Connect with us

IN-THE-NEWS

Тоқаев азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды

Published

on

By

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру дамыған заманда азаматтардың табысын жаппай декларациялаудың қаншалықты орынды екенін ойлануды тапсырды. Айтуынша бұл бұрын қажетті ақпаратқа ашық қолжеткізе алмаған кезде ұсынылған шешім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақордадан

Мемлекет басшысы бұл талап 2021 жылдан бері біртіндеп енгізіліп жатырғанын алға тартты.

“Алғашқы үш кезеңде 4 миллионнан астам адам декларация тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектордағы басшылар, кәсіпкерлер және осы санатқа кіретін азаматтардың жұбайлары бар. Келесі жылы тағы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланып отыр”, – деді ол.

Дегенмен президент жаппай декларация тапсыру тұжырымдамасы осыдан 14 жыл бұрын қабылданғанын, ал қазіргі уақытта қаншалықты қажет екенін ойландыратынын жеткізді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Содан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді. Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни, соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет”, -деп қорытты ол. 

Еске салсақ, бұған дейін президент “олардың табысы аз, түнімен жұмыста отырады”, деп мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру керегін жеткізген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің арасында ТОП-10-ға кірді

Published

on

By

Internet Accessibility Index (интернетке қолжетімділік индексі) мәліметтері бойынша, Қазақстан интернет құны ең төмен елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

MoneySuperMarket порталының мәліметінше мобильді интернет соңғы 20 жылда адамзаттың қажеттілігіне айналды.

Сатистикаға сүйенсек, әлемдегі ең арзан мобильді интернет бойынша Израиль көш бастап тұр. Мұнда 1 ГБ интернет бар болғаны 0,13 доллар тұрады.

Екінші орында Қырғызстан тұр. Онда 1 ГБ құны 0,30  доллар. Мұндай баға Қырғызстанда инфрақұрылымға үлкен инвестициялар мен операторлардың алуан түрлілігінің арқасында мүмкін болды. Дегенмен, бұл елдегі интернет бәрібір бәріне бірдей қолжетімді емес.

Үшінші орында Италия тұр. Мұнда операторлардың көптігі кең таңдауының арқасында 1 ГБ құны 0 0,35 долларды құрайды.



Төртінші орынды Пәкістан мен Бангладеш. Мұнда гигабайт 0,43 доллар тұрады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал еліміз Қазақстан 1 ГБ-ға  $0,59 доллармен тоғызыншы орында.

Бұл көрсеткіш бойынша 1 Гб мобильді интернеттің құны 7,12 доллар болатын Швейцария интернеті ең қымбат ел атанды.

Internet Accessibility Index 2024 11 негізгі факторды пайдалана отырып, 150 елдегі интернеттің қолжетімділігі мен құнын талдады.

Барлық факторларды ескергенде, топ-3 құрамына Дания, Сингапур және Финляндия кірді. Ал барлық фактор бойынша Қазақстан 46-шы орында тұр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы облысында 18 жастағы жігіт 4 жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген күдікпен ұсталды

Published

on

By

Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: Алматы облысы полиция департаментінен

Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”,-деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда биыл жол апатынан зардап шеккендердің саны рекордтық деңгейге жетті

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты: Көз жұмғандар ішінде балалар бар

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Published

on

By

Павлодар облысында ер адам 15 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды. Деректерге сүйенсек, оқушының бойындағы өзгерістерді сынып жетекшісі байқап, өгей әкесінің зорлағанын білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша күдікті Баянауыл ауданындағы ауылдық мектептердің бірінің 15 жастағы оқушысының өгей әкесі.

“Бұл факт сынып жетекшісінің арқасында анықталды. Ол оқушының жағдайын байқап, оны бақылай бастаған. Тұрғылықты жеріне барып, қызбен сыпайы түрде ашық сөйлескен. Кейін алгоритмге сәйкес бірден барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етті”, – деді Шакенева.

Полиция да бұл ақпаратты растады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді”,-деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Сәуле Шакеневаның айтуынша, қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

“Психологтар кәмелетке толмағандармен жұмыс істейді. Мен оған өзім баруды жоспарлап отырмын”, – деп қосты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!