Connect with us

IN-THE-NEWS

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады

Published

on

By

Алматының Алмалы аудандық сотында маусым айында адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты ашық сот отырысы өтті. Жол апатының салдарынан 25 жолаушы зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Бүгін сот отырысы кезінде прокурор айыптау актісін оқыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz/Алматы полиция департаменті

Сотталушы Анель Сартаева қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес айып тағылды. Айыпталушы бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мемлекеттік айыптауға сәйкес, 2024 жылғы 26 маусымда “Kia Sportage” көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, сағат 13:55-те Мақатаев көшесінің қиылысына келіп тоқтаған. Жол қозғалысы ережелерінің 13.101 тармағына сәйкес, бірдей емес жолдардың қиылысында қосалқы жолмен келе жатқан жүргізуші негізгі жолмен келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті. Ал “Kia Sportage” көлігінің жүргізушісі 2.4 “Жол бер” жол белгісін елемей, Мақатаев көшесіне шығып кетіп автобуспен соқтығысқан.

“Соқтығыс салдарынан автобус бағдаршамға соғылып, тротуарға шығып кеткен. Сөйтіп дүкенге соғылған. Апат салдарынан автобустағы жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ прокурор сотталушының жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне себеп болғаны атап өтті. Осылайша, айыпталушының әрекеті қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланды.

Бұл ретте сотталушы сол күні үйіне қарай бағыт алғанын айтады. Ол төрт айлық қызын тамақтандыру үшін жұмыстан үйіне қара бара жатқан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сол жаққа қарап, барлық көліктердің өтіп кеткенін күттім. Масанчи көшесінде бағдаршам болмағандықтан, орнымнан қозғала бастадым. Соқтығысқанымды сездім. Қауіпсіздік жастығы іске қосылып, бір сәтке есімнен танып қалдым. Оянған сәтте автобусты көрдім. Бірден автобусқа бару үшін көліктен түспек болдым, сөйтсем есік кілттеніп, шыға алмай қалдым. Кейін есікті итеріп шыққанда адамдар бірден маған қарай жүгірді. Шок күйде болдым, бірақ бірден автобусқа беттедім. Жедел жәрдем шақырып соңына дейін сонда болдым”, – дейді айыпталушы. 

Сараптама нәтижесі көрсеткендей, жеңіл көлік жүргізушісі сағатына 20 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Сондай-ақ сотталушының 9 жыл көлік жүргізу тәжірибесі бары және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны ескерілді.

Анель Сартаева сотта өз кәнісін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін айтты. Ол жол апатынан зардап шеккендерден көпшілік алдында кешірім сұрады. Сонымен қатар Анель Сартаеваның адвокаты 

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушының туыстары барлық жәбірленушілермен кездесіп, келтірілген шығынды толығымен өтеді. Жол апатынан қаза тапқан жолаушының жақындары кешірімді қабылдап, материалдық шығынды алудан бас тартты”, – деді сотталушының адвокаты.

Еске салайық, апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі Kia кроссоверінің келіп соқтығысқанын жеткізді. Оқиға кезінде жүргізуші баяулауға тырысқанымен, рөлді басқара алмай тротуардағы стендке соқтығысқан. Көлік оқиға орнынан эвакуацияланды. Автобус апатына қатысы бар күдікті продюсер Анель Сартаева екі айға қамауға алынып, 2 шілде күні сот үкімнің күшін жойылып, үйқамаққа жіберілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

Published

on

By

Украина Ресейге америкалық ATACMS алыс қашықтықтағы зымыранымен соққы берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bereg-angary.ru

Басылым мәліметінше, әскерилер Брянск облысындағы оқ-дәрі қоймасына соққы берген.



“Шынында, ATACMS Ресей аумағына шабуыл жасау үшін алғаш рет қолданылды. Ереуіл Брянск облысындағы нысанға жасалып, сәтті соққы берілді”, – делінген басылымда. 

Түнде аймақта зымыран қаупі төніп, тұрғындар шабуыл туралы хабарламаларды әлеуметтік желіде таратқан. Видеодан өрттің жарқылын көріп, соққыдан кейін жарылған снарядтардың дыбысын естуге болады. 

Astra Telegram-арнасының хабарлауынша, облыс губернаторы Александр Богомаз зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Брянск облысына жасалған шабуылдар туралы бұған дейін хабарлаған. Алайда, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар қолданылғанын айтпады. 

“19 қарашаға қараған түні Украина Қарулы Күштерінің бөлімшелері қорғаныс күштерінің басқа құрамдас бөліктерімен бірлесіп Брянск, Карачев қаласындағы логистикалық орталықтың 1046 арсеналына оқ жаудырды”, – делінген хабарламада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, 18 қарашада Джо Байден Киевке америкалық ATACMS зымырандарын Ресейге соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бергенін хабарлаған еді. Артынша Франция мен Ұлыбритания да Украинаға Ресей федерациясына қарсы Storm Shadow және SCALP зымырандарын атуға рұқсат бергенін жазған. Бұл ақпарат кейін басылымнан алынып тасталған. 

Вашингтон ATACMS зымыраны соққыларына рұқсат бергенін растаған жоқ.

Франция Сыртқы істер министрлігі де мәлімдемесін жоққа шығарды. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрі ақпаратты түсіндіруден бас тартты.

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге шабуыл жасаса, алдын ала ескертпейтінін айтты. 

Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель АҚШ-тың рұқсат бергені туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, Байден әкімшілігі өзінің қаруын Ресей территориясында 300 шақырымға дейін пайдалануға рұқсат берді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Канада өтетін әлем кубогінде сынға түсетін семсершілер анықталды

Published

on

By

Қазақстандық семсершілер Канадада өтетін Әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетеді.  Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Канада өтетін Әлем кубогінің кезеңіне қатысады. Жарыс 21-24 қараша аралығында Ванкувер қаласында жалауын көтереді. Құраманың намысын келесі спортшылар қорғайды.

1. Руслан Құрбанов,

2. Эльмир Әлімжанов,

3. Вадим Шарлаимов, READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

4. Ерлік Сертай,

5. Кирилл Павлов.

Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар командалық жарыста жетінші орынды иеленген еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды

Published

on

By

Ақтауда 1 жасар бала ваннаға шомылу кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған. 

Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Өлімнің себептері әлі белгісіз.

“29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған”, – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Еске салсақ, осыған дейін Астанадағы мектептердің бірінде мейіргер 8 жасар оқушыға 8 дана антибиотикті қинап ішкізгенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!