Connect with us

IN-THE-NEWS

Қызылордада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қыздың анасы сұхбат берді

Published

on

By

Бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген. Қыздың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AIRAN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Зардап шеккен қыздың анасы сыныптастары мен тауысқан әпкесінің әртүрлі видеолармен бопсалағанын айтып берді. Оған қоса қызды отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан.

”Басында барлығы 500-600 теңгеден басталған. Сыныптастары ақша сұрайтын еді. Кейін олардың қатарына туысқан әпкесі қосылады. Бастапқыда өзінің таныстарымен мақтанып, сырттай қорқытады. Артынша ішімдік ішіп, ішкеннің қаншалықты күшті екенін көрсетіп видео түсіреді. Кейін қызым мен сыныптасына да ішімдік ішкізіп, енді өзін емес екі қызды видеоға түсіреді. Артынша қызымды ұрып, тағы видео түсіреді. Осы видеолармен қызымды қорқытап, бопсалаған. Ата-анаңа көрсетеміз, желіге саламыз деп айтқан. Кейін үнемі ақша бопсалап отырады, қымбат телефонын күштеп тартып алады. Кейін соққыға жығып, телефонымен kyzdarnet сайтына тіркейді. Кәдімгі сутенерлер сияқты. Боспалаған қыздардың артында спортшылар, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары тұр”, – дейді қыздың анасы.

Бопсалаушылар 16 жастағы қыздың телефонын алып арнайы сайтқа тіркеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.


Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызға қандай көмек көрсетілуде – Министрлік жауап берді


“Қызым қарсылық көрсетуге тырысқан. Бірақ олар соққыға жығып, бопсалаған. Алғашқы клиенттерді де өздері тауып берген. Қаңтар айынан наурыз айына дейін қызымның телефоны солардың қолында болған. Клиенттердің ешқайсысы жасын сұрамаған. Қызымды 18 жаста деп көрсеткен. Отбасыңды өлтіреміз деп қорқытқан. Клиенттердің арасында құқфқ қорғау қызметкерлері де болған. Ата-анаң ешнәрсе істей алмайды деп айтқан. Біздің шамамыз жетпейді деп ойлаған сияқты қызым. Сынып жетекшісі боған оқиғаның барлығын естіген. Басқа сыныптың балалары да білген, қызымды келеке қылған”, – дейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Анасы бастапқыда қызының мұндай жағдайға тап болғанын білмегенін, ең алғаш бұл туралы қашан естігенін айтып берді.

“Танымайтын 21 жастағы жігітке желіден жазып, қызым барлығын айтып берген. Үйдің жанына келіп, әкесіне хабарласқан. Әкесі барып қызымызды алып кетті. Қызымның жағдайы сұмдық еді. Әкесі таксимен полиция бөліміне алып барған. Бірақ ол кезде учаскелік полиция бөлімі жабық болған. Кейін үйге келіп, қызым болған жағдайдың барлығын айтып берді. Сыныптастары мен туысқан әпкесі ақша үшін осындай нәрсе жасауға мәжбүрлегенін айтты”, – дейді қыздың анасы.

Қыздың отбасы қазір Қаладан көшуге мәжбүр. 

“Қызылордадан көшуіміз керек. Бұлай өмір сүре алмаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істей алмаймыз. Бұл қыздардың артында аудандағы жігіттер тұрғанын айтады қызым. Бір жігіт көшеде келіп маған бұл істі “қазбалама” деп айтты. Бірақ мен қызыма осыны істегендердің жазаға тартылғанын қалаймын. Қызым қазір ауырып жатыр. Жақында оны жекеменшік ауруханаға жатқызамыз. Бір жыл үш айдан кейін алғашқы сотталғандар бостандыққа шыға бастайды. Бұл заңды қалай түсінуге болады. Бізде заң кімге арналған?” – дейді қыздың анасы.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 

Еске салсақ, бұл іс бойынша сот үкімімен Т “бопсалау” бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастаған

Published

on

By

Қытайда емтиханнан өте алмай қалған жас жігіт оқу орнында адамдарды пышақтап тастады. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті алдынан кезіккен адамдарды пышақтап, соның салдарынан сегіз адам көз жұмған. Тағы 17 адамның жарақат алғаны белгілі болды.

Сұмдық жағдай Цзянсу провинциясында болған. 21 жастағы студент соңғы сабақ кезінде студенттерге пышақпен шабуыл жасаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ұстаздар да болуы мүмкін. Қытайдың қауіпсіздік бюросы қаза тапқандардың жеке басын әзірге жариялаған жоқ.

Қолын қанға бояған жігіт мұндай қадамға кек алу мақсатында баруы мүмкін. Өйткені биыл колледжді бітіруі тиіс түлек емтиханнан да, тағлымдамадан да өтпей қалған екен. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, тергеу амалдары басталып кетті.

Еске салсақ, осыған дейін Екатеринбургте аурухана өртеніп, адамдар терезеден секіргені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады (видео)

Published

on

By

Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып кеткенін көруге болады. 

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 


“Төбелес, пышақтасу және кісі өлімі”: Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бұған дейін не үшін сотталғаны анықталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Published

on

By

Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 


Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторында орналастырылған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!