Connect with us

IN-THE-NEWS

“Қазпошта” үстіне шатыр құлаған әйелге 18,5 миллион теңге төлейтін болды

Published

on

By

Жамбыл облысында “Қазпошта” АҚ ғимаратының шатыры құлап, мүгедек болып қалған әйелге компания 18,5 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kazpost

Сот мәліметінше, 2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданы Аса ауылында қатты жел “Қазпошта” АҚ филиалы ғимаратының шатырын жұлып әкетіп, әйелдің үстіне құлаған. Зардап шегуші шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Әйел ауыр жарақат салдарынан 1 топтағы мүгедек болып қалған.

Фото: Видеодан скрин

Акционерлік қоғамның Жамбылдағы филиалы жәбірленушінің қызының өтінішіне жауап беріп, оған 7 миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен. Дегенмен бұл қаржы шетелде емделуге және оңалтуға кеткен шығындарды өтей алмаған.

Сондықтан жәбірленуші денсаулыққа келтірілген зиян мен моральдық зиянды өтеуді сұрап сотқа жүгінген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сотта компания өкілі 2021-2022 жылы құлаған шатырға жөндеу жүргізілгенімен, оны нақты кімнің жүргізгенін дәлелдей алмады, сондықтан “Қазпоштаның” өзі айыпты ретінде танылды.

“Сот акционерлік қауымдастық объектінің қауіпсіздігі мен пайдалануының тиісті деңгейін қамтамасыз етпеді деген қорытындыға келді, себебі компания ғимаратты күтіп ұстауға және шатырдың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға жауапты”, – делінген хабарламада. 

Осыған байланысты сот шешімімен “Қазпошта” зардап шеккен әйелге 18,5 миллион теңге шығын өтеуі тиіс. Оның 8,5 миллион теңгесі материалдық, 10 миллион теңгесі моральдық зиян ретінде танылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Сауда министрі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы шыққандар туралы пікір білдірді

Published

on

By

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің қарсыластарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Министрдің айтуынша, бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді.

“Арнайы білімі жоқтар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттілігі үшін дауласып, жеке гипотезалар мен болжамдар жасайды. Сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдарлар әкелетінін түсінбейді. Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтаған жоқ”, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.



Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

“Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол қараңғыда сабақтан қайтатын оқушылардың жағдайына пікір білдірді.

“Төрт баланың әкесі ретінде мен балаларымды өзім алып кетемін. Екінші ауысым 19:05-те аяқталады. Былтыр да ондай уақытта қараңғы болатын. Өткен жылы да, биыл да кесте өзгерген жоқ. Балаларды алып кетіп жүргендіктен, оны білемін”, – деді сауда министрі.

Шенеунік балаларының таңертең еш қиындықсыз тұратынын айтты.

“Көптеген ата-аналар мына жақсы жайтты атап өтеді. Уақыт ауысқалы балалардың ұйқысы қанады. Біз оларға таңғы уақытты бердік, көбірек ұйықтауға және жарық болған кезде мектепке баруға мүмкіндік бердік. Жақсы жағын да байқау керек”, – деді ол.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Болат Әбділманов отандық киноны сынап тастады

Published

on

By

Танымал актер Болат Әбділманов отандық “Жезтырнақ” атты кинотуындыны сынап, өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bolat.abdilmanov/

Киножұлдыз аталған фильмнің сюжетін сынап, ер адамдарды әйелдің айтқанынан шыға алмайтын жан ретінде көрсеткеніне ашуланды. 

“Жақында кинотеатрдан “Жезтырнақ” деген фильм көрдім. Киноның жетістіктері, жалпы тартымдылығы кәсіби деңгейде. Оған дау жоқ. Актерлердің ойыны, кадрдан кадрға ауысуы, бүкіл бет-пішін, көзқарасы бәрі өз орнында. Актерлік ансамбль бар. Актерлер де өз рөлдеріне сай келіп тұр. Халықты сендіріп ойнады. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалпы фильмнің мазмұны, идеясында ойланатын дүние бар. Бұл кинода әйелдер бәрін қырып салады, еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес, телпек, жігіт емес, мілік. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды, әйелдің өзінің барлық физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі. 



Әбділманов бүгінде әйелдер мен ер адамдардың орны ауысып бара жатқанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әйелдің қаруы оның күші ме? Әйелдің қаруы – жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, сабырлығы, ақылдылығында емес пе?! Әйел затының көз жасының алдында ерімейтін қара тас жоқ. Кез келген еркек әйелдің алдында оның әлсіздігін көргендіктен оны құрметтейді, қадірлейді. Ал енді қазір әйел мен еркектің орны ауысып бара жатқан секілді. Отбасында әйелдің басшы болуы, ертең мемлекетті де әйел басқарады дегенге әкеліп тұр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар. Осы жерді қорғайтын баланы рухты, намысты, мінезді ұрпақ қылып қалай тәрбиелейміз?!”, – деп ойын бөлісті актер. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Майра Мұхамедқызы 20 жыл сәби күткенін жасырмады

Published

on

By

ҚР халық әртісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/mairaopera/

Опера әншісі журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. 

“Жолдасым өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған “өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын” дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. “Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар” деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім”, – деді опера әншсі.



Сондай-ақ өнер иесі қызына қандай тәрбие беріп жатқанын да айтып өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қызымды ешқашанда тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген емеспін. Бәрін өзі бетінше істеп келе жатыр. Көрген жұрт қызымның ақылды екенін айтып, анасының тәрбиесі деп ойлайды екен. Керісінше, мен қызымнан көп дүниені үйреніп жүрмін. Ол біздің қаншама қиын сәттерден өткенімізді біледі. Кейде мен жұрттың балаларымен салыстырып қаламын. Сондай кезде ренжиді. Математик болғанын қалаймын, бірақ өзі өнерге жақын”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, жақында Майра Мұхамедқызы “Халық әртісі” атағын алып еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!