Connect with us

IN-THE-NEWS

1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген Перизат Қайрат туралы не белгілі

Published

on

By

14 қарашада еріктілер қозғалысының белсендісі және “Biz Birgemiz” қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ерікті ұсталып, тергеу басталып кеткен. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған қаражатты жымқырды делінген қор жетекшісі басқаратын компаниялар мен қайырымдылық қор жұмысына Stan.kz ақпарат агенттігі шолу жасап көрді. 

Фото: Instagram Перизат Қайрат

“Biz Birgemiz” қоғамдық қорының жетекшісі Перизат Қайрат Ақтөбе қаласында туған, 32 жаста. 2015 жылдан бері Астана қаласында тұрады екен. Британ университетін “Бизнес менеджменті” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ерікті 2016 жылдан бастап, 4 жыл қатарынан Біріккен Араб әмірліктерінде, атап айтқанда Абу-Дабидегі әртүрлі компанияларда жұмыс істепті. Содан кейін, елге оралып әкімдікте, саяси партияда және үкіметтік емес ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қоғамдық кеңес мүшесі. Бұдан бөлек, Астанадағы “Rebel flowers” гүл дүкендеріне иелік етеді. Сондай-ақ ерікті араб елдеріне ет жеткізетін отбасылық кәсібі барын айтқан еді. 

Бір жазбасында ол “Biz Birgemiz Qazaqstan” қоғамдық қайырымдылық қорын тегін басқаратынын, қазіргі уақытта араб инвесторларымен бірлесіп ауқымды жобалар дайындап жатқанын жазған. 

Осы орайда, Перизат Қайрат тегін басқаратын “Biz Birgemiz Qazaqstan” қоғамдық қайырымдылық қорының жасап жатқан жұмысы мен қаржылық есебіне тоқталсақ.  

Қайырымдылық қорынан келген қомақты қаржы қоры

Kompra қазақстандық компанияның сенімділік қызметінің мәліметінше, “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігінің бірінші басшысы Перизат Қайрат. Қайырымдылық қоры 2021 жылдың 3 маусымында жалпыұлттық еріктілер қозғалысы ретінде тіркелген. Қордың тең құрылтайшылары арасында Перизат Қайраттан басқа Amanat партиясының өкілдері де бар:

  • Тоқтар Болысов – “Inmode” ЖШС және “Consult-Invest ITIC” ЖШС компанияларының директоры;
  • Арсланбек Мағзұм – “Amanat” партиясы жанындағы “Жастар рухы” Жастар қанаты” қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының жетекшісі;
  • Сергей Матюшенко – “Amanat партиясы”  қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы “Байқоңыр” аудандық филиалының басшысы және “Біз” азаматтық қозғалысы” қоғамдық қорының жетекшісі;
  • Гүлназ Сейткамал;
  • Аружан Аманбай;
  • Әйгерім Серікжанова – “Аmanat” партиясы жанындағы “Жастар рухы” Жастар қанаты” қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы және “Sat Media” компаниясының жетекшісі;
  • Шадияр Тұрғанбай;
  • Аян Хафиз.

Қордың сайтындағы мәліметке сәйкес, олардың қозғалысының қатарында 15 мың ерікті бар. Олар, төтенше жағдайлар кезінде (су тасқыны, өрт сөндіру, пандемия), көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетеді. Тіпті халықаралық волонтерлік қызметпен айналысады. Мәселен, қор Түркиядағы жер сілкінісі және Палестинадағы қақтығыс кезінде қол ұшын созған. 

“Біз дағдарыс пен төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан халқына көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ халықтың осал топтарының өмірін жақсарту және халықаралық көмек жобаларына қатысу арқылы әрбір адамның жақсы болашақ құруына үлес қоса алатын тұрақты ортаны құруға тырысамыз. Біз ерекше қажеттілігі бар отбасыларға қолдау көрсетіп, табиғи апаттардан зардап шеккендерге қол ұшын созамыз”, – дейді Қор құрылтайшысы желідегі жазбасында. 

Kompra қазақстандық компанияның сенімділік қызметінің дерегінше, қайырымдылық қорының 2022 жылғы салық төлемі– 537 мың 778 теңге. Ал 2023 жылғы салық төлемі 268 мың 264 теңге. Дегенмен 2024 жылдың салық бойынша есебі көрсетілмеген. Алайда қор құжатында салық бойынша қарыз 1083,20 теңге екені жазылған.  

Фото: Құжаттан скриншот

Ұйымның қазіргі уақытта жалпы қарыз көлемі 190 мың 645 теңге екен. 

Фото: Құжаттан скриншот

Қайырымдылық қорына қатысты қылмыстық іс

Бір қызығы, 2023 жылы “Biz Birgemiz Qazaqstan” қоғамдық қайырымдылық қорына қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған. Сот шешімімен, “MM Group Estate” ЖШС-нің “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты материалдық көмек сомасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылған. 

“Biz Birgemiz Qazaqstan” қоғамдық қайырымдылық қоры “MM Group Estate” компаниясының пайдасына 14 миллион теңге көлемінде қарыз, 420 мың теңге мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша сот шығындары өндірілсін”, – делінген сот қаулысында.

Ал екінші қылмыстық іс бойынша талап арызды “Тукубаев” жеке кәсіпкерлігінің иесі Тукубаев Мәди Маратұлы жасаған. Сондай-ақ сот Мәди Тукубаевтың “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігіне қарсы жазған қарыз бен өсімпұлды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылған. 

“Biz Birgemiz Qazaqstan 2030″ қоғамдық қайырымдылық қорынан Мәди Маратұлының пайдасына 10 миллион теңге көлемінде қарыз, 1 миллион теңге көлемінде өсімпұл және 110 мың теңге мемлекеттік баж өндірілсін”, – делінген сот хабарламасында.

Аталған қылмыстық істердің мәнжайын білейін деп компания мен кәсіпкерге байланысқа шықтық. Дегенмен жауап ала алмадық.  

Қайырымдылық қордан бөлек… READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Перизат Қайрат “Biz Birgemiz” қоғамдық қорының жетекшісі қызметінен бөлек “Rebel flowers” гүл дүкендеріне иелік етеді. Гүл дүкені 2022 жылы тіркеліп, Астанадағы Talan gallery және Sensata Park нысандарында орналасқан. 

Фото: Құжаттан скрин

Kompra қазақстандық компанияның сенімділік қызметінің дерегінше, гүл дүкенінің 2022-2024 жылдар аралығындағы салық түсімдеріне зер салып көрдік. Дүкен 2022 жылы 620 мың 094 теңге, 2023 жылы 756 мың 534 теңге, 2024 жылы 3 миллион 273 мың 826 теңге салық төлеген. Көрсетілген қызмет түрлері “басқа бөлшек сауда” және “көкөністерді, олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіру”.

Сондай-ақ ол “Р-К” жеке кәсіпкерлігін басқарады және “Үстел теннисі федерациясы” республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

Түрлі елдерге саяхат, сәнді заттар мен жылжымайтын мүлік

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген. Агенттіктің хабарлауынша, қайырымдылықтың негізгі бөлігін күдікті сәнді заттар мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған.

Перизат Қайраттың өзі осы аралықта халыққа көрсетілген көмек туралы әлеуметтік желіде талай хабар таратқан. Алғашқы жазбалардың бірі туған жері Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған.

Бұл ретте су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына көрсетілген көмек туралы видеорепортаж жарияланған.

Қордың Instagram-дағы жазбаларының бірінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллиард теңгеге жуық көмек көрсетілгені жазылған.

“Гуманитарлық көмекті жеткізу Қазақстан Ұлттық ұланының, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мұнай өңдеу зауытының әуе көлігі, жүк көліктері арқылы жүзеге асырылды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының және Орал, Арқалық, Торғай, Амангелді, Жангелді қалаларының әкімдіктеріне “BizBirgemiz” қорының гуманитарлық көмек алғанын растағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Төтенше жағдай жарияланған барлық өңірлердің 80 пайызына көмектесіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен жалғыз қор”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жазбалардың бірінде Перизат Қайрат 27 наурыздан бастап Қорға жиналған барлық қаражат Қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің бақылауында болатынын хабарлады.

“Бірнеше кездесуден кейін қор шарттарымен толық келісті. Төтенше жағдай жарияланып, көмек көрсетілген аймақтарда қаражат арнайы комиссиямен жұмыс істеуі керек. Сонда ғана ақшаның қалай жұмсалып жатқанына қаржылық мониторинг жүргізіледі. Мен өз тарапымнан қолдаймын. Халықтан түскен әрбір тиынның сұрауы болуы керек”, – деп жазған Перизат Қайрат.

Су тасқыны және өңірлерде көрсетілетін көмек тақырыбына арналған осы жарияланымдардан кейін Перизат Қайрат әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Ұлыбритания мен БАӘ-ден жеке суреттері мен жазбаларын жариялады.

Сондай-ақ өзінің жазбаларының бірінде Перизат Қайрат жазылушыларына Кембриджге оқуға түскенін хабарлаған. 

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың көктемінде Перизат Қайрат елордадағы автосалондардан 88 миллион теңгеге “Mercedes-Benz S450”, 80 миллион теңгеге “Lexus LX-600”, 39 млиллион теңгеге “Haval” автокөліктерін сатып алған. 

Басқарманың мәліметінше, сол кезеңде ол 600 миллион теңгеге елордадан “Akbulak Riviera”, “Highvill Ishim Gold”, “Көк Жайлау” ТК, “Vela Village” коттедж қалашығында пәтер сатып алған екен. 

“Сондай-ақ Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы “St. Regis”, “Shangri-La”, “Palazzo Versace” және “Kempinski” сынды бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол “Cartier” және “Louis Vuitton” сияқты брендтердің қымбат зергерлік бұйымдарын сатып алған. Ол қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін жақындарына 8% сыйақы берген. Қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған”, – делінген агенттік мәлімдемесінде. 

Әзірге Перизат Қайратқа қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жағдайдың ақ-қарасы сосын белгілі болар. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

Published

on

By

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Айтбек Амангелдінің адвокаты Жанна Оразбақова желіде ҚАЖК-дан келген жауабын бөлісті. 

“Бұл хайуанаттар бағы емес”: Сенатор Қуандық Бишімбаевтың колониядағы фотосы неге жария етілмейтінін айтты Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісті READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бишімбаев Ақмола облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол Ақмола облысы Степногор қаласы, Пром. зона 7-ғимарат 14А көшесінде орналасқан”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тараған еді. Бірақ кейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мұны жоққа шығарған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мемлекет басшысы елімізде көмек беру жүйесін қатаңдатуды тапсырды

Published

on

By

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) Stan.kz сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Условия использования материалов сайта

Копирование, цитирование и последующее распространение материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы) сайта Stan.kz допускается только с письменного разрешения редакции. Цитирование материалов, права на которые принадлежат третьим лицам, производится на условиях, установленных правообладателями.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы өзінің ерекше бақылауында екенін айтты. Ол жақында Сауран қаласындағы жағдайды еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда/instagram.com/baulykov_yerkin

“Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев биыл ел аумағында энергия көздері мен жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін және қоймалардағы отын қоры жеткілікті екенін атап өтті. Десе де жағдайды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

“Жолдауда бюджет қаржысын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырғанымды білесіздер. Әлбетте, бюджет саясатында прагматизм қағидаты басты орында болуы керек. Бірақ әлеуметтік шығындардан, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысынан, зейнетақы мен жәрдемақыдан үнемдеуге болмайды. Бұл – менің берік ұстанымым”, – дейді президент. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды есте ұстау керегін ескертті.

“Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды. Орташа өмір сүру жасын біртіндеп ұлғайту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты жетістіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 75 жастан асты. Осы тұрғыдан алғанда аталған мәселе өзекті бола түседі”, – дейді президент.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!