Connect with us

IN-THE-NEWS

Атырауда тракторшы мектеп қақпасын бұзып кеткен: Қылмыстық іс қозғалды

Published

on

By

Атырауда тракторшы салынып жатқан мектептің қақпасын бұзып, көлікке зақым келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Pixabay.com

Атыраулық тракторшының үстінен қылмыстық іс қозғалды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды”, – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында мас тракторшы әйелді екі рет басып өлтірген Ескерту құтқара алмады: Атырау облысында тас жолда болған апатта төрт адам тірідей өртеніп кетті

Мәліметтерге сәйкес, 51 жастағы тракторшы мас күйінде салынып жатқан мектептің қақпасын бұзып, Chevrolet Onix көлігіне зақым келтірген. Ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

“Қазақстан темір жолы” тағы бір заңбұзушылықты анықтады

Published

on

By

“Қазақстан темір жолы” компаниясы жасырын тексеріс барысында Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушының билетсіз жүрген фактісін анықтады. Оқиға видеоға түсірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РИА Новости

Мәліметтерге сенсек, бұл жолы №43 Алматы – Қостанай жеке пойызының жолсерігі билеті жоқ жолаушыны қолма-қол ақшаға жеткізуге келіскен.

“Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. Ұқсас тексерістер елдегі барлық вокзалдарда жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, №43 Алматы – Қостанай пойызы жеке тасымалдаушы “Түрксіб Астана” ЖШС-не тиесілі.

“ҚТЖ” ережебұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” принципін ұстанып, азаматтарды билетсіз жолаушыларды тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы фото, аудио және видео материалдармен бірге @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарлауға шақырады”, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2023 жыл мен 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚТЖ қызметкерлері рейдтер барысында пойыздарда 175 заңбұзушылықты, соның ішінде 144 билетсіз жолаушы тасымалын қамтыған 78 жағдайды анықтады. Қызметтік тергеулер нәтижесінде 65 қызметкердің еңбек келісімшарты бұзылған.

Сонымен қатар Алматы – Қостанай бағыты бойынша вагондардың жағдайына қатысты оқырмандар бірнеше рет шағымданған. Қазан айының ортасында бұл вагондардың жаңартылатыны белгілі болды. Көлік министрлігі №43/44 Алматы – Қостанай бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагондары 2024 жылдың қараша айынан бастап жүреді деп уәде етті.



Еске салайық, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” филиалының басшысы сотталғанын жаздық. Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот “Қазақстан темір жолы” АҚ филиалы “Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының” директоры Амринға қатысты сот үкімін шығарды. Сот шешіміне сәйкес, Амрин өзінің билігін асыра пайдаланып, мемлекетке 21 миллион теңге көлемінде залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып қылмыс жасаған қазақстандықтар ұсталды

Published

on

By

Елімізде жыл басынан бері өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп алаяқтықпен айналысқан 14 қаскүнем ұсталған. Мамандар жұртшылықты осындай жалған қызметкерлердің арбауына түспеуге шақырды. Олар көбіне адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Шымкентте қараша айында бір топ адам өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, бопсалау арқылы қамқорлық жасауға уәде еткені үшін ай сайын 1,5 миллион теңгеге дейін ақша алып отырған.

Ал Ақтөбеде өздерін полицей етіп таныстырған екі жігіт қаланың екі тұрғынына күш көрсетіп 300 мың теңгесін ашығынан ұрлап әкеткен.

Қонаевта өздерін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде таныстырған екі тұрғын қажет ақпаратты таратпағаны үшін жігіттен 500 мың теңге бопсалаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Олардан жалған қызметтік куәлік, құжаттар мен киім-кешек тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.



“Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын ең сенімді етеді. Сондай-ақ, қылмыскерлер адамдарды кінәлі сезіндіріп, қорқыту үшін манипуляциялап, түрлі психологиялық әдістерді жиі қолданады. Өздерін полицияданбыз деп жүрген алаяқтарды ұстау азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды аспектісі. Халықтың хабардарлығы мен қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін.

Осыған байланысты ІІМ құқық қорғау органдарының қызметкерлері өкілдік ететін адамдардың кез келген заңсыз әрекеттері кезінде полицияға дереу хабарлауды қатаң түрде ұсынады. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда”, – деп атап өтті ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

9 айдағы кіріс 9%-ға артты

Published

on

By

“Кселл” жетекші мобильді операторының жалпы табысы 3-тоқсанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға өсіп, 60,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы компания өкілдері Қазақстан қор биржасы алаңында өткізілген дәстүрлі “Эмитент күні” барысында мәлімдеді. Ұсынылған есеп бойынша, оператор 9 ай ішінде негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім көрсетті.

Атап айтқанда, компания ағымдағы жылдың 9 айында табысты 180 миллиард теңгеден асырып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға арттырды. Бұл клиенттік базаның өсуін, сату көлемінің ұлғаюын және маркетингтік стратегиялардың табыстылығын көрсетеді. Оператордың сервистік табысы шамамен 6,5 пайызға өсіп, 149,4 миллиард теңгені құрады. EBITDA 63 миллиард теңге шамасында болса, таза пайда 8,07 миллиард теңгеге жетті. Компания сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін мықты іргетасқа айналатын инфрақұрылымды салуға және жаңартуға бағытталған ірі инвестициялық циклды бастады. Бұл радиожиілік спектрін пайдалану және кеңейтілген базалық станциялар желісіне қызмет көрсету шығындарының өсуіне әкеп соқтырды. 

“Сіздер білетіндей, соңғы 2 жылда біз 5G желілерінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп келеміз, бұл, әрине, ауқымды капиталдық шығындарды қажет етеді. Жалпы алғанда, 9 айда біз желіні дамытуға шамамен 65 миллиард теңге инвестиция салдық. Сонымен қатар, биыл біз желіні салу және дамыту қарқынын арттырдық, бұл қаржылық көрсеткіштерге әсер етті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 3-тоқсанында компания республика бойынша 5G стандарты бойынша 129 базалық станцияны және 100-ден астам 4G “сайтын” іске қосты. Осылайша, қыркүйек айының соңында Қазақстан бойынша 5G базалық станцияларының саны 1040-қа жетіп, жаңа стандартты станциялар үлесі елдегі барлық базалық станциялардың үлесінен 25 пайызға артты. Бүгінде 20 қалада миллионнан астам қазақстандық 5G телеком-қызметтерін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, біз Алматы метрополитенінде жаңа технология негізінде байланыс орнатқан елдегі алғашқы оператор болдық”, – деп атап өтті Кселл АҚ-ның бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов қаржылық есепке түсініктеме бере отырып.

3-тоқсанның нәтижелеріне келсек, 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда компанияның табысы 7,5 пайызға өсіп, 60,4 миллиард теңгені, сервистік табыс 2,8 пайызға артып, 51,1 миллиард теңгені құрады, ал EBITDA 22,3 миллиард теңгеге жетті. Компанияның абоненттік базасы 2 пайызға жуық ұлғайып, 7,7 миллион пайдаланушыны құрады. Бұл көрсеткіштер Кселлдің нарықтағы орнының беріктігін, ақша ағынын жоғары деңгейде ұстап тұруын және операциялық, қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын сақтап отырғанын көрсетеді.

“Ағымдағы жылы компания өз желісін дамыту әрі жаңғыртуға, оның ішінде телеком-қызметтер мен цифрлық сервистердің сапалық сипаттамаларын арттыру үшін 5G құрылысына күрделі шығындар мен инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруға ниетті. Біз компания менеджменті ретінде жыл қорытындысы бойынша кіріс деңгейін 240-250 миллиард теңге “дәлізіне”  жеткізуді болжап отырмыз. EBITDA бойынша рентабельділік 36-37% деңгейінде сақтап, табысқа шаққандағы капиталдық шығындарды 30-35% шегінде ұстап тұрамыз деп жоспарлап отырмыз”, – деді “Кселл” АҚ-ның Бас коммерциялық директоры Ольга Цой. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ, компания 3-тоқсанда республикадағы 123 ауылда жаңа байланыс орнатып, интернетке қолжетімділікті жақсартты. Бұл үшін ауылдық жерлерде 277 базалық станция (серіктестердің базалық станцияларын қоса алғанда) іске қосылды. Компанияның тағы бір қызықты жобасы – Cruise Data теңіз кемелері мен круиздік лайнерлерде роуминг-пакетін іске қосу болды. Сонымен қатар, жазда оператор әртүрлі клиенттік категорияларға бағытталған бірнеше жаңа тарифтік жоспарларды іске қосты: “Имба” – балалар мен мектеп оқушыларына, “Студент” – ЖОО мен колледж студенттеріне, сондай-ақ, “Отбасы” – 7 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін отбасылық тариф. Кселл әр тарифтік жоспарды қажетті әрі қызықты мазмұнмен қамтамасыз етуге тырысты, және бұл абоненттердің көңілінен шыққаны байқалады. 

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!