Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда қайтарылған 8 миллиард теңгеге ерекше балаларға арналған балабақша салынады

Published

on

By

Үкімет президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден тағы шамамен 8 миллиард теңге әлеуметтік нысандарға бағытталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Үкіметтің мәліметінше, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті затпен жабдықталады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бүгінде облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2 523-тен астам бала бар, олардың 1 320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді”, – делінген үкімет хабарламасында.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда олигархтардан тәркіленген 12 миллиард теңгеге мұқтаж жандар үшін екі баспана салынады. Мәліметтерге сенсек, Алматыда заманауи мәдениет орталығы салынады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады. Бұдан бөлек арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

21 қарашада ел аймақтарында телеарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Published

on

By

21 қарашада ел аймақтарында 03:00 мен 17:00 аралығында телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

“Қазтелерадио” АҚ-ның мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуы үшін тоқсан сайын эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

“2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Үндістан алғашқы гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайды​​​​​​​

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”,- делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығы министрі танымал “шайн мускат” жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

Published

on

By

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: timeout.com

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.



“Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады”, – деді министр.

Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. “Корей” жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін”, – деді Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар дубай шоколадынан соң, жаппай жапон жүзімін алуға көшкені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Үндістан алғашқы гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Published

on

By

Үндістан гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелері ұйымы 16 қараша күні кешке Одиша штатында зымыранын сынақтан өткізгені туралы Үндістан үкіметі хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Раджнатх Сингхтің X парақшасынан

Үндістан билігінің айтуынша, зымыранның ең жоғары ұшу қашықтығы – 1500 шақырым.

Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингх өткізілген сәтті сынақты елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда “маңызды кезең” деп бағалады.

“Бұл тарихи сәт және маңызды жетістік. Ол елімізді осындай маңызды және заманауи әскери технологияларға ие таңдаулы мемлекеттердің қатарына енгізді”, – деп жазды Үндістанның қорғаныс министрі X желісінде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Ресей өз қару-жарағында гипердыбыстық қару бар екенін және Украинаға соққы жасау үшін “Циркон” мен “Кинжал” зымырандарын қолданатынын мәлімдеді. Гипердыбыстық зымырандардың сәтті сынақтары туралы бірнеше жыл бұрын Қытай мен АҚШ та хабарлаған еді.

Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл саладағы зерттеулерді Үндістаннан басқа Аустралия, Франция, Германия және Солтүстік Корея да жүргізіп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Байден Украинаға Ресейге шабуыл жасау үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат бергенін жазған едік. Бұл шешім АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатының өзгерісін көрсетеді, себебі бұрын Вашингтон мұндай әрекетке тыйым салған еді. Өйткені бұл аймақтағы жағдайды ушықтырады деп алаңдаған. ATACMS зымырандары 300 шақырымға дейінгі нысандарды дәл көздеуге мүмкіндік береді. Украина бұл қаруды Ресей мен Солтүстік Корея әскерлеріне, сондай-ақ олардың логистикалық желілеріне, әскери техникасына және оқ-дәрі қоймаларына соққы беру үшін қолдануы мүмкін. Бұл қадам Ресей мен Солтүстік Кореяның ықтимал шабуылын бәсеңдету мақсатында жасалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!