Connect with us

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы шәкірті болған Ерке Есмаханның ұзақ уақыт бойы эстрадада жолы болмағанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/bayanyessentayeva

Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын  жасырмады. 

“Жанар Дұғалованы “Алтын қыз” деп атадым. Бағымға көрсетіп, мықты дауыс иесі екенін бірден білдім. Ол менің алдыма 23-24 жасында келді. Өте ересек, ақыл тоқтатқан қыз болды. Алайда қыздарымның ішінен жұлдызды сәтін ұзақ күткен Ерке Есмахан болды. Ол көп еңбектенсе де, жолы болмай жүрді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, “Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?” деп айтатын. Мен оған “Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма” дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. “Не істейміз?” деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Бірақ соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті”, – деді продюсер “Din Dina Show” бағдарламасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова өнердегі бағын ашқан Баян Мақсатқызымен араласпай кеткен еді. 

“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болса да, ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік”, – деген болатын Мөлдір Әуелбекова. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Түн ортасында үйге кіріп, азғындық жасамақ болған: Жетісу облысында ауыл әкімі бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылып кетті

Published

on

By

Жетісу облысы Ақсу ауылдық округінде түнде жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, азғындық жасамақ болған әкім мен оның әріптесі бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: freepik.com

Облыстық соттың мәліметінше, оқиға 2024 жылдың тамызында болған. Төрт баланың анасының үйіне әкім келіп, терезенің қорғаныс торын ашып кірген. Кейін әйелдің киімін шешпек болған. Қорыққан әйел көшеге жүгіріп қашқан кезінде алдынан әкімдіктің басқа қызметкерімен шыққан. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ақсу аудандық соты сотталушылардың іс-әрекеттерін түнгі уақытта тұрғын үйге қол сұғушылық екенін жеткізді. Сот қылмысты ауырлығы төмен құқық бұзушылық ретінде қарады. Бұрын сотталмағаны мен кішкентай балаларының болуы жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Олардың әрқайсысы бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шықты.

Атырауда тракторшы мектеп қақпасын бұзып кеткен: Қылмыстық іс қозғалды

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер үйінде жарық, су және газсыз тұрып келген

Published

on

By

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жарығы, газы мен суы жоқ үйде тұрып жатыр. Оның үстіне Валентина Бердинаның құжаттары жоқ болғандықтан, зейнетақы да алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Дегенмен көршілері зейнеткерді аш қалдырмайды екен. Ол тоңып қалмасын деп отын жинап, пеш жағып беретін көрінеді. 72 жастағы зейнеткер қыс жақындап қалғандықтан пешіндегі оты үзілмес үшін отынды балтамен өзі шабады екен. 

“Менің төлейтін ақшам болмады. Күйеуім қатерлі ісікпен ауырып, 22 жыл бұрын қайтыс болды. Сосын олар бәрін өшірді. Бір әйел үйге келіп, баламмен бірге тұратынын жеткізді. Ол жарық үшін ақша төлегенін айтады. Дегенмен маған түбіртектерді көрсетпеді. Мен оған сендім. Алайда ол төлемеген болып шықты”, – деді зейнеткер.  

Валентина Петровна осы үйде туып, отбасын құрып, екі баласын дүниеге әкелген екен. Бірақ қартайған шағында жалғыз қалыпты. Зейнеткер қызын көптен бері көрмеген. Ал ұлы анда-санда келіп тұрады екен. Бірақ әйел олардан көмек күтпейді.

Валентина Петровна зейнетақы алсам бәрі оңайырақ болар ма еді, дейді. Бірақ оның қолында тек туу туралы және неке туралы куәліктері бар. Сондықтан ол жәрдемақы немесе зейнетақы ала алмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Көршілерімнің бәрі қазақ. Олар мені аш қалдырмайды. Кеше қой сойылды. Олар маған соны әкеліп берді. Мен әлі де жер жыртып, өзім жұмыс істей аламын. Бірақ олар мені жұмысқа қабылдамайды”, – дейді зейнеткер. 

Жақында еріктілер зейнеткерге келіп, коммуналдық қарыздарын төлеп беріпті. Электр қуаты мен газбен жылыту кез келген күні қолжетімді болады. Бірақ зейнетақыны рәсімдеу қиынға түседі, дейді. 

“Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекске сәйкес қалада еңбекке жарамды жастағы балалары болғандықтан, Бердинаның бізден көмек ала алмайды. Балалары ресми түрде бас тартқан жағдайда ғана мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Сонда Валентина Петровна жалғызбасты деп танылып, әлеуметтік қызметкермен қамтамасыз етілуі мүмкін”, – дейді Ақтөбе қалалық әлеуметтік көмек орталығының директоры Нәзия Шаяхметова.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Индонезия билігі Қытайдың Temu интернет-дүкенін қолданбадан алып тастауды бұйырды

Published

on

By

Қытайдың Temu интернет-дүкені Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа нарықты жаулап алуға тырысып жатыр. Дегенмен Индонезия билігі елдің шағын саудагерлерін қорғау үшін Temu-ды қолданбалар дүкенінен алып тастауды бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме  жасап хабарлайды.

Фото: pymnts.com

Вьетнам үкіметі айдың соңына дейін Temu мен Shein интернет-дүкеніне тыйым салатынын айтты. 

Cube деректерді талдау фирмасының негізін қалаушы Саймон Торрингтің айтуынша, арзан қытайлық өнімдердің тасқыны жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерге зиянын тигізді.



“Temu барлық реттеуші органдардың жауына айналды. Қазір барлығын трансшекаралық импорт ережелерін өзгерту керек пе деген сұрақ мазалайды”, – деді ол.

Taksa Toys Thailand операциялық директоры Пум Чотикаван балалар ойыншығының жергілікті өндірушісін таба алмай қиналып жүр. Себебі көптеген жеткізушілер жұмыстан шығып кеткен. 

Қытайлық бәсекелестердің күшеюіне байланысты барлық салалардағы 2000-ға жуық Тайланд зауыттары жабылып қалған. 

“Қытайдан өнім алу оңай болған емес. Сондықтан сатылым азайып кетті”, – деді Чотикаван. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияда, одан кейін осы жылы Тайланд, Бруней және Вьетнамда сатылымын кеңейтіп жатыр. 

Temu-де 3 долларға (1 495 теңге) сатылатын сабаннан тоқылған сөмкелерді Индонезиядағы жергілікті сатушылар алты есе қымбатқа сатып жатыр. Вьетнам базарларында 15 долларға (7 479 теңге) сатылған күртешелерді Temu-да дәл осындай бағамен және тегін жеткізумен сатып алуға болады.

Тұтынушылар арзан тауарға қол жеткізуді ұлғайтқанымен, жергілікті бизнес өкілдері үкіметтің әрекетке көшуін қалайды.

Индонезия 2023 жылы электрондық қолданбалар арқылы интернеттен зат сатып алуға тыйым  салып, салықты көтерген еді.  

“Temu ештеңеге қарамастан, нарықты жеңуге тырысады. Бұл басқа нарықтарға сигнал: “Егер оңай болса келеміз. Қиын болса, біз тағы да келеміз. Сіздер бізге ережелерді және не істеу керегін көрсетесіздер, бірақ біз бәрібір де келеміз”, – деді Cube аналитикалық компаниясының негізін қалаушы.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ге қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылған еді. Ал бірнеше елде оған тыйым салынған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!