Connect with us

IN-THE-NEWS

Америкалық Өзбекстандағы сүйіктісіне бару үшін өзін өлген адам ретінде көрсетіп қашып кеткен

Published

on

By

АҚШ-та Висконсин штатында із-түссіз жоғалып, өлді деп саналған, үш баланың әкесі Райан Боргвардт Өзбекстандағы сүйіктісіне кетіп қалған. Ер адам бір-екі айдан кейін TikTok желісіндегі видеодан көрініп қалды. Онда ол блогерден “Өзбекстандағы сүйіктіме барғаным дұрыс па?” деп сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видео кадрларынан

Райан Боргвардттың жоғалып кеткені алғаш рет тамызда белгілі болды. 12 тамызда Боргвардтың көлігі көлдің батыс жағындағы  Додж мемориалдық паркінің жанындағы тұрақтан табылды. Келесі күні балықшылар қорап, әмиян, кілт пен Боргвардқа тиесілі құжаттарды тапты. 

28 күн ішінде сүңгуірлер мен еріктілер Райан Боргвардттың денесін іздеп, таппады. 7 қазанда полиция Боргвардттың төлқұжатын канадалық құқық қорғау органдары тексергенін білді. Ер адам құжатының жоғалғаны туралы мәлімдеп, 22 мамырда жаңасын алғаны белгілі болды.

Боргвардт жоғалып кетпес бұрын компьютерін тазалап, электрондық поштасын ауыстырып, сақтандыруды 375 мың долларға рәсімдеп, ақшаны шетелдік банкке аударған. 

Полиция ер адам өзінің өлімін қолдан жасап, Еуропаға қашып кетті деп санайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жаңа дәлелдердің арқасында біз Райанның көлімізде жоқ екеніне сенімдіміз”, – деді жергілікті шериф.

Райан Боргвардттың кейін TikTok желісінен көрініп қалуы күтпеген жаңалық болды. Мұнда ол өзінің үйленгенін, бірақ басқаға сезімі бар екенін жеткізген. Сонымен қатар қандай шешімге келерін білмей жүргенін айтқан.

@authenticalpha Full video of what might be Ryan Borgwardt? @ABC World News Tonight ♬ original sound – The Authentic Alpha

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Published

on

By

Синоптиктер Қазақстанда алдағы 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2024 жылдың желтоқсаны еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Қарлы күндер де, жауын-шашынсыз кезең де болуы мүмкін. Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

“Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады деп күтілуде, алайда жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының нормадан төмен болмайды”, – деп қорытындылады синоптиктер.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды: Ақша қайта кетеді

Published

on

By

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

. Коллаж Stan.kz

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания шамамен 31 жарым миллион теңгеге бағаланған Aston Martin Vantage көлігін сатты. Тағы бір люкс санаттағы көлік Rolls-Royce Cullinan көлігі 167 жарым миллион теңгеге бағаланды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін кәсіпкер мемлекетке Bentley, Lexus және Mercedes сияқты 29 көлікті қайтарған. Сатыбалдыға тиесілі Алматыдағы “Байсат” сауда орталығы қазан айында активтерді басқарушы компанияның балансына өткен. Қайтарылған активтердің жалпы сомасы шамамен 733 млрд теңгені құрайды. Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Ол арқылы қаржы мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оралда 15 жастағы қызды пойыз басып кетіп, аяғынан айырылды

Published

on

By

Оралда 15 жастағы қыз пойыз басып кетіп, аяғынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город хабарлайды. 

Фото: mgorod.kz

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 27 қыркүйегінде болған. 15 жастағы Аруна үйінен қалаға бара жатқан жолда оны пойыз қағып кеткен. Зардап шеккен қыздың анасы Әсия Түкжанованың айтуынша, қазір Арунаның оң аяғы мен сол аяғының бас бармағы кесілген. Оған үш күрделі ота жасалып, әлі ауруханада жатыр.

“Сол күні жұмыста едім, телефон шырылдады, қызымды тепловоз қағып кеткенін айтты. Мен бірден жүгіріп бардым. Қызым аяғына қарамауымды өтінді. Жанында фельдшер көмек көрсетіп жатты. Арунаның өзі аяғын рельстен көтеріп, жанына қойып, үстіне күртешесін жауып қойыпты”, – дейді қыздың анасы. 

Қазір дәрігерлер қызды ауруханадан шығаруға дайын, бірақ ол үйіне қайта алмайды. Себебі үйде күнде пойыздың гүрілдеген дауысы естіледі. Отбасының жеке баспанасы жоқ. Олар үш жыл бұрын ауылдан көшіп келген екен. Қыздың анасы темір жол ауруханасында лаборант болып жұмыс істейді, ал әкесі жұмысшы.

“Қызымды ауруханадан шығарып жатыр, бірақ үйге қайтқысы келмейді. Мұнда сағат сайын пойыздардың дауысы естіледі, ешқандай жағдай жасалмаған. Дәретхана сыртта, жуынатын жер жоқ. Біз жалдамалы пәтер іздеп жатырмыз, бірақ әзірге таба алмадық. Аруна мектеп пен ауданды ауыстырғысы келмейді”, – дейді Асия.

Аруна білім алатын №26 мектептің директоры 50-ден астам оқушының мектепке келу үшін темір жолды кесіп өтуге мәжбүр екенін айтады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Саяжайларда тұратын 50-ге жуық оқушы, сондай-ақ Хлебзавод аялдамасына жақын орналасқан үйлердің балалары осы темір жолдар арқылы мектепке барады. Мұндай қайғылы оқиға бірінші рет болып тұр, бірақ балалар әлі сол жол арқылы мектепке барады. Ешкім қауіпсіздікті ойлап жатқан жоқ. Көпірді жөндегенде де жаяу жүргіншілер баспалдағы қосылмаған. Кейін белгілі болғандай, Арунаға №7 орта мектептің жетінші сынып оқушысы көмектескен. Ол скутермен өтіп бара жатып, рельстердің жанынан жаралы қызды көріп, жолдан басқа шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатып алған. Соның арқасында Аруна аман қалды”, – дейді №26 орта мектептің директоры Ләззат Қастуғанова.

Оқушылардың ата-аналары бұл теміржол бойында жарықтандыру да, камера да жоқ, қаңғыбас иттер көп, нашақорлар мен маскүнемдер жиі жиналатынын айтады.

Қызды қағып кеткен тепловоз “Вест Транс Сервис” ЖШС-не тиесілі. Компания директоры Құрманғазы Қажиденов қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, келісімшарт аясында отбасыға көмектесуге және пәтердің жалдау ақысын төлеуге дайын екендіктерін атап өтті.

“Біздің компания нарықта екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мұндай оқиға бірінші рет болып отыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткен қауіпсіздік ережелерін бұзған. Егер ереже бойынша жол бойымен жүрсе, ол рельстерден бес метр қашықтықта болуы керек еді. Тепловозда бақылаушылар болған, бірақ олар қызды көрмеген, сондықтан тоқтамаған”, – деді Құрманғазы Қажиденов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!