Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында 257 млн теңгеге жөнделген бөгет тағы да бұзылды

Published

on

By

Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Бұл бөгет бюджеттің 257 миллион теңге қаржысына былтыр ғана жөндеуден өткен. Бөгет көпірі бұл жолы жаңбыр суына шыдас бермепті. 

Алға ауданындағы “Көсем” деп аталатын бұл бөгетке Тамды өзені келіп тіреледі. Шағын су қойманың сыйымдылығы 80 мың текше метрге жуық. Көктемде тасқынның арыны қатты болып, жөнделген Көсем бөгетін екі жерден бұзып кеткен. Одан соң кепіл мерзімі бітпегендіктен, мердігер бұзылған жерді бітеп, қайта жөнеуге міндеттелді. Бірақ құрылысты созып жүріп алған. Ал осы жолы бөгетке салынған уақытша көпір жаңбырға шыдас бермей су шайып кетті. Жергілікті билік енді мердігер компаниядан өз ақшасына бар жұмысты бітіруін талап етіп отыр. Талап орындалмаса, іс сотқа жіберілмек.


“Болат Назарбаевтың қызына қатысы бар”: Алматыда құны 22 млрд теңге бөгетті апатты жағдайда пайдалануға бермек болған READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Кешегі соңғы 3-4 күн жауында судан сол салынған уақытқа топырақпен салынған жолы бұзылып жатыр. Қазір енді мердігер өзі қайта қалпына келтіреді. Біздер талап қойдық. Мердігер қаражатына қайтадан қалпына келтіру бойынша бүгінде бірінші участігінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бетонды жұмыс аяқталып қалды. Осы жұмысты әрі қарай баяу болса, сотқа береміз деп талап қойдық”, – дейді Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Бекболат Нұрашев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан су бөгеттері мен жол салу үшін Ислам даму банкінен 2 млрд доллар алатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастаған

Published

on

By

Қытайда емтиханнан өте алмай қалған жас жігіт оқу орнында адамдарды пышақтап тастады. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті алдынан кезіккен адамдарды пышақтап, соның салдарынан сегіз адам көз жұмған. Тағы 17 адамның жарақат алғаны белгілі болды.

Сұмдық жағдай Цзянсу провинциясында болған. 21 жастағы студент соңғы сабақ кезінде студенттерге пышақпен шабуыл жасаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ұстаздар да болуы мүмкін. Қытайдың қауіпсіздік бюросы қаза тапқандардың жеке басын әзірге жариялаған жоқ.

Қолын қанға бояған жігіт мұндай қадамға кек алу мақсатында баруы мүмкін. Өйткені биыл колледжді бітіруі тиіс түлек емтиханнан да, тағлымдамадан да өтпей қалған екен. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, тергеу амалдары басталып кетті.

Еске салсақ, осыған дейін Екатеринбургте аурухана өртеніп, адамдар терезеден секіргені туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады (видео)

Published

on

By

Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып кеткенін көруге болады. 

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 


“Төбелес, пышақтасу және кісі өлімі”: Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бұған дейін не үшін сотталғаны анықталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Published

on

By

Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 


Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторында орналастырылған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!