Connect with us

IN-THE-NEWS

Түркия әуе кеңістігін жауып, Израиль президентінің ұшағын кіргізбей қойды

Published

on

By

Анкараның ұстанымына байланысты Ицхак Герцог Бакудегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі тақырыбындағы конференцияға сапарын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Израиль министрлері Грузия арқылы Әзірбайжанға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Trthaber.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: report.az

Израиль президенті Ицхак Герцог Түркияның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салуына байланысты Әзірбайжанда өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (COP29) сапарынан бас тартты. 

Израиль басшысы Ицхак Герцогтың сапары кезінде ресми Wing of Zion ұшағына мінуге тиіс еді. Алайда форумға қатысып жатқан израильдік министрлер Грузия арқылы коммерциялық әуе рейстерімен Бакуге жеткен.

Yedioth Ahronot басылымының дерегінше, дипломатиялық арналар арқылы қарқынды келіссөздер бірнеше күн бойы жүргізілгенімен нәтижесіз аяқталды. Сонымен бірге ресми Баку климат конференциясына қатысушылардың бәріне қажетті жағдай жасағанын атап өтті.

Израиль президентінің кеңсесі сапардың қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді. Алайда Caliber.az порталына Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды өкілі берген сұхбатта, Герцогтың конференцияға бара алмауы Анкараның ұстанымына байланысты екенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

COP29 конференциясы 11-22 қараша аралығында Бакуде өтуде. Форумның негізгі тақырыбы – 2025 жылдан бастап климат өзгерістеріне қарсы күрес шараларын қаржыландыру. Сарапшылар бұл шаралардың жылдық құнын кемінде 1 триллион долларға (940 миллиард еуро) бағалап отыр. Сонымен қатар конференцияда атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша алдағы жұмыс талқыланбақ.



Еске салайық, бұған дейін шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қажет болған жағдайда түрік әскерлері Израиль аумағына кіреді деп мәлімдеді. Ердоған мәлімдеме жасап, палестиналықтарға жақтасу керек екенін айтты. Түркия ұлттық келісім үкіметінің күштеріне көмек көрсету үшін 2020 жылы Ливияға әскер жіберді. Сонымен қатар түрік әскерилері Таулы Қарабақтағы операциялары кезінде Әзірбайжан армиясына көмектесті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығы министрі танымал “шайн мускат” жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

Published

on

By

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: timeout.com

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.



“Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады”, – деді министр.

Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. “Корей” жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін”, – деді Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар дубай шоколадынан соң, жаппай жапон жүзімін алуға көшкені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Үндістан алғашқы гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Published

on

By

Үндістан гипердыбыстық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелері ұйымы 16 қараша күні кешке Одиша штатында зымыранын сынақтан өткізгені туралы Үндістан үкіметі хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Раджнатх Сингхтің X парақшасынан

Үндістан билігінің айтуынша, зымыранның ең жоғары ұшу қашықтығы – 1500 шақырым.

Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингх өткізілген сәтті сынақты елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда “маңызды кезең” деп бағалады.

“Бұл тарихи сәт және маңызды жетістік. Ол елімізді осындай маңызды және заманауи әскери технологияларға ие таңдаулы мемлекеттердің қатарына енгізді”, – деп жазды Үндістанның қорғаныс министрі X желісінде. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Ресей өз қару-жарағында гипердыбыстық қару бар екенін және Украинаға соққы жасау үшін “Циркон” мен “Кинжал” зымырандарын қолданатынын мәлімдеді. Гипердыбыстық зымырандардың сәтті сынақтары туралы бірнеше жыл бұрын Қытай мен АҚШ та хабарлаған еді.

Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл саладағы зерттеулерді Үндістаннан басқа Аустралия, Франция, Германия және Солтүстік Корея да жүргізіп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Байден Украинаға Ресейге шабуыл жасау үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат бергенін жазған едік. Бұл шешім АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатының өзгерісін көрсетеді, себебі бұрын Вашингтон мұндай әрекетке тыйым салған еді. Өйткені бұл аймақтағы жағдайды ушықтырады деп алаңдаған. ATACMS зымырандары 300 шақырымға дейінгі нысандарды дәл көздеуге мүмкіндік береді. Украина бұл қаруды Ресей мен Солтүстік Корея әскерлеріне, сондай-ақ олардың логистикалық желілеріне, әскери техникасына және оқ-дәрі қоймаларына соққы беру үшін қолдануы мүмкін. Бұл қадам Ресей мен Солтүстік Кореяның ықтимал шабуылын бәсеңдету мақсатында жасалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

"Бұрқасын, боран, көктайғақ": Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болжанғанын жариялады

Published

on

By

Қазгидромет еліміз бойынша 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына тағы да солтүстік-батыс циклоны әсер етпек. Салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Республиканың солтүстік жартысында бұрқасын, боран болжануда.

Тек 21 қарашаға қарай республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда 2050 жылға қарай халықтың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде тұрады – Сарапшылар

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады: Синоптиктер айтып берді

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!