Connect with us

IN-THE-NEWS

"Сөмке емес, сауап жина": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына ашуланды

Published

on

By

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/ 

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Кезекті оқырманы жолдаған сауал-өтініш оның ашуына тиді. Желі қолданушысы әншіге “Сөмке емес, сауап жинасаңызшы. Маған көмектесіңіз” деп жазған.

“Құдай-ау, осылардың өмір сүруі маған міндет екен. Жазып отырған – ер адам. Менен сұрағанша тұрыңыз да, жұмыс жасаңыз. Әлеуметтік желіде неғып отырсыз? Ер адамның екі қолына жұмыс табылады. Сосын менің сауабымның қанша екенін қайдан біліп отырсыз? Сауабым сөмкемнен млн есе көп шығар?! Оны білуші – тек Алла. Дүниемен шектелмей, кеңірек ойланып үйренейік. Түсінген адамға баршылық та, жоқшылық та сынақ қой бұл өмірде”, – деп жауап берді өнер иесі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Үйіме келіп, жылап отыратын”: Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

“Таппағанымды шетелден алдырдым”: Ерке Есмахан күйеуінің берген сыйлықтарын көрсетті

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен татуласқан кезін есіне алды

Published

on

By

Белгілі продюсер, медиаменеджер Жан Мұқанов экс-жобасы, әнші Төреғали Төреәлімен даулы жанжалдан кейін кай кезде жолыққанын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos76185951

Шоу-бизнес өкілінің сөзінше, әншімен ат құйрығын кесісіп, араласпай кеткен. 

“Араға үш жыл салып, Шымкентте көрісеміз. Ол кезде Шымкентке көшіп кеткенмін. Кеңсемде отырдым. Екеуміздің ортақ танысымыз бар. Ол кісі де танымал той-мереке ұйымдастырушысы. Ол менен бір әртіске өнер көрсетуге домбырамды бере тұруын сұрайды. Менің домбыралар коллекциям бар. Артық ойсыз, өтінішін қабыл алдым. Домбырамды бердім. Өзі келіп, алып кетті. Бірақ бірнеше сағаттан соң маған хабарласып, “Сен ренжімейсің деп ойлаймын. Бұл домбыраны мен Төреғалиге бердім” дейді. Мен ренжіген жоқпын. Ол кезде мен бәрін ұмытып, ренішім басылған”, – деп әңгімесін бастады продсюер.



Айтуынша, әнші экс-продюсерімен өзі жолығуды қалап, кешірім сұрағысы келген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сөйтіп үш жылдан кейін кездестік. Мен оған шапалақ берем деп ойладым. Ол да мені ұратын шығар деп ойлағанын айтты. “Сіз мені ұрсаңыз да, мен соған лайық едім” деді. Соңында құшақтасып, жыладық. Шынымды айтсам, мен оны қатты жақсы көрдім, жақсы көремін де. Мен продюсерлік еткен жұлдыздардың арасында Төреғали бірегейі еді. Мен бұл жобамды мақтан тұтамын. Біз тарих жасадық. Аз уақыт ішінде 10, 20, 30 мыңдық стадиондарды жинау кез келген әртістің қолынан келе бермейді”, – деді Жан Мұқанов.

Еске салайық, “Өте нашар қоштастық” деп Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен араласпай кеткенін мойындаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Квазимемлекеттік компаниялар валюталық кірістің жартысын сатуға міндеттеледі

Published

on

By

Қазақстанда доллар бағамының көтерілуіне орай Ұлттық банк квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50 пайызын сатуды қайта бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, теңгенің әлсіреуіне сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуі себеп болды.



“Сыртқы сектордағы жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл жоғары құбылмалылық пен жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуымен байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, 106,2 тармаққа дейін жетті. ЕМ (дамушы нарық) валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді”, – деді Молдабекова.

Сондай-ақ ол мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отырғанын жеткізді. 

“Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі күтілуіне байланысты. Соның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді”, – деді Молдабекова.

Молдабекованың айтуынша, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шетел валютасына сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, оның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты. Сондай-ақ оған бюджет шығыстарының артуы мен квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға шығындарының ұлғаюы себеп болып отыр. Осы фактордың барлығы жиынтығында импорттың өсуіне, сәйкесінше, шетел валютасына сұраныстың артуына ықпал етеді”, – дейді ол.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің бұзылуы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың қымбаттауына және жалпы инфляциялық қысымның артуына алып келеді дейді. 

“Валюта нарығындағы тепе-теңдікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы мен ұлттық Банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады”, – деді Молдабекова.

Бұған дейін бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған. Алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. 

Еске салайық, Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда 499,28 теңгеге жеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сауда министрі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы шыққандар туралы пікір білдірді

Published

on

By

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуінің қарсыластарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Министрдің айтуынша, бұл тұлғалардың арнайы білімі жоқ және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарын түсінбейді.

“Арнайы білімі жоқтар әлеуметтік желілерде өздерінің күнделікті қажеттілігі үшін дауласып, жеке гипотезалар мен болжамдар жасайды. Сонымен бірге азаматтардың экономикасы мен денсаулығына ұзақ мерзімді келеңсіз салдарлар әкелетінін түсінбейді. Өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобы денсаулық пен экономикаға теріс әсер ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтаған жоқ”, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.



Министрдің айтуынша, өтінішті қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделу үшін жағдай жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

“Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді министр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ол қараңғыда сабақтан қайтатын оқушылардың жағдайына пікір білдірді.

“Төрт баланың әкесі ретінде мен балаларымды өзім алып кетемін. Екінші ауысым 19:05-те аяқталады. Былтыр да ондай уақытта қараңғы болатын. Өткен жылы да, биыл да кесте өзгерген жоқ. Балаларды алып кетіп жүргендіктен, оны білемін”, – деді сауда министрі.

Шенеунік балаларының таңертең еш қиындықсыз тұратынын айтты.

“Көптеген ата-аналар мына жақсы жайтты атап өтеді. Уақыт ауысқалы балалардың ұйқысы қанады. Біз оларға таңғы уақытты бердік, көбірек ұйықтауға және жарық болған кезде мектепке баруға мүмкіндік бердік. Жақсы жағын да байқау керек”, – деді ол.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!