Connect with us

IN-THE-NEWS

Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты істің мән-жайы айтылды

Published

on

By

Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасының адвокаттары әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, тергеу барысы қалай жүріп жатқаны, нендей жаңалықтар бар екені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Эфирді қаралы отбасыға көмектесіп жүрген Айтбек Амангелді жүргізіп, құқыққорғаушыларға кезегімен сөз беріп отырды. Ол бүгінде Қаржаубаевтар әулеті психологпен жұмыс істеп, қиын-қыстау кезеңді өткеру үстінде екенін атап өтіп, адамдарды мейірімді болуға, сыбырлық танытуға шақырды.

Оның сөзінше, азалы отбасыны түрлі телебағдарламалар мен шоуларға көп шақырады, алайда отбасыға қазір тыныштық керек.

“Кейін сәті келгенде сұхбат, жария мәлімдемелер жасалады” деді ол.

Эфирде алдымен сөз алған Карина Көшербаева дүкендегі жанжал үзінділері көрсетілген видеоның желіге тарап кетуіне байланысты тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

“14 қазан күні instagram-дағы SONA.KZ парақшасында оқиға болған “Қамажай” дүкеніндегі бейнебақылау камераларына түсірілген видеоның бөліктері тарап кетті. Біз бұл туралы біле салысымен ішкі істер министрлігіне қарасты өзіндік қауіпсіздік департаментіне талап арыз түсірдік. Көп уақыт өтпей біздің арызымыз өндіріске алынғанын хабарлап, 16 қазан күні 423-бап (Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету) бойынша іс қозғалды. Іс Алматы облысы полиция департаментінің қауіпсіздік қызметіне берілді” деді Карина Көшербаева.

Алайда адвокат видео таралған SONA.KZ парақшасының иесі Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің бұрынғы жетекшісі әрі кеңесшісі, бүгінде азаматтық тұлға болып табылатын Ғалымұрат Жүкелге тиесілі болғандықтан, іспен антикор айналысуы керек деп санайтынын жеткізді. Осыған байланысты істі тергеуді ауыстыру туралы арыз түсірілген.

Мұнан соң сөйлеген адвокат Саида Тәуекелова “куәгер” статусына ие екі қыздың жайы туралы жеткізді.

Ол қыздар аталған қылмысқа тікелей қатысы бар деп санайтынын, олардың әрекетіне қылмыстық-процесуалдық баға берілуге тиіс екенін мәлім етті.

“”Біз 30 қазан күні Алматы облысы прокуратурасына тергеу әрекетіне тексеру жүргізу туралы шағым түсірдік. Біз екі қыздың әрекетінде ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыс құрам бар деп санаймыз. Заңға сай, бұл ауыр қылмыс болып саналады. Біз олардың әрекетін аталған қылмыстық іске ауыстырып саралауды талап етеміз” дейді адвокат. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Адвокаттардың шағымына прокуратура 11 қараша күні жауап жолдап, ол жерде іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын, шағымға байланысты тергеу органына тиісті нұсқау беріліп, жиналған деректер негізінде процесуалдық шешім қабылданатынын айтқан.

Саида Тәуекелова “бұл жауапқа қанағаттанбадық” дейді. Тергеу барысын бақылап, тергеудің кезекті кезеңі аяқталғанын күтетінін, өздерінің талабы ескеріліп, қыздар тиісті тергеу статусын алады деп үміттенетінін атап өтті.

Үшінші адвокат Марал Жайлаубаева марқұм Шерхаттың ағасы Нұрқанатқа трагедия түні жасалған шабуылды тергеу барысын айтып берді.

Оның сөзінше, сол түні жәбірленуші Нұрқанаттың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлап кеткен. Осыған байланысты талап арыз түсіріліп, ол қанағаттандырылған. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалған.

“Сондай-ақ трагедия түні күдіктілер Нұрқанатқа дене жарақаттарын келтіріп, 3-4 рет жамбасы мен төсіне пышақ ұрған. Аталған әрекеттер адамды өмірінен айыруға тікелей бағытталған нақты ниетпен жасалған деп есептейміз. Осыған байланысты аталған дерек бойынша біз “өлдіруге оқталу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап өтініш хат түсірдік. Қазіргі таңда ол қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен күдіктілердің орталарында беттестірулеп өткізіліп, қазіргі уақытта тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен танысудамыз” деді Марал Жаулаубаева.

Саида Тәуекелова үйді өртеу бойынша істі мамандандырылған прокурорлар тергеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінде өртке байланысты Азат, Рысқұлов, Қайназар ауылдары мен Талғар қаласының 1200 тұрғынынан жауап алынған. Жақын маңдағы жанар-жағармай бекеттері қызметкерлерінен де жауап алынған. Адвокат тергеу барысында аэрокосмостық комитетке, Яндекс, 2ГИС, Google Maps сервистеріне сұрау жолданғанын жеткізді.

Саида Тәуекелова сот ашық болатынына сендірді.

Құқыққорғаушылардың сөзінше, бүгінде Шерзаттың әулеті ешкімнен жылу жинап жатқан жоқ әрі ешқандай арнайы шоттар ашпаған. Осы уақытқа дейін әлдекімдер Шерзаттың отбасына деп 7 ақша жинау әрекетін жасағанын, олардың бірде-бірі азалы отбасынікі еместігін мәлім етті. Адвокаттар әзірге ешқандай жылу жинау ашылмайтынын шегелеп айтты.

Бүгінде Талғардағы оқиғаның айналасында алты қылмыстық іс бойынша тергеу жҮріп жатыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматы облысында балабақшада бүлдіршінді күтушінің көзінше құрдасы ұрып-соққан (видео)

Published

on

By

Алматы облысында балабақшада балалар күтушінің көзінше бір-бірін соққыға жыққаны туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Стопкадр: @zhuldyz.zhumabekkyzy

Балабақшалардың бірінде баланы өз құрдасы ұрып, тістеген. Ал тәрбиеші бұл жағдайды көріп тұрып, ешқандай әрекет жасамаған. Видеоны зардап шеккен баланың анасы жариялады. Оның айтуынша, оқиға таңертең болған, бірақ оған тек түске қарай хабарлаған. 

Видеода баланы ұрып-соғып, тістеп жатқанын көруге болады. Ол жылап, айқайлап жатыр. Ал бөлмедегі тәрбиеші бала жылағанына қарамастан оған көңіл аудармайды. Бұл жағдай 13 қарашада сағат 11:15 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы “Тамирлан” балабақшасында орын алған.

Алматы облысының әкімдігі баспасөз хатшысы Жанна Арынбеков ішкі тексеру қорытындысы бойынша, тәрбиеші сол уақытта жұмыс орнында болмағанын хабарлады. Ал бөлмеде болған тәрбиеші емес, тәрбиешінің көмекшісі. Ол қызметінен босатылды. 

“Балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, олардан осындай жағдайлар қайталанбас үшін жазбаша міндеттемелер алынды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін білім басқармасы профилактикалық шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті”, — деді Жанна Арынбекова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

@zhuldyz.zhumabekkyzy

Бүгін сағат 11 де болыпты , менімен 1 жарымда хабарласты , няня жаңадан келген екен , воспитательница ата ана келіп шығып кеткен екен , няня жылап жатсада мән бермеді ұлыма ,не істеу керек мындай ситуацияда ? няняны жұмыстан шығарамыз деп айтты , қалдыра салайық па, менің ұлым қарадағы


♬ оригинальный звук – Zhuldyz

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада мектеп директоры оқушылардың тәртібіне көңілі толмай бүтін бір сыныпты жабуға шешім қабылдаған

Published

on

By

Астанадағы №25 мектепте дау туды. Ата-аналардың айтуынша, мектеп директоры жоғары сынып оқушыларының сабаққа қатысуы, тәртібі және оқу үлгеріміне көңілі толмай, оқу жылының ортасында сыныпты жауып тастайтынын айтып қорқытқан. Қиын жағдайға тап болған балалардың ата-аналары журналистерге шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Atameken Business арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

сюжеттен скрин

Айгерим Аймағамбетова – мектептен шығару қаупі бар баланың анасы. Ол баласының оқу үлгерімі жақсы болғанына қарамастан, мектеп директоры білім алу процесіне қысым жасап жатқанын айтады. Тіпті, директор бүкіл сыныпты оқудан шығаратынын айтып қорқытқан, ал мұнда 30-ға жуық жасөспірім оқиды. Ата-аналардың айтуынша, бұл жағдайға тәртіпсіздік және оқушылардың сабаққа уақытылы бармауы себеп. 

“Менің балам ешқашан сабақтан қалған емес. Кейде кешігіп барады. Бар мәселе сол. Балам осы мектепте бірінші сыныптан бастап оқып келеді. Оның сыныптастары, достары бәрі осында. Ол:”Мен қайда барамын?” деп жатыр. Ал басқа мектепке ауысу мүмкін емес, орын жоқ”, – дейді Айгерім. 

Ата-аналардың айтуынша, балалар бұрын басқа мектепте оқыған, бірақ ғимаратты бұзу туралы шешімнен соң оқушыларды басқа мектепке ауыстырған. Оқушылардың жиі кешігуі мектептің қаланың басқа ауданында орналасқанына байланысты екенін айтады ата-аналар. 10-сынып оқушыларының кейбірін шығаруға шешім қабылдағаны туралы жаңалықты ата-аналар жақында естіген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мектеп директоры өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, сыныпты қысқартуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Дегенмен, тәртіпсіздік мәселесі бар оқушыларды басқа мектепке ауыстыруды ұсынған, бірақ ата-аналармен бұл мәселені жеке талқылауға дайын екенін айтты.

“Бұл сыныпта тәртіп жоқ. Олар сабақ жүргізуге кедергі келтіреді, мұғалімдерді мазақ етеді, боғауыз сөздер айтады. Бұл мәселе талқыланды, кейін ата-аналарға ескерту жасадық. Біз мектеп ретінде ата-аналарды жауапкершілікке тарту туралы хат жолдай аламыз. Бірақ ата-аналардың ешқайсысы мұғалімдерден кешірім сұраған жоқ”, – дейді мектеп директоры Алмаз Қиянов.

Сынып жетекшісі мен басқа да мұғалімдер сыныптағы тәртіптің жоқ екенін растады. Оқушылар сабақтарға қатыспайтынын және жиі кешігетінін, бұл жақсы оқитындарға да әсер ететінін айтады.

Директордың позициясы ата-аналарға түсініксіз болғандықтан, олар мемлекеттік органдарға хат жазып, білім беру мекемесінің әрекеттерінің заңдылығын сұрады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

Published

on

By

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖД

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты”, – делінген хабарламада. 

Фото: ТЖД READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

“Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде”, – дейді төтенше жағдайлар департаментінен. 

Астана әкімдігі зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілетінін айтты. 

“Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!