Connect with us

IN-THE-NEWS

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі алаяқтық үшін сотталды

Published

on

By

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

Самат Ескендіров үлескерлерді алдап, жерлерін сатып жібергені үшін сотталған.

“Жауапкер Е. және басқа тұлға несие алу үшін жалған жиналыс хаттамаларын жасаған. Олар ЖШС қатысушыларының келісімінсіз Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін кепілге қойған. Бір топ адамдар ауыл тұрғындарының жер үлестерін заңсыз иемденіп, еншілес кәсіпорынға жер учаскесін кепілге берген және иеліктен шығарған. Нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген. Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің “Адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық” ретінде бағаланады”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.


“Балаларына алимент қарыздарын төлемеген”: Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасынан Mercedes S-кластағы көлік тәркіленіп сатылымға қойылды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Белгілі болғандай, экс-әкімнің кінәсі жәбірленушілер, куәгерлер, тінтулер, тәркіленген төлем тапсырмалары, сараптамалық қорытындылар және тәуелсіз аудитордың айғақтарымен дәлелденді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға қатаң жаза тағайындауды талап етпеген жәбірленушілердің көпшілігінің пікірін ескерді.

“2023 жылы сот шешімімен ЖШС құрылтайшылары жиналысының шешімі және құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісім жарамсыз деп танылды. Осыған байланысты, жер учаскесі жәбірленушілерге қайтарылды. Ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Е.-ге ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген ақпаратта.

Еске салайық, ағымдағы жылдың жазында Ақмола облысында Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-сенатор Самат Ескендіровке қатысты сот процесі өтіп жатқаны белгілі болды.

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі жоғары лауазымды шенеунікке қатысты істің Көкшетау қалалық сотында қаралғанын хабарлаған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін айып тағылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастаған

Published

on

By

Қытайда емтиханнан өте алмай қалған жас жігіт оқу орнында адамдарды пышақтап тастады. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті алдынан кезіккен адамдарды пышақтап, соның салдарынан сегіз адам көз жұмған. Тағы 17 адамның жарақат алғаны белгілі болды.

Сұмдық жағдай Цзянсу провинциясында болған. 21 жастағы студент соңғы сабақ кезінде студенттерге пышақпен шабуыл жасаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ұстаздар да болуы мүмкін. Қытайдың қауіпсіздік бюросы қаза тапқандардың жеке басын әзірге жариялаған жоқ.

Қолын қанға бояған жігіт мұндай қадамға кек алу мақсатында баруы мүмкін. Өйткені биыл колледжді бітіруі тиіс түлек емтиханнан да, тағлымдамадан да өтпей қалған екен. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, тергеу амалдары басталып кетті.

Еске салсақ, осыған дейін Екатеринбургте аурухана өртеніп, адамдар терезеден секіргені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады (видео)

Published

on

By

Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып кеткенін көруге болады. 

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 


“Төбелес, пышақтасу және кісі өлімі”: Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бұған дейін не үшін сотталғаны анықталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Published

on

By

Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 


Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторында орналастырылған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!