Connect with us

IN-THE-NEWS

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы өзінің ерекше бақылауында екенін айтты. Ол жақында Сауран қаласындағы жағдайды еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда/instagram.com/baulykov_yerkin

“Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев биыл ел аумағында энергия көздері мен жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін және қоймалардағы отын қоры жеткілікті екенін атап өтті. Десе де жағдайды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

“Жолдауда бюджет қаржысын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырғанымды білесіздер. Әлбетте, бюджет саясатында прагматизм қағидаты басты орында болуы керек. Бірақ әлеуметтік шығындардан, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысынан, зейнетақы мен жәрдемақыдан үнемдеуге болмайды. Бұл – менің берік ұстанымым”, – дейді президент. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды есте ұстау керегін ескертті.

“Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды. Орташа өмір сүру жасын біртіндеп ұлғайту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты жетістіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 75 жастан асты. Осы тұрғыдан алғанда аталған мәселе өзекті бола түседі”, – дейді президент.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Оралда 15 жастағы қызды пойыз басып кетіп, аяғынан айырылды

Published

on

By

Оралда 15 жастағы қыз пойыз басып кетіп, аяғынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город хабарлайды. 

Фото: mgorod.kz

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 27 қыркүйегінде болған. 15 жастағы Аруна үйінен қалаға бара жатқан жолда оны пойыз қағып кеткен. Зардап шеккен қыздың анасы Әсия Түкжанованың айтуынша, қазір Арунаның оң аяғы мен сол аяғының бас бармағы кесілген. Оған үш күрделі ота жасалып, әлі ауруханада жатыр.

“Сол күні жұмыста едім, телефон шырылдады, қызымды тепловоз қағып кеткенін айтты. Мен бірден жүгіріп бардым. Қызым аяғына қарамауымды өтінді. Жанында фельдшер көмек көрсетіп жатты. Арунаның өзі аяғын рельстен көтеріп, жанына қойып, үстіне күртешесін жауып қойыпты”, – дейді қыздың анасы. 

Қазір дәрігерлер қызды ауруханадан шығаруға дайын, бірақ ол үйіне қайта алмайды. Себебі үйде күнде пойыздың гүрілдеген дауысы естіледі. Отбасының жеке баспанасы жоқ. Олар үш жыл бұрын ауылдан көшіп келген екен. Қыздың анасы темір жол ауруханасында лаборант болып жұмыс істейді, ал әкесі жұмысшы.

“Қызымды ауруханадан шығарып жатыр, бірақ үйге қайтқысы келмейді. Мұнда сағат сайын пойыздардың дауысы естіледі, ешқандай жағдай жасалмаған. Дәретхана сыртта, жуынатын жер жоқ. Біз жалдамалы пәтер іздеп жатырмыз, бірақ әзірге таба алмадық. Аруна мектеп пен ауданды ауыстырғысы келмейді”, – дейді Асия.

Аруна білім алатын №26 мектептің директоры 50-ден астам оқушының мектепке келу үшін темір жолды кесіп өтуге мәжбүр екенін айтады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Саяжайларда тұратын 50-ге жуық оқушы, сондай-ақ Хлебзавод аялдамасына жақын орналасқан үйлердің балалары осы темір жолдар арқылы мектепке барады. Мұндай қайғылы оқиға бірінші рет болып тұр, бірақ балалар әлі сол жол арқылы мектепке барады. Ешкім қауіпсіздікті ойлап жатқан жоқ. Көпірді жөндегенде де жаяу жүргіншілер баспалдағы қосылмаған. Кейін белгілі болғандай, Арунаға №7 орта мектептің жетінші сынып оқушысы көмектескен. Ол скутермен өтіп бара жатып, рельстердің жанынан жаралы қызды көріп, жолдан басқа шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатып алған. Соның арқасында Аруна аман қалды”, – дейді №26 орта мектептің директоры Ләззат Қастуғанова.

Оқушылардың ата-аналары бұл теміржол бойында жарықтандыру да, камера да жоқ, қаңғыбас иттер көп, нашақорлар мен маскүнемдер жиі жиналатынын айтады.

Қызды қағып кеткен тепловоз “Вест Транс Сервис” ЖШС-не тиесілі. Компания директоры Құрманғазы Қажиденов қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, келісімшарт аясында отбасыға көмектесуге және пәтердің жалдау ақысын төлеуге дайын екендіктерін атап өтті.

“Біздің компания нарықта екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мұндай оқиға бірінші рет болып отыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткен қауіпсіздік ережелерін бұзған. Егер ереже бойынша жол бойымен жүрсе, ол рельстерден бес метр қашықтықта болуы керек еді. Тепловозда бақылаушылар болған, бірақ олар қызды көрмеген, сондықтан тоқтамаған”, – деді Құрманғазы Қажиденов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында әйел туған анасын ұрып өлтірді

Published

on

By

Ақтөбе облысында әйел анасын ұрып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


“Ұрып, алдыңғы тістерін сындырған”: СҚО-да анасын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамға қатысты сот отырысы басталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Облыстық полиция департаменті “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында көз түйістіру рәсімін жасады

Published

on

By

Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Boxingscene.com

Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полды көз түйістіру рәсімінде шапалақпен салып жіберді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы “AT&T” аренасында өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің уақыты 16 қарашаға ауыстырылды. Қос спортшы бұл жолы да АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 2 минуттан, 8 раундқа жоспарланған. Шетелдік БАҚ құралдарының мәліметіне сәйкес, “Темір” Тайсон бұл жекпе-жек үшін 20 млн АҚШ долларын иеленсе, Джейк Пол одан екі есе көп алады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!