыңыз түссе, кездесуге қуанышты болар едім. Штабпен жеке таныстырар едім. Сонымен қатар сіз жақында волонтерлер қатарына қосылғаныңызды жеткізді. Құттықтаймын! Ынтымақтастыққа да қуанышты боламыз. Біздің SMM-маман сіздің аудиторияңыз жақсы қаралатынын айтты. Бұл менің жеке нөмірім. Елордаға баруды жоспарласаңыз, жарнама бағалары мен райдеріңізді жіберіңіз. Адамның уақытын, еңбегін және энергиясын бағалау керек. (Айта кетейін, бұл коммерциялық ынтымақтастық ретінде жасалып отыр. Қор ұйымдастырып отырған жоқ)”, – деп Перизат Еркежанға жазады. 

Бұдан кейін Shaikh01kz кезінде “Перизатты жарнамалаған” блогерлердің оны не мақсатта жариялағанын түсіндім деп айтады.



“Перизат Қайратқа алдандық”

“Перизат Қайратқа алдандық”, “Істің қалай аяқталатынын күтіп отырмыз” деген блогерлердің қатары көбейді. Олар бұдан кейін Қазақстандағы қайырымдылық қоры деп аталатын ұйымдардың бәріне ақша аудармайтынын айтып, ағынан жарылды.

Ерлі-зайыпты Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева су тасқына кезінде көмекке зәру жандарға “Біз біргеміз” қоры арқылы көмектескенін айтады. Олар арнайы видео түсіріп, халықпен бірге болатындарын жеткізген. Арман Юсуповтың айтуынша, қазір қазақстандық блогерлердің тарапына жағымсыз пікірлер толассыз жауып жатыр. 

“Қазіргі уақытта блогерлер мен нақты су тасқынына арналған қаражат жинау науқанына қатысты қара пиар жүріп жатыр. Біздердің біреуіміз осы жинаудан жарнама үшін ақша алды деген әңгіме тарап жатыр. Бұл тұрғыда әрқайсымыз құқық қорғау органдарына тек шығыс қаржысы көрсетілген есепшоттарымызды ұсына аламыз. Басты мақсат – зардап шеккендерге көмек көрсету болды”, – деп жазды Арман Юсупов желідегі парақшасында. 

Фото Арман Юсуповтың желідегі парақшасынан скриншот жасалған

Арман Юсуповтың жары Карина да алдағы уақытта құзырлы органдардан нақты әрі ашық ақпаратты күтетіндерін айтты. Бұдан бөлек блогер Мадлен қазір қатты күйзеліске түскенін айтады.

“Жаным ауырып, жүрегім қан жылайды. Бұл әлемнің түбегейлі бұзылғанына көзім жетті. Біз жиналып, бар жанымызбен, шын жүректен халқымыздың игілігі үшін, үйсіз-күйсіз, тамақсыз, киімсіз қалған қазақстандықтарға көмектесу үшін қаражат жинадық. Ал сол ақшаны жай ғана ұрлап кеткен! Ресми түрде “Каспиде” тіркелген қор су тасқынына арнап жинаған ақшаған қолды етті. Қайран қалып отырмын. Тіпті, сәуір айындағы бұрынғы чек сақталғанын (ол кезде скрин жасауға мүмкіндік бар еді). Сол кезде менің үлкен несием болды, бірақ соған қарамастан өз халқымның игілігі үшін ақша аудардым! Қазір көлік айдап келе жатып жылап отырмын. Енді шынайы көмекке мұқтаж адамдар зардап шеккелі отыр”, – деді Мадлен.

Фото Мадленнің желідегі парақшасынан скриншот жасалған

Мадленнің айтуынша, ол өмірінде  мүлдем қайырымдылықтан бір тиын да алмаған. 

“Менің жататын жерім, киетін киімім, жейтін тамағым бар. Егер бірнәрсе жинасам, оны бар жаныммен, шын жүректен істедім! Қиын жағдайға тап болған адамдардың күйін түсініп, ешқашан сырт айналып кеткен емеспін. Жалпы, басқа адамдардың қайғы-қасіретінен пайда табу – ең төменгі әрекет! Менің осы тақырыпта стористерімді көргендер әрқашан аз қамтылған, аш-жалаңаш, ауру адамдардан ақша алып, көмек көрсетемін деп өзін ақтайтын блогерлерге қарсы болғанымды біледі. Мұндай әрекетке бару – адам атын былғау. Бұл жағдай сол ақшаны өзіне жұмсағандардың ар-ұятына қалсын. Менің ниетім таза әрі адал болды, ең бастысы – осы”, – деп Мадлен ағынан жарылды.

Ал шоу-бизнес өкілі Жұлдыз Әбдікәрімова да оқырмандарының “Перизат туралы не айтасыз?” деген сұрағынан жауап берді.

“Негізі қайырымдылық қорлары қалай жұмыс жасайтынын аз болса да білемін. Өз басымнан өткен оқиға бар. Қорқыныштысы сол, жиналған сома аз емес. Ақ-қарасын құзырлы мекемелер ғана айтады”, – деп ойын білдірді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Еске салайық, бұған дейін 14 қарашада қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және “Біз біргеміз” қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу басталғанын мәлім етті. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінді. Агенттіктің мәліметінше, ол қайырымдылық ақшасын сән бұйымдары, автокөліктер, жылжымайтын мүлік сатып алуға және қымбат қонақүйлерде демалуға жұмсаған. Сонымен қатар ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, достары мен туыстарына сыйақы берген. Перизат Қайрат ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!