Connect with us

IN-THE-NEWS

Индонезия билігі Қытайдың Temu интернет-дүкенін қолданбадан алып тастауды бұйырды

Published

on

By

Қытайдың Temu интернет-дүкені Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа нарықты жаулап алуға тырысып жатыр. Дегенмен Индонезия билігі елдің шағын саудагерлерін қорғау үшін Temu-ды қолданбалар дүкенінен алып тастауды бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме  жасап хабарлайды.

Фото: pymnts.com

Вьетнам үкіметі айдың соңына дейін Temu мен Shein интернет-дүкеніне тыйым салатынын айтты. 

Cube деректерді талдау фирмасының негізін қалаушы Саймон Торрингтің айтуынша, арзан қытайлық өнімдердің тасқыны жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерге зиянын тигізді.



“Temu барлық реттеуші органдардың жауына айналды. Қазір барлығын трансшекаралық импорт ережелерін өзгерту керек пе деген сұрақ мазалайды”, – деді ол.

Taksa Toys Thailand операциялық директоры Пум Чотикаван балалар ойыншығының жергілікті өндірушісін таба алмай қиналып жүр. Себебі көптеген жеткізушілер жұмыстан шығып кеткен. 

Қытайлық бәсекелестердің күшеюіне байланысты барлық салалардағы 2000-ға жуық Тайланд зауыттары жабылып қалған. 

“Қытайдан өнім алу оңай болған емес. Сондықтан сатылым азайып кетті”, – деді Чотикаван. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияда, одан кейін осы жылы Тайланд, Бруней және Вьетнамда сатылымын кеңейтіп жатыр. 

Temu-де 3 долларға (1 495 теңге) сатылатын сабаннан тоқылған сөмкелерді Индонезиядағы жергілікті сатушылар алты есе қымбатқа сатып жатыр. Вьетнам базарларында 15 долларға (7 479 теңге) сатылған күртешелерді Temu-да дәл осындай бағамен және тегін жеткізумен сатып алуға болады.

Тұтынушылар арзан тауарға қол жеткізуді ұлғайтқанымен, жергілікті бизнес өкілдері үкіметтің әрекетке көшуін қалайды.

Индонезия 2023 жылы электрондық қолданбалар арқылы интернеттен зат сатып алуға тыйым  салып, салықты көтерген еді.  

“Temu ештеңеге қарамастан, нарықты жеңуге тырысады. Бұл басқа нарықтарға сигнал: “Егер оңай болса келеміз. Қиын болса, біз тағы да келеміз. Сіздер бізге ережелерді және не істеу керегін көрсетесіздер, бірақ біз бәрібір де келеміз”, – деді Cube аналитикалық компаниясының негізін қалаушы.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ге қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылған еді. Ал бірнеше елде оған тыйым салынған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлап кетті

Published

on

By

Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: cripo.com.ua

Үй тұрғындарының айтуынша, кеше кешке шамамен 11-12 жас шамасындағы бала үйдің подъезіне кіріп кеткен. Ал таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секірген.

“Екіншісі өлер алдында біріншінің жерлеуіне қатысқан”: Жамбыл облысында бірінен соң бірі өзіне қол жұмсаған жасөспірімдер туралы дерек пайда болды Ақтауда туыстары ер адамның ауруханада өзіне қол салмақ болғанын жоққа шығарды: Олар дәрігерлердің жұмысына шағымданды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған бала 2009 жылы туған.

Айта кетейік, бұған дейін Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қыз өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейдің Екатеринбург қаласында аурухана өртеніп, адамдар терезеден секірді

Published

on

By

18 қарашада Ресейдің Екатеринбург қаласындағы ауруханалардың бірінде өрт шықты. От пен тұншықтырғыш түтіннен құтылмақ болған кейбір науқастар терезеден секірген. Оқиға орнынан түсірілген қорқынышты кадрлар әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

66ru-Telegram-арнасының мәліметінше, өрт ғимараттың шатырынан басталып, 300 шаршы метр аумаққа таралған.

Көптеген науқас ғимараттың есіктері арқылы эвакуацияланған. Ал басқалары терезеден секіруге мәжбүр болған. 45 жастағы ер адам үшінші қабаттың терезесінен шығып құтылған.

Қазір өрт жүрек аурулары бар адамдар жатқан реанимация бөліміне жеткені айтылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осы уақытқа дейін 350 пациент эвакуацияланған. Ресейдегі төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар №3 Орталық қалалық аурухананың емханасындағы ашық өртті сөндірген. Бір адам құтқарылған.

 



Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі кезінде терезеден секіргендердің бірінің жағдайы ауырлап кеткенін жаздық. Тұрғын үйлердің екінші және үшінші қабаттарынан секірген үш адам зардап шекті. Тексерістен кейін зардап шеккен екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды. Бес адам үйден қашып бара жатып жарақат алған. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан мүфтияты “қалың мал” мен “мәһрды” ресми түрде біріктірді

Published

on

By

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы некеге тұрған қызға беретін “қаланың мал” мен мәһрды біріктірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы “әке еңбегі”, “ана сүті” сияқты қалыңдықтың ата-анасы мен отбасына дәстүрлі сыйлықтар мәһр болып саналмайтынын атап өтті.

“Қалың мал – бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері бойынша қалыңдық үшін берілетін ірі қара мал. Фикхтің кітаптарында күйеу жігіттің қызға жиһаз сатып алу үшін берген малы “дустиман” деп аталады”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ғалымдар шариғатта “қалың малды” “мәһр” деп санауға қатысты бірнеше көзқарасы бар екенін атап өтті. 



Ағабек Қонарбайұлы мүфтияттың осы мәселе бойынша шешімін жариялады.

“Шешім бойынша күйеуі тарапынан берілген қалың малды қыз махр ретінде қабылдап, қолдана алады”, – деп жазды ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!