Connect with us

IN-THE-NEWS

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары қаламақыларын айтып, нені талап ететіндерін жасырмады

Published

on

By

“Қазақтың тойы бітпесін” деп ұрандататын шоу-бизнес жұлдыздары бір тойдан қанша теңге табатынын жасырмады. Stan.kz тілшісі отандық той-бизнестің танымал өкілдері мен белгілі блогерлерге хабарласып, тойдағы қызметтерінің құны сұрады.

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының сөзіне сенсек, егер әншілер тойыңыздың көркін қыздыруды қаласаңыз, миллион теңгеден астам қаражат жұмсауға дайын болыңыз. Одан бөлек басқа да шығындарын той иесі төлейтінін ескертеміз. 

Алдымен қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасоваға хабарласып көрдік.  Өнер иесінің көмекшісі бәрін бүкпесіз баяндап берді. 

                                “Бес жұлдызды қонақ үйге ғана түседі” 

“Қай қалаға болса да – 1 миллион 500 мың теңге. Барып-келу ұшақ билеті, жатын-орны бұл суммаға кірмейді. Тағы да бөлек екі билет аласыз. Бірі бизнес кластан болуы міндетті. Көмекшісіне эконом класс бола береді. Мадина міндетті түрде бес жұлдызды қонақ үйге түседі. Ол жақта жеке бір нөмер брондалуы керек. Көмекшісіне жеке бөлме керек. Одан кейін әуежайдан күтіп алу мен шығарып салуға жоғары санаттағы кез келген көлік бола береді. Бір тойда 6-7 ән айтылады. Екіге бөліп айтуға болады. Егер халық тағы да сұрап жатса, тағы да ән айтады. Басқа талабымыз жоқ. Косметика, макияж бәрін өзіміз жасатамыз. Тойға дайын болып барамыз”, – дейді әншінің көмекшісі.  

 


                                      “Air Astana ұшағына ғана мінеміз”

Көп концертке қатыса бермейтін алайда “табыс көзімнің дені тойдан түседі” дейтін Қайрат Түнтеков те бір тойға миллион теңгенің айналасында шығады екен. 

“Бір тойға шығуы – 1 миллион 200 мың теңге. Тойда 8-9 ән айтады. Жол шығыны бөлек есептеледі. Қайрат Шымкент қаласында тұратындықтан, осы қаладан ұшамыз. Air Astana ұшағына ғана мінеміз. Біз үшін ең сенімді әуе компаниясы деп айтсақ болады. Тойға тапсырыс алып қойғанда басқа оқыс оқиғаларға тап болғанбыз. Ұшақ ұшпай қалып, тойдан кешігіп қалғанбыз. Сондықтан сенімді ұшаққа міну өте маңызды”, – деді әншінің арт директоры. 

 


Талай тойдың сәнін келтірген хитмен Нұрболат Абдуллин де той-бизнестегі ең қымбат гонорар сұрайтын әншілердің көшін бастап тұр. Өнер иесіне 3 миллион 500 мың теңге төлесеңіз тойыңызды әнімен әрлеуге дайын. 

“Бір тойдың гонорары – 7000 мың доллар. 8 ән кіреді. Осы суммаға өзіміз билет алып, қонақ үй таңдаймыз. Тек той иелері қолымызға келіскен сумманы берсе болды. Әнді екі бөліп айтады. Егер мейрамхана ішіндегі демалатын орны жайлы ыңғайлы болса, антрактіден кейін тағы да шығады. Немесе 8 әнді бір уақытта орындап та кетеді”, – деді командасының мүшесі. 

  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Жігіттер” тобының экс мүшесі Еркін Нұржановтың қаламақысы қарапайым болғанымен, Шымкенттен өзге өңірлерге қымбат екенін жасырмады.  

“Еліміздің басқа өңірлеріндегі тойларға 1 миллион теңгеге шығады. Шымкент қаласына – 400 мың теңге. Бекітілген бағасына қарай бір рет қана шығады. Ал басқа қалаларға екі рет шығып, өнер көрсетеді”, – дейді әншінің көмекшісі. 

 


Одан кейін Ернар Айдардың репертуарындағы әндердің басым көпшілігі тойға арналғаны жасырын емес. Өнер иесіне екі миллион теңге төлесеңіз командасымен бірге келіп, той көркін қыздырып кетеді. 

“Ернардың қаламақысы 2 миллион 800 мыңнан басталатын. Қазір бағаны түсірдік. 2 миллион теңгеге тойға тапсырыс аламыз. Ұшақ, жатын-орын, көлік бәрі осы ақшаға кіреді. Әншінің командасында үш адам бар. 8 ән айтады. Екі бөлімге де қатысады. Өзіміз аппаратурасын реттеп, техникалық жағын қадағалаймыз”, – деп жауап катты әншінің көмекшісі. 

 


Сондай-ақ, отандық шоу-бизнес жұлдыздарынан бөлек блогерлер де ән айтып, тойды табыс көзіне айналдырған. Солардың бірі Анара Батырхан “көп қаламақы сұрамаймын, көлік те таңдамаймын” деп қарапайымдылығымен таңғалдырды. 

                        “Жигулимен күтіп алса да көңіліміз баяғыдай”

“Басқа әншілер секілді райдеріміз жоқ. Бәрін Анараның көмекші қыздары жасайды. Макияж жасайтын қыздарды да өзіміз шақырамыз. Қызмет құнын өзіміз төлейміз. Алматыда тұратындықтан 300-400 мың теңгеге шығамыз. Басқа қалаларға – 1 миллион теңге. Ең қызығы, шақырған тойға билетті өзіміз аламыз. Тек гонорар ғана берсе болды. Қонақ үйді де өзіміз табамыз. Әуежайдан қонақ үйге дейін таксимен барамыз. Той иесін күтіп алсын деген талап жоқ. Такси шақырып, мейрамханаға барамыз. Кейде той иелері күтіп алып жатады. С-класс маркалы көлік деп айтпаймыз. Жигулимен күтіп алса да көңіліміз баяғыдай. Анараны көп адам осындай қарапайымдылығы үшін сыйлайды. Гонорарын төлеп отырған той иелерін көп әурелегіміз келмейді”, – деп ағынан жарылды әншінің көмекшісі. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Квазимемлекеттік компаниялар валюталық кірістің жартысын сатуға міндеттеледі

Published

on

By

Қазақстанда доллар бағамының көтерілуіне орай Ұлттық банк квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50 пайызын сатуды қайта бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, теңгенің әлсіреуіне сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуі себеп болды.



“Сыртқы сектордағы жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл жоғары құбылмалылық пен жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуымен байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, 106,2 тармаққа дейін жетті. ЕМ (дамушы нарық) валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді”, – деді Молдабекова.

Сондай-ақ ол мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отырғанын жеткізді. 

“Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі күтілуіне байланысты. Соның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді”, – деді Молдабекова.

Молдабекованың айтуынша, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шетел валютасына сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, оның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты. Сондай-ақ оған бюджет шығыстарының артуы мен квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға шығындарының ұлғаюы себеп болып отыр. Осы фактордың барлығы жиынтығында импорттың өсуіне, сәйкесінше, шетел валютасына сұраныстың артуына ықпал етеді”, – дейді ол.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің бұзылуы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың қымбаттауына және жалпы инфляциялық қысымның артуына алып келеді дейді. 

“Валюта нарығындағы тепе-теңдікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы мен ұлттық Банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады”, – деді Молдабекова.

Бұған дейін бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған. Алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. 

Еске салайық, Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда 499,28 теңгеге жеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сауда министрі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы шыққандар туралы пікір білдірді

Published

on

By

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің қарсыластарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Министрдің айтуынша, бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді.

“Арнайы білімі жоқтар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттілігі үшін дауласып, жеке гипотезалар мен болжамдар жасайды. Сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдарлар әкелетінін түсінбейді. Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтаған жоқ”, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.



Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

“Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол қараңғыда сабақтан қайтатын оқушылардың жағдайына пікір білдірді.

“Төрт баланың әкесі ретінде мен балаларымды өзім алып кетемін. Екінші ауысым 19:05-те аяқталады. Былтыр да ондай уақытта қараңғы болатын. Өткен жылы да, биыл да кесте өзгерген жоқ. Балаларды алып кетіп жүргендіктен, оны білемін”, – деді сауда министрі.

Шенеунік балаларының таңертең еш қиындықсыз тұратынын айтты.

“Көптеген ата-аналар мына жақсы жайтты атап өтеді. Уақыт ауысқалы балалардың ұйқысы қанады. Біз оларға таңғы уақытты бердік, көбірек ұйықтауға және жарық болған кезде мектепке баруға мүмкіндік бердік. Жақсы жағын да байқау керек”, – деді ол.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Болат Әбділманов отандық киноны сынап тастады

Published

on

By

Танымал актер Болат Әбділманов отандық “Жезтырнақ” атты кинотуындыны сынап, өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bolat.abdilmanov/

Киножұлдыз аталған фильмнің сюжетін сынап, ер адамдарды әйелдің айтқанынан шыға алмайтын жан ретінде көрсеткеніне ашуланды. 

“Жақында кинотеатрдан “Жезтырнақ” деген фильм көрдім. Киноның жетістіктері, жалпы тартымдылығы кәсіби деңгейде. Оған дау жоқ. Актерлердің ойыны, кадрдан кадрға ауысуы, бүкіл бет-пішін, көзқарасы бәрі өз орнында. Актерлік ансамбль бар. Актерлер де өз рөлдеріне сай келіп тұр. Халықты сендіріп ойнады. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалпы фильмнің мазмұны, идеясында ойланатын дүние бар. Бұл кинода әйелдер бәрін қырып салады, еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес, телпек, жігіт емес, мілік. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды, әйелдің өзінің барлық физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі. 



Әбділманов бүгінде әйелдер мен ер адамдардың орны ауысып бара жатқанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әйелдің қаруы оның күші ме? Әйелдің қаруы – жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, сабырлығы, ақылдылығында емес пе?! Әйел затының көз жасының алдында ерімейтін қара тас жоқ. Кез келген еркек әйелдің алдында оның әлсіздігін көргендіктен оны құрметтейді, қадірлейді. Ал енді қазір әйел мен еркектің орны ауысып бара жатқан секілді. Отбасында әйелдің басшы болуы, ертең мемлекетті де әйел басқарады дегенге әкеліп тұр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар. Осы жерді қорғайтын баланы рухты, намысты, мінезді ұрпақ қылып қалай тәрбиелейміз?!”, – деп ойын бөлісті актер. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!